Мұхтар Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы»


қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сайлаубаева Тогжан Жаслановна

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы». Тақырыбы мен идеясы.
Сабақтың мақсаты: Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беріп, «Қараш-қараш оқиғасы» тақырыбын түсіндіру.
Сабақтың түрі: көркем шығарманы талдау сабағы
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ойлау, дәлелдеу,түсіндіру,топтастыру.
Көрнекіліктер: видео,оқулық,слайд,кесте,тірек-сызбалар.
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
-Сәлемдесу
-Оқушы назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту.
— Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар? Қалай ойлайсыздар.
ІI. Үй тапсырмасын тексеру:
М.Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жатқа айтады.
III.Жаңа сабақ:
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 ж
ылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университеті
не тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «
Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия �
�емлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
Әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. Олар өздеріне ғана тән, айрықша сөздік сипаттамаларымен кейіптелген. Әуезов — қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформатор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал-мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйінде ала салмай, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып, жайнатып, қайтадан құйып шығарды. Әуезов пьесалары — қазақ әдебиетінің алтын жамбадай қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз.
Қайтыс болған күні 1961 жыл, 27 маусым (63 жас).
Слайд және видео.

— Енді, балалар, «Қараш — қараш» оқиғасына тоқталайық

Жоспары
1. Тектіғұлдың қазасы
2. Ағайындылардың аянышты тағдыры
3. Бақтығұлдың кек жолындағы ұрлығы
4. Сәлменнің айбары
5. Шұғыл шешім
6. Жарысбай болыстың панаыснда
7. Барымташы — Бақтығұл
8. Жарға соққан жалғыздық
9. Қараш — қараш асуында атылған оқ.
Повесть туралы оқушылардың пікірін тыңдау
-«Қараш — Қараш» оқиғасының тақырыбын ашайық.
-«Ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік».
Кейіпкерлеріне тоқталсақ.
Басты кейіпкер — Бақтығұл мен інісі Тектіғұл. Қозыбақ ауылындағы байлар — ағайынды Сәт пен Сәлмен, Жарасбай болыс, Қоқыш жандайшап, Досай аулынан — Бәйтен бай, қарындасы Қалыш т. б.
Бақтығұл қандай адам? (топтастыру әдісімен )
Бақтығұл — еңбекқор, бейнеткер, адамгершілігі мол, кедей, батыл, ержүрек, әділ, жалшы, барымташы, жалғыз, кекшіл, ұзын бойлы, денелі, иықты аңғал, сенгіш адам.
IV. Кітаппен жұмыс.
Оқулықтан Бақтығұлдың Сәлмен бай, Жарасбай мен сөйлескен жерінен эпизод тауып оқу.
V.Пікірсайс. Дебат үлгісі бойынша ой — талқы.
Жақтаушы топ
Резолюция: Бақтығұлдың іс — әрекеті дұрыс
Критерий: Кек қайтару — намысты қолдан бермеу
Аргументі:
1. Зорлыққа, қиянатқа қарсы тұру — әділ іс
2. Аштықтан құтылу — өмір үшін күрес.

Даттаушы топ
Контрреволюция: Бақтығұлдың іс — әрекеті дұрыс емес
Критерий: Ұрлық түбі — қорлық
Аргументі:
1. Заманың түлкі болса тазы боп шал
2. Ебін тауып тірлік жасау — өмір талабы

Талдаушыларға сұрақтар:
1. Бақтығұл ұрлық жасауға өз еркімен барды ма?
2. Бақтығұлдың бойында ұрлықшыға тән қасиет бар ма?
3. Аштықтан құтылудың ұрлықтан басқа жолы бар ма?
4. Ұрланған мал кімнің қорасын толтырды?
VI.Бекіту:
Жақтаушы, даттаушы жақтардын пікірлерін тындау.
VII. Үй тапсырмасын беру: «Қараш-қараш оқиғасы». Кейіпкерлерді талдап, әр кейіпкерге мінездеме беру.
VIII. Бағалау: Сабаққа қатысқандары бойынша бағалау.

Мұхтар Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы».docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s