Сыйлықтар


№18 Н.К.Крупская атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ерғалиева Ә.Ж

Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтар

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік. Жаңа тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту. Сөйлесім әрекеттерін жүйелі түрде жүргізу негізінде оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

2) Дамытушылық. Танымдық ойындар арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту, ой-өрісін дамытып, тілін ұштау.

3) Тәрбиелік. Сауатты жазуға дағдыландыру, ұжыммен бірге еңбек етуге, бірін-бірі сыйлауға, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: ойнату, ойландыру,жарыстыру,пікір
алмасу,сұрақ-жауап,аударма

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2) Психологиялық дайындық:

— Қазір кімнің көңіл – күйі тамаша, қол көтерсін!
— Кімнің досы осы сыныпта отыр,қолын шапалақтасын
— Кім өз-өзіне сенімді,қол көтерсін!

ІІ Үйге тапсырманы тексеру.

«Топтай біл» ойыны:
Шарты:Өткен материалдарды еске түсіру мақсатында әр бағанға тақырыпқа сай сөздерді теріп жазу.

Отбасы мүшелері Туған күн Қазақстан картасы

Сөздер: Ата, әже, гүл, Орал, Алатау, Каспий теңізі, әке, әпке, құттықтау, Алакөл, Жайық, ата, сыйлық, қарындас, қонақ.

III Жаңа сабақ
«Адасқан әріптер» ойынын ойнап, жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.

Сөздікпен жұмыс
сыйлықтар-подарки
олар-они
бірге-вместе
ұнау-нравится
ойнау-играть
-Жаңа сөздерді оқимын,оқушылар қайталайды.
-Жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.
-Сөздің орысшасын айтып,допты бір оқушыға лақтырамын,оқушы допты қағып алып,сөздің қазақшасын айтып,допты қайтарады.Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады.

IV Практикалық дағды кезеңі
1.Шарты: Берілген сөзден әр түрлі сөздер шығару.

Жауабы : ас,сыйла,қар,ар,ақ,сары,сый,қатыс,арық,ай,т.б.

2.Шарты: Жаңа сөздердің аудармасын табу.

СЕРГІТУ СӘТІ

Ұшты-ұшты
Ұшатын нәрсе айтылса,балалар қолдарын жоғары көтереді де,ұшпайтын нәрсе айтылса,қозғалмай отыру керек.Қателескен бала тақпақ айтады немесе ән салады.

3. «Есте сақтау» ойыны.

Ақылды бол!
Денің сау болсын!
Кітабың көп болсын!
Мейірімді бол!

Ойыншығың көп болсын!

Шарты: Туған күнге айтылатын тілектерді оқимын,оқушылар қайталайды.Есте қалған тілектерді дәптерлеріңе жазады.

V.Сабақты қорытындылау. «Поле чудес» ойыны.Сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы әріптерді аша отырып,сөз шығару.

VI. Үйге тапсырма. «Сыйлықтар» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
VII.Бағалау.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s