Себеп бағыныңқы сабақтас жасалу жолдары


Қарағанды қаласы
КМББ «Болашақ»колледжі
НБ-12-3 студенті
Сайлаубаева Тогжан Жаслановна
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 8«А»
Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы сабақтас жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты: Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем туралы мағлұматтарын , ерекшелігіне тоқталып меңгерту, жаттығулар арқылы себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарын түсіндіріп, құрмалас сөйлемді таба білу білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жазу, оқыту, талдау, ой түйіндеу, INSERT әдісі, мағынаны таныту.
Көрнекіліктер: оқулық, кеспе парақшалар, суреттер,т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
— сәлемдесу;
— сабаққа қатысуын тексеру;
— назарларын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
136-жаттығуды кезекпен оқиды.
III. Ережемен жұмыс:
Жасалу жолдарын түсіндіру.
1. Есімшенің өткен шақ формасына –дықтан, -діктен деген жұрнақ пен жалғаудың қосылуы арқылы жасалады.
Мыс: Күннің аязы көтеріліп кеткендіктен, бастауыш сынып оқушыларына сабақ борлған жоқ.
2. Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.
Мыс: Қолынан келер жәрдемі болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат берді.
3. Көсемшенің -й жұрнағына аяқталған етістіктің болымсыз түрінен жасалады. Мыс:
Араларына түсетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады.
Қашқындар қолға түспей, ызаланған Жабағы қара күреңденіп кеткен.
4. Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігі тіркесуі арқылы жасалады.
Мыс: Жұмысқа кешігуге болмайды деп, Айдын оразасын ашпастан шығып кетті.
Ережелерді түсіндіремін , оқушылар өзара жасалу жолдарын талдайды.
IV. Сергіту сәті. Жаттығулар жасау.
VI. «Мағынаны тану»
«Күрделі сөйлемдер» стратегиясы.
Мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалайды:
— оқушының сөйлемді тақтаға сауатты жазуын,
— жазған сөйлемді мәнерлеп оқуын,
— сөйлемге тілдік талдау жасай білуін.
Шарты: сөйлемге тілдік кешендік талдай жасай білу, соның ішінде жай сөйлем, құрмалас сөйлем синтаксисі, сөйлемге тән негізгі белгілерді анықтай білуі, бағыныңқы, басыңқы компонент — тердің байланысуы, сөйлем мүшелері, олардың сұрақтары мен қызметін анықтай алуы.
VII. Жаттығумен жұлдыз.
139-жаттығуды орындайды.
VIII. Сабақты бекіту:
Сұрақтар арқылы сабақты қорытындылаймыз.
IX. Рефлексия:
INSERT әдісі.
Не білем? Не білдім ? Не білгім келеді?

X. Үйге тапсырма беру:
137-жаттығу, ережені оқып, жаттау.
XI. Бағалау:
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s