Ашу-дұшпан, ақыл-дос


Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ленин кенті
«Павлодар қаласы №33 жалпы орта білім беру мектебі»ММ
биология және өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімі
Қожакеева Гүлназ Әбубәкірқызы

Тақырып: «Ашу-дұшпан, ақыл-дос»
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттері: ақылдылық, ұстамдылық, сабырлылық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақыл мен ашудың айырмашылығын түсіндіре отырып , ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Өзін-өзі тәрбиелеуге баули отырып , шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылыққа үйрету.
Дамытушылық: Жағымды қарым-қатынас жасай отырып, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ашуды ақылға жеңе білуге, ұстамды, сабырлы болуға тәрбиелеу. Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып,оларды түгендеу.
5 оқу құралдарын дайындату.
5Т ережесі «Тәртіп», «талап», «тыныштық», «тазалық», «татулық»
Балалар , тәртіпті сақтап, оқып-білуге талаптанайық. Тыныштықты орнатып , татулығымызды жалғастырайық. Сонымен бірге тазалықты да естен шығармайық.
Тыныштық сәтi. Орманға ойша саяхат

Баяу әуен
«Су асты патшалығына ойша саяхат».
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі
жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Рахмет.
-Балалар , қандай сезімде болдыңдар?
Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

5 мин
2.Үй тапсырмасын тексеру.
54-беттегі Ж.Дәуренбековтың «Сурет» әңгңмесін оқып келу.
— Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?
-Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?
— Оның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
— Өздеріңде осыған ұқсас жағдайлар кездесті ме?

Балалар , осы мәтінен ойға түйеріміз ұстамдылық танытып, ақылмен бар мәселені шешуге үйрене білейік.

6 мин
3.Дәйексөз.
«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»
М. Әуезов
— М.Әуезов деген кім?
— Дәйесөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
— Ашуды жеңудің ең тиімді жолы не деп ойлайсыңдар?
— Ақыл деген сөзді қалай түсінесіңдер?
— Сабырлы болудың адам өміріндегі маңызы қандай?
— Істі сабырлықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, дәптерге жазады.
Жаттату:
— 3 рет қайталату;
— қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату;
— 2-3 баладан сұрау.
Қорытынды:

6 мин
4. Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
Жан жарасы жазылмайды. (Аңыз)
Ертеде бір қарияның, ашушаң, ұстамсыз ұлы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
— Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде суырып аласың,- дейді.
Бала бірінші күні — ақ бағанға оншақты шеге қағылғанын байқап, өзін — өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қаққаннан гөрі ашуын басқанның жеңіл екенін түсінді.
Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі бағанға жетелеп әкеліп:
— Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, сабырлы бол балам,- дейді.
Сұрақтар:
— Қария өз ұлына неліктен бір қапшық шегені берді?
— Бала қарияның сөзінен соң өзін ұстауға тырысты ма?
— Ашуыңды ақылға жеңгізе біл деген сөзді қалай түсінесіңдер?
— Ашуды ақылға жеңгізіп, сабырлы , ұстамды болғанда ішкі тыныштығымыз орнайды ма?
— Қандай қасиеттер бізді ақылға жүгіндіреді?
-Ашуын ақылға жеңдіре білген адам қандай да болсын қиындықтарды жеңіп, өзіне ұнаған істермен шұғылданады. Ол үшін ақылдылық, ұстамдылық, шыдамдылық қасиеттері керек.

10 мин
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлемін.
1-топ . «Ашу-дұшпан, ақыл – дос» мақалының мәнін ашу.
2-топ. «Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің?» сахналап көрсету.
3-топ. Оқулықтағы Н.Носовтың « Сырғанақ» әңгімесін оқып, өз ойларымен жалғастыру.
12 мин
6.Топпен ән айту.
Ертегілер әлемі Әйгерім Қалаубаева
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы – көркем
Әдемі еді неткен!
Құстары сөйлейді,
Бұлттар тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер…

Гүлдерден, бұлттардан,
Әр гүлде бір арман.
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.

Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер?!
Әлемдеріңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер, сендер…

4 мин
7. Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 58-бетіндегі В.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» әңгімесін оқып келу. 2 мин
Соңғы тыныштық сәтi.

Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл — күйін естеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен сабырлымын, ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңдар.
Рахмет!

Кожакеева сж2 ++.doc

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s