Божбанбаева Асылзат


Алматы қаласы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі Божбанбаева Асылзат

Пәннің аты: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Тұсбағар
Мақсаты: 1.Білімділік:Оқушыларға жергілікті жерді тұсбағар және план арқылы бағдарлауды үйрету,көкжиек тұстарының бағыттарын,азимуттарын анықтау тәсілдерін меңгерту.

2.Дамытушылық: Оқушыны жайдан –күрделіге принципті белсенділігін арттыруға,өздігінен білім алуға,сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана білуге және сауалдың тапсырмадағы шешімін тез табуға дағдыландыру,бағдарлау туралы білімдерін одан әрі дамыту.

3.Тәрбиелік: сабақтың білімділік мақсаты негізінде оқушыларға ұлттық,өнеге-тәлімдерін (үлкенді тыңдау, адамгершілік,

ұйымшылдық, тапқырлық) үйрету және табиғат сұлулығын тану,оны аялау,қорғау,туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Тірек білімі: Оқушылардың көкжиек,көкжиек тұстары туралы түсінігі.

Негізгі ұғымдар:бағдарлау, азимут,тұсбағар,

Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сұрақтарға жауап алғаннан кейін үнтаспадан Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы» атты шығармасынан үзінді тыңдатып,оқушыларға проблемалық сұрақ қоямын.

-Үсен көшті табу үшін,жергілікті жердің қандай белгілеріне сүйенді?

Оқушылар жауабы:

1.Малдың жас тезегін тауып алуы;

2.Молалы жерде ел болады;

3.Құс ұшқан жерде көл болады,көлді жерде ел болады.

Жарлы баласы Үсен өмірдегі өзінің тұрған орнын және жүру бағытын осы белгілерге сүйеніп анықтай білген.

Мағынаны тану 1.Ендеше бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын,

бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.

Бағдарлаудың екі түрі бар:

а)белгілі жерді бағдарлау;ә)белгісіз жерді бағдарлау.

Белгілі жерді бағдарлаудың еш қажеттігі жоқ,үйреншікті дағды арқылы жүреміз.Белгісіз жерде жүру,жолды дәлме-дәл табу тұсбағар арқылы жүргізіледі.Ол үшін тұсбағармен азимутты анықтайды.№7-слайд

Солтүстік пен белгілі бір затқа дейін жүретін жол арасындағы бұрыш азимут деп аталады.Азимут арабша ас-сумут –жол деген мағына береді.

Азимут А әрпімен белгіленеді.

Азимутты анықтау үшін тақтаға шеңбер сызылады.№8,9,-слайдтар

Оқушылардан шеңбердің градустық шамасын сұрау.(360°)

Шеңбердің әр бөлігін 90°–тық бұрышқа тең екендігін және берілген азимутты шеңбердің қай бөлігінен іздеу керектігін ұғындырамын да,азимутты өлшеп көрсетемін.Яғни,275ºІV бөліктен,С-Б-тан табу,200 ºІІІ бөліктен,О-Б-тан табуға болады.

Тақтаға азимутты транспортир құралымен сызып көрсетемін.Азимут бағыты үнемі сағат тілінің бағытына сәйкес келеді.

2.Дәптермен жұмыс.Анықтамаларды жаздырту.№10-11-слайд

Бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің

тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.

Тұсбағдар-жүретін жолды дәл анықтайтын құрал.

Азимут (арабша ас-сумут –жол) деп бақылаушы тұрған нүкте мередианының солтүстік басынан діттеген бағытқа дейінгі аралықтағы бұрышты айтады.

Топтарға тұсбағар беріліп,тақтадағы сурет арқылы пайдалану әдісін көрсетемін.Сыныптың солтүстік бағытын анықтап беремін.№12-слайд

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:

Ереже жазылған тапсырмаларды топтарға бөліп беремін.

1-топ.Ережені есіңе сақта!Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді.№13-слайд

Сызба бойынша көкжиек тұстарының азимутын анықта:

Мысалы Аº (СШ)=90º:2=45 º

1. Аº (ОШ)=90º+?….

