Тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттері


Ибраимова Раушан
№249 мектеп-лицейдің мұғалімі
Ибраимова Раушанның 7 «Г» сыныбында өткізген ашық сабақ жоспары
(мұғалімнің аты-жөні)
Пәні: геометрия
Күні: 8.12.15
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты үшбұрыштың қасиеттері
Сабақтың мақсат-міндеттері: А) білімділік: Оқушыларда тікбұрышты үшбұрыш туралы білімдерін тереңдету, тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері туралы айту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру
Ә) дамытушылық: Жылдам ойлауын, есте сақтауын, сызбаларды тиянақты, сауатты сызуын, алған білімдерін есеп шығаруда қолдана білуін, математика тілінде сөйлеу мәнерін дамыту
Б) тәрбиелік: Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке, қоршаған ортаны аялауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, есептер шығару, сызбамен жұмыс жасау
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия оқулығы (7 сынып),
Л.С. Атанасян, В.Ф. Бутузов. Геометрия оқулығы (7-9 сынып),
тақта, интерактивті тақта (слайд), с00-қа тең, ал оның гипотенузасы мен кіші катетінің қосындысы 15 см. Гипотенузаның ұзындығын табыңдар.
Жауабы: 10 см
Қарақұйрық — №255 (А)
CE табаны бар CDE тең бүйірлі үшбұрыштың CF биіктігі жүргізілген. Егер ∠D=54° болса, ∠ECF неге тең?
Жауабы: ∠ECF=27°
Қызыл қасқыр — №256 (А)
Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 600-қа тең, ал оның гипотенузасы мен қысқа катетінің қосындысы 26,4 см. Гипотенузаның ұзындығын табыңдар.
Жауабы: 17,6 см
Үкі — №258 (А)
Тең қабырғалы ABC үшбұрышының BC қабырғасының D ортасынан AC түзуіне DN перпендикуляры жүргізілген, AB=12 см болғанда, AN неге тең?
Жауабы: 9 см
Тасбақа — №259 (А)
Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына қарсы жатқан бұрышы 1200-қа тең. Бүйір қабырғасына жүргізілген биіктік 9 см-ге тең. Үшбұрыштың табанын тап.
Жауабы: 18 см

VІ. Жаңа сабақты бекіту. «Ия немесе жоқ» ойыны
Мұғалім сөйлемдер оқиды, сол айтылған сөйлем дұрыс болса, қолымызды жоғары көтереміз, ал бұрыс болса, алдымызға созамыз.
Тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштары 900; 600; 300 болуы мүмкін.
Бір бұрышы 300-қа тең тік бұрышты үшбұрыштың осы бұрышқа қарсы жатқан катеті гипотенузаның жартысына тең.
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
VІІ. Үйге тапсырма Оқулықтан №152, №166 (1)
Бағалау (сабаққа белсенді араласқан оқушыларды бағалау)

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s