Менің білім беруге деген көзқарасым қалай өзгерг ендігі жайлы..


тарих және география пәндерінің мұғалімі
Тулекенова Марал Ануарбекқызы

«Менің білім беруге деген көзқарасым қалай өзгергендігі жайлы…»
Эссе

«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» Конфуций

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім балаға тек білім беріп қана қоймай, ол білімді өмірде пайдалана білуді де үйрету керек. Әрине бұл менің қазіргі ойым. Осыдан 10 жыл бұрын алғаш рет мұғалім болып, сабақ бергенде менің ойым мүлде басқаша болатын. Себебі мен басқа дәуірдің ұстаздарынан тәлім алдым. Яғни 20 ғасырдың оқушысымын. Менде солар сияқты ұстаз болуға тырыстым. Біздің ұстаздарымыз 45 минуттың көп бөлігін өз еншілеріне алатын. Ал біздің уақытымыз тек сабақтың басында үй тапсырмасын айту �
�ана болды. Содан соң бүгін апай не айтады екен деп аузымды ашып тыңдап отырушы едім. Себебі ол кезде білімді бізге АПАЙ және оның көмекшілері тақта мен бор беретін. Сөйтіп мектепті де тәмәмдап, оқуға түсіп, өзім де мұғалім болып мектеп қабырғасына қайта оралдым. Яғни менде АПАЙ болдым. Несі бар? Мен де өз апайым сияқты оқытамын деп ойладым. Сөйтіп қызығы мен қиындығы қатар жүретін жұмысқа белсене кірісіп кеттім. Күнделікті сабақ жоспарын жазып, мектепішілік шараларға қатысып, сынып жетекшісінің қарбалас жұмыстарымен жүргенде 6 жылдың қала
й зымырап өте шыққанын байқамай қалыппын.

Тулекенова.doc

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s