2. Аº(ОБ) =180 º+?…

3. Аº(СБ) =?-45 º=….

2-топ. Ережені есіңе сақта! Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді.

Транспортирді пайдаланып,суреттегі заттардың бағыттарын және азимуттарын анықта.№14-слайд

3-топ. Ережені есіңе сақта! Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді.

Картада және планда арнайы бағытпен солтүстік көрстілмесе,онда жоғарғы жағы солтүстік,төменгі жағы оңтүстік,оң жағы шығыс,сол жағы батыс.

Қызылорда қаласының планынан біздің мектептің тұрған орнын анықтаңдар. Тұсбағдардың көмегімен мектептен вокзал қай бағытта,қандай азимутта орналасқанын анықта.№15-слайд

ІV.Жаңа сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны.№16-слайд

1.Ортаға 4 оқушы шығады.Ойша бетіңді солтүстікке қарат.Сонда арт жағың…….,сол жағың…..,оң жағың….., балалардың есінде қалғанша жаттығу жасату.

2.Жердің солтүстік полюсінің үстінде бағдар беретін қандай жұлдыз орналасқан?№17-слайд

3.Сырдария өзенінің қай бағытта ағып жатқанын қалай білуге болады?№18-слайд

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер
Мақсаты Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға мәдени өсімдіктердің түрлерімен және оның ерекшеліктерімен танысып, күнделікті өмірде қолданыста екенін түсіндіру
Дамытушылығы: оқушылардың ақыл – ойын, есте сақтау, ойлау, тіл байлықтарын, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, топтық жұмыс, семантикалық карта.Венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақ

Мәдени өсімдіктерге байланысты топқа бөлу

1 -топ Тұқым өсімдіктерің қандай мүшесі?

  1. топ Жеміс өсімдіктерің қандай мүшесі?
  2. топ Құрғақ жемістерге мысал келтіру, олардың тұқымы туралы әңгімеле
  3. топ Шырынды жемістерге мысал келтіру, олардың тұқымы туралы әңгімеле
  4. топ Өсімдіктердің тұқымдары қалай таралады? Мысал келтір

-Балалар өсімдіктердің адам үшін маңызы қандай?

-Адамдар үшін маңызы зор. Өйткені адамдар астық дақылдарды өсімдіктерден алады.

5. Жаңа сабақты меңгерту.

Адамдар ерте кезден өз қажеттілігі үшін жабайы өсімдіктерді қолда өсіріп, мәдени өсімдікке айналдырды. Өсімдіктердің мәдени аталу себебі де сол.Мәдени өсімдіктерден тағамдық, дәрілік, май алуға болатын т.б түрлері бар.Адамдарға ең алдымен астық дақылдары бидай,сұлы, жүгері, тары қажет болады .Мысалы, бидайдан ұн тартып нан тағамдарын пісіреді.

Тағамдық көкөністер өатарынан сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, қияр, пияз, картопты атауға болады.Бұл көкөністердің адам ағзасына пайдалы дәрумендері бар. Күнделікті тағам ретінде қолданады.Май алу үшін қолданатын өсімдіктерге күнбағыс, ас бұршағы, зәйтүн, мақта жатады.

6. Топтастыру (топты корғау )
Мәдени өсімдіктер

Бидай
Жүгері
Күнбағыс

Қызанақ

Сәбіз

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс.

Мұғалім оқуы
Мәтінді азат жолдармен топтарға бөлу.( оқушыларға оқыту.)
Топтық жұмыс.
1 – топ Бидай
2 – топ Жүгері
3 – топ Сәбіз

4- топ Қызанақ
5-топ- Күнбағыс Суретпен жұмыс

11. Семантикалық карта.

Сергіту сәті Видео Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс Ой толғаныс.

12.. Вен диаграммасы арқылы «Мәдени және жабайы» өсімдіктерді салыстыру. Оқушылардан мәдени өсімдіктер жайлы мағлұматты қалай меңгергенін сызба арқылы сұрау.

Семантикалық карта

13. Сабақты қорытындылау.

