Алтын күз


Есқалиева Д.Қ.
«Жұлдыз»балабақшасының тәрбиешісі

Тақырыбы:Алтын күз !
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу, күз туралы түсініктерін кеңейту, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекілігі: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген.
1-жүргізуші: Күз мереке, күз ырыстың белгісі.
Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз.
Шат шадыман халқымыздың тұрмысы.
2 — жүргізуші: Күз дегенің ақындардың дастаны,
Қандай ғажап, бейбіт күннің аспаны!
Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз,
Алтын күздің той думаны басталды.
1 — жүргізуші: Қош келіпсіз ата — аналар, апайлар!
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
«Қызғалдақ» топ балалар.
2 — жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар және бүлдіршіндер! Баршаңызды бүгінгі «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз!
1 — жүргізуші:Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық.
(Музыка әуеніойналады)
Тосын сәт: Дымбілмес әндетіп келеді.
2-жүргізуші: Ой сен кімсің?
-Дымбілмес.
1 — жүргізуші: Дымбілмес, сен қазір жылдың қай мезгіл екенін білесің бе?
Дымбілмес: Қыс мезгілі.
2-жүргізуші:Балалар Дымбілмес дұрыс айтып тұр ма?
Балалар: Жоқ, күз мезгілі.
1 — жүргізуші: Қане, күз айларын атайықшы.
Балалар: Хормен (Қыркүйек, қазан, қараша)
Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүйек ай: Менің атым Қыркүйек.Күздің бірінші айымын. Байлықтың,барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?
Айқаракөз: Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс-күй төгілді.
Білімге талпынған,
Балалар жиылды.
Қазан айы: Менің атым Қазан.Жиын-терімнің соңғы айымын.Еңбекқор елді тойға бөлеймін.Балалар менде қандай мерекелік күндер бар.
Нұрдидар: Ұстаздар күні мен қарттар күн мерекесі.
Қараша айы: Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын.Күннің суып, қыстың жақын екенін естеріңе саламын.Қыркүек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар. Кім біледі. Бақтияр: Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Дымбілмес: Қандай керемет.
Балалар: Жоқ
Дымбілмес:
Балалар: Сен ештеңе білмейсің ғой.
2-жүргізуші: Енді балалар мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортаға шақырайық
Күз ханшайымы:
Дымбілмес:
1 — жүргізуші: Балалар олай болса әрі қарай ертеңгілігімізді жалғастырайық.
Күз ханшайымы:
2-жүргізуші: Салт – дәстүрім жарасса,
Қайта түлеп жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Би билейді тамаша.
Би: «Қуыