Құстар біздің досымыз


Хромтау ауданы Ақжар орта мектебі
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Абиева Гүлшат Айазқызы

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.
Мақсаты: Балаларды құстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу,мейіімділікке баулу және қоршаған ортамызды аялауға үйрету.

Сабақтың барысы:
Шаттық жыры:
Армысың күн !
Армысың мектебім!
Армысыз апайым!
Армысың балалар!
Жаңа сабақ:
Тәрбиеші: Балаларға құстар туралы жұмбақтар жасырады.
1.Екі айыр құйрығы
Ұшқырлардың жүйрігі (Қарлығаш)
2. Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)
3. Күн шықпай сап аттанды,
Қуырады апшыны.
Шырт ұйқыда жатқанды,
Оятады ащы үнi. (Қораз)
Ой жарайсындар балалар !
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Құстар біздін досымыз» Тәрбиеші:Балалар мен сендерге сұрақ қоям соған жауап берулерің керек.Кім дұрыс жауап береді сол бала мыныдай құстардың суретін алып талға ілетін болады.
Тәрбиеші: -Сендер қандай құстарды білесіңдер?
-Олар немен қоректенеді?
-Құстар нешеге бөлінеді?
-Құстар қайда мекендейді?
Балалар құстарды талға іледі.
Тосын жағдай:сотқар бала қолында рогаткасы бар құсты атып жүргенін тәрбиеші көріп қалады.Тәрбиеші баланы тоқтатып қолындағы рогаткасын алып алады.Балаға құстарды атуға болмайтынын түсіндіреді.оны да балалар қолдайды. Сотқар бала енді құстарды атпайтындығына уәде береді.
Тәрбиеші: Балаларға тақтада ілулі тұрған әр құстар туралы әңгіме құратады. Балалар: өздерінің білетін құстары жайлы әңгімелеп береді.
Сергіту сәті:құстар болып ұшайық
құстар болып жем жейік
құстар болып су ішіп
құстар болып ұшайық
Дәптермен жұмыс:дәптердегі құстарды бояу.
Қортынды:Балаларға бүгінгі сабақ туралы сұрақтар қою арқылы сабақты қортындылау.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s