1. Мәдени өсімдіктерге қандай өсімдіктерге жатады

2.Май алатын өсімдіктерді ата

3. Астық дақылдарынан қандай тағам пісіреді?

4.Өздерің тұрған жерде мәдени өсімдіктердің қандай түрлері өсіріледі?

5. Мәдени өсімдіктердің адамдарға тигізетін қандай пайдасы бар

Мәдени өсімдіктер жайлы, астық дақылдары тағам ретінде қолданады.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, — деп ақын ағаларымыз жырлағандай,
табиғатты, өсімдіктер мен жан – жануарларды қорғап, аялайық.

Үйге тапсырма Мәдени өсімдіктер оқу мазмұндау,суретін салу Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Мәдени өсімдіктерді жазып тәрелкеге (смайлик арқылы) жабыстырады
Сабақтың тақырыбы: Адам өміріне не қажет?

Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?

Мақсаты Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

  • судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
  • Жергілікті жердің су айдындарымен таныстырып,олардың сол аймаққа пайдасын ұғындыру
  • Судың барлық ерекшеліктерін сипаттау:түсін,мөлдірлігін,иісін,тазалығын,жергілікті жерге тигізетін пайдасын(ауыз суға ,мәдени өсімдіктерді суаруға,ішуге жарай ма,жарамайтын болса,неліктен екенін анықтау)
  • Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат- ананы қорғап,аялауға үйрету.

Көрнекілігі:глобус,.карта,тәжірибе столы,пробиркалар,құм,саз,қант,су,ас содасы,кофе,шай,штатив,шыны , май шам.

Нақыл сөздер:

  • Сулы жер -нулы жер
  • Су -тіршіліктің ғана емес,тазалықтың,пәктіктің белгісі.
  • Су- энергияның қайнар көзі,келешектің отыны.
  • «Бір жұтым су бөліспеген адам Алла тағаланың алдында күнәһар»
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

Психологиялық икем оқушылардың көңіл күйлерін жазу,сұрау:

ТАМАША! ЖАҚСЫ! ОРТАША!

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Судың қасиеттерін және жай күйі туралы білімдерін жинақтау,қорытындылау.

-Судың қандай қасиеттерін білеміз?Оны дәлелдеңдер.

Мағынаны тану

-Судың қандай үш жағдайы болады?

Ол бір жағдайдан екінші жағдайға қалай көшеді?

СУДЫҢ ЖАЙ КҮЙІ:

Сұйық БУ Қатты(мұз)

III.Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен ,міндетімен таныстыру.Дәптерге күнді жазу.

Адам өміріне не қажет? Өткен тақырыптан еске түсіру.

ТАМАҚ СУ АУА

АДАМ ӨМІРІНЕ НЕ ҚАЖЕТ?

ЖАРЫҚ ЖЫЛУ

Бүгінгі сабақта біз топпен жұмыс істеп тәжірибе жасаймыз.

1 тапсырма

  1. топқа тапсырма : 2-і топқа тапсырма :

Суға қантты салып Суға тұз салып

қорытынды шығарыңыз қорытынды шығарыңыз

2 тапсырма

Суға ас содасын салып қорытынды шығарыңыз

3 тапсырма

Суға шай салып қорытынды жасаңыз Суға кофе салып қорытынды жасаңыз

Оқушылар қорытындыларын дәптерге жазады:

  • Суға салған нәрселер не істеді?
  • Судың түсі өзгерді ме?
  • Дәмі өзгерді ме?

Қорытынды:Су еріткіш.

4 тапсырма

Сазды суға салу Құмды суға салу

Нәтижесін дәптерге жазу:Су лайланды.Ыдыстың қабырғасынан екінші жағындағы нәрсені көре алмаймыз,себебі саз,құм суға араласқанымен суда еріген жоқ.Суда ауа еріп оған араласады.

Мұғаліммен бірге тәжірибе жасау:

Таза суды шыны бетіне тамызып,астына май шаммен қыздырамыз.Су буға айналып,ұшып кетеді,ал шыны бетінде ақшыл дақ қалады.Бұл не?

Қорытынды:Таза мөлдір судың өзінде еріген заттар бар.Әсіресе ,еріген заттар ащы суларда көп болады.

Қорытынды шығару:

Ерімейтін заттар СУ Еритін заттар

(саз,құм) су буланады (қант,тұз,сода,шай,кофе)

  • Балаларға сұрақ: бидай дәні топырақта өніп,өсу үшін оған қандай жағдай жасауымыз керек? (оқушылар жауабы).Тіршілік судан басталады.

IY.Деректер мен дәйектер:

  • Су бар жерде тіршілік бар,өмір бар,жайқалып өскен бау бақша,сынсыған орман,тоғай,бітік шыққан егін,мыңғыраған мал,алып су электр станциясыбар,сондықтан қазақ «Сулы жер нулы жер»дейді.Ну дегеніміз қалын орман.
  • Су тіршіліктің ғана емес,тазалықтың пәктіктің белгісі.
  • Қазақ халқы суды қадір етумен қатар оны жалпы халыққа,жан жануар дүниесіне ,өсімдік әлеміне тіршілік беруші деп санаған.Су бермеу,судан тарықтыру ең үлкен қылмыс.
  • Мұхаммед пайғамбар құранында: «Бір жұтым су бөліспеген адам Алла тағаланың алдында күнәһар» деп жазған.Сол үшін атазаманнан бері қазақ үйіндегі су,қымыз,айран шалап сияқты сусындар тегін болған.Айдалада жападан жалғыз мал бағып отырған адамның үйіне жолаушы келіп түссе,ең алдымен сусын беріп құрметтеген.
  • егер де біз картаға немесе глобусқа қарасақ жер шарын жан жағынан су қоршағанын қөреміз.Судың көлемі құрлықтан 3есе көп екен.Жер бетін70%су алып жатыр.Мұхит,теңіз сулары өте ащы,сондықтан оны адам,жануарлар және өсімдіктер пайдалана алмайды.

Ал енді адам ағзасына күніне 10 литрдей су керек.Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:

Балалар,су бізге дос қана емес,ол- тілсіз жау.Қыркүйек айында Туркия елінде тоқтамай жауған жаңбырдан қаншама ел зардап шекті –үйлері,машиналары судың астында қалды,елдің малы қырылып,көптеген адам суға кетті.

1981 жылы Үлкен Алматы өзені тасыды-қатты сел салдарынан мал,адамдарға,ауыл шаруашылығына зиян келді.Көптеген көпірлерді,тас жолдарды су шайып кетті.

2005 жылы біздің ауылдағы плотинадағы су тасып көптеген үйлерге,қораларға,көшелерге су кірді,ел судың бетін қайтару үшін көп еңбек етті.

Экологиялық мәселелерге келетін болсақ,қазір біздің елімізде табиғаты таза,экологиялық ахуалы мінсіз аймақты табу бір маяшөптен ине іздегенмен бірдей.Мысалы:Арал теңізінің бұрынғы жалпы ауданы 66 мың шаршы шақырым болса,соның шамамен 23 мың шаршы шақырымында ғана су бар,қалған бөлігі шаң мен тұздың астында қалды.

Облысымызда орналасқан Балқаш көлінің жайы да мәз емес,оның суы тартылып,завод қалдықтары қөлге төгілуі көптеген зардап әкелуде.

Біздің Қарағанды облысымыздағы талай заманнан бері Арқа өңірінің нәрі,көркі болып келген Нұра өзенінің халі де тым аянышты.Ұзындығы 700 шақырым жердегі өзеннің екі жағына қаптай орналасқан шаруашылықтар суын сарып бітіруге қалды.

Біздің ауылымыздың сыртында орналасқан Көктіңкөлі көлі баяғы ашаршылық 1932 жылдары осы маңайдағы қаншама елді балығымен ажалдан алып қалды,ал қазір суы тартылып,балықтары өліп жатыр.

Ал ауылымыздың ішінен өтетін Жаман Сарысу өзені биыл мүлдем құрғап қалды.

YI.Суды қорғау мәселелері.

  • Арық,өзен бойына шөп ,ағаштар егу
  • Суларды қоқыстан тазалау. «Бұлақ көрсең –көзін аш»
  • Завод,фабрикалардан шыққан қалдықтарды суға ағызуға тыйым салу,оларға тазартқыш қондырғылар орнату.
  • «Судың да сурауы бар» -суды үнемдеу (кранды жауып жүру,беталды суды ағызбау)

YII .Суға байланысты ырым –тыйымдар:

  • Суға түкірме
  • Судың бетін ашық қалдырма
  • Түнде суға барма

Суға байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер:

  • Сулы жер –нулы жер
  • Жылап жүріп арық тазаласаң,күліп жүріп су ішесің
  • Бастау суалса-бақыт суалады
  • Ағын су-өмір,тоқтау су-өлім
  • Бұлақ көрсең-көзін аш
  • Құлан- қырға,құндыз –суға

YIII.Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу 76-х=6
Мақсаты Оқушыларды теңдеу туралы және оның түбірі туралы

түсініктерін жетілдіру.

Білімділігі: оқушыларды теңдеудің белгісіз компоненттерін (белгісіз азайтқышты) шеше білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды теңдеудің шешуін жаза білуге және түбірінің дұрыс табылғандығын тексере білуге үйрету. ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды зейінділікке, алғырлыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: оқулық,үлестірмелілер бойынша

Сабатың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап,іздену ,өзіндік

Сабақтың типі: аралас сабақ

Күтілетін нәтиже
Қызығушылықты ояту Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасы Оқушыларды түгендеп, сабаққа назар аудару

Үй тапсырмасын тексеру №7

8+8=16 16-8=8

18+8=26 26-8=18

28+8=36 36-8=28…..

-Жарайсындар!

-Балалар ,біз өткен сабақтарда геометриялық фиураларды өткенбіз.(Есімізге түсіру мақсатында бес оқушыға геометриялық фигура беріледі)

Теңдеу дегеніміз не?

Әрпі бар теңдікті теңдеу дейміз.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Ендеше ,біз белгісіз азайтқышты табуды үйренеміз.Белгісіз азайтқышты табу үшін,азайғыштан айырманың мәнін азайту керек

Теңдікті жаз 5және 3 сандарының айырмасы 2-ге тең. Азайтумен тексер:

а ) 5-3=2 2+3=5

ә ) 76-х=6 Сынап көру тәсілі: 70+6=76

х=76-6

х=70

76-70=6

6=6

№2 57-х=7

х= 57-7

х=50

Тексеру: 57-50=7

7=7 тура санды теңдік

№3 тапсырма. Слайд: 1- баспалдақ

1-қатар 2-қатар 3-қатар

64-х=4 81-х=80 45-х=40 53+х=56 х+70=100 х+4=12

Х=64-4 х=81-80 х=45-40 х=3 х=30 х=8

Х=60 х=1 х=5

64-60=4 81-1=80 45-5=40

№4 тапсырма .Слайд 2-баспалдақ

Қалам-60тг -? тг

Дәптер-?20тг арзан

Шешуі: 60+(60-20)=100 60-20=40 40+60=100

Жауабы Барлығы ( 100 тг)

ә) Қалам-60

Дәптер-? 20тг арзан

Шешуі: 60-20=40

Жауабы: Дәптер 40 тг тұрады

Сергіту сәті Ой сергітеді,шаршағандары

басылады

№5 Өзіндік жұмыс. Слайд 3 -баспалдақ

50+(4-2)=52 40+(5-3)=42 30+(9-6)=33

№6 «Кім жылдам?» Слайд 4- баспалдақ

13 15

4+9=13 13-9=4 6+9=15 15-9=6

5+8=13 13-8=5 7+8=15 15-8=7

6+7=13 13-7=6 8+7=15 15-7=8

7+6=13 13-6=7 9+6=15 15-6=9

8+5=13 13-5=8

Кел, ойнайық! Слайд 5-баспалдақ

Аққалаға қалпақ кигіз.

-Балалар біз баспалдақтар арқылы білім шыңына жеттік.

Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:

** Үстелдің 4 бұрышы бар.Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады.

** Қабырғасы 3 см шаршы сыз. Оның периметрін тап.

** 1-ден 99-ға дейін санағанда 5 цифры неше рет аталады?

Үйге тапсырма Күнделікті енді алайық,

Үй тапсырмасын жазайық!

Математикадан алған білімді,

Ұмытпай есте сақтайық!

Дәптермен жұмыс

№7 ,107 бет

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау «5»-

«4» —

«3» —

Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Күні:17.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Не деу керек? Буын.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өлеңді түсініп оқып, сыпайы сөздерді сәлемдесу түрлерін үйрету.

2. Дамытушылық: Сөздік қорын молайтып, танымдык қабілетін арттыру.

3. Тәрбиелік: әдептілікке,ізеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс:түсіндір, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Көрнекілік: кесте, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар, слайд.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі..Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу, Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Психологиялық дайындық.

Оқушылар сендер ана тілі туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?

Қызығушылықты ояту.

-Оқушылар бір- біріне қарама- қарсы тұрып үш тілде амандасады.

-Салемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер?

( Оқушылар сәлемдесудің түрлерін айтады)

Олай болса ,»Біздер сәлем береміз»өлеңді еске тусіріп көрейікші.

(Оқушылардан өлеңді сұрау)

Жаңа сабаққа дайындық жұмысы:

-Балалар, біз өткен сабақта жұп дауыстыларды өткен болатынбыз.Жұп даустыларды атайық.

Слайд :

-Балалар біз кімдерге сәлем береміз?

Ендеше, сәлем сөзін буынға бөліп көрейікші

Сәем 2 буын

Жаңа материалды түсіндіру.

-Дұрыс айтасыңдар,ендеше 58-жаттығуға қарайық.Берілген сөздерді оқып шығып,осы сөздерді буынға бөліп оқыйық

58-жаттығу.

А-па, ә-же, а-та, кө-ке, ше-ше, на-ға-шы, жи-ен.

-Бұл нені білдіретін сөздер?

— Әр буында қанша дауысты дыбыс бар?

— Буын қандай дыбысқа байланысты бөлініп тұр?

-Осы сөздерді бір сөзбен не деп айтуға болады? Туыстық атаулар.

Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.(өтінемін,кешірініз,сәлем)

-Әдептілік белгісі иліп салем бергені демекші ,әдептіліктің тағы белгісі, кішіпейілділік.

— Кішіпейілділік дегендіқалай тусінесіңдер?

(оқушылар өз ойларын ортаға салады)

Сергіту сәті.

Суретпен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс.

-Олай болса, Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу керек» өлеңімен оқып танысамыз.Алдымен автор туралы мәлімет беріп жіберейін.Әнуарбек Дүйсенбиев — 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Балалар ақыны. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

-жұппен оқу.

Не деу керек? мәтіні бойынша оқушылардан сұрақ-жауап арқылы сұралады.

-Өлеңде қандай сыпайы сөздер айтылды?

-Басқа қандай сыпайы сөздер білесіңдер?

-Балалар өлең не жайлы болды?

-(әдептілік)

-Олай болса әдептілік туралы қандай мақал-мателдер білесіңдер?

-Ендеше оқулықтағы мақалдарға назар аударайық

Оқушыларға оқытып,мағынасын сұрау

Қорытынды: Семантикалық картаны толтыру

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.

59 – жаттығу (көшіреміз, неше дауысты дыбыс, буын барын үстіне жазамыз.)

ҮІ.Бағалау: «5»- 4, 5 жұлдызша «4» -3, 2 жұлдызша

«3» -1-2 жұлдызша

Рефлексия: Оқушылар сабақтағы көңіл-күйлерін стикер арқылы смайликке жапсырады.

Мағынаны тану

Қазақ тілі пәні бойынша 2-сынып оқушыларына

арналған тапсырмалар мен тест сұрақтары

  1. Қай кезде У дыбысы дауыссыз болады? Мысал келтір

Жауап:

Сабақтар.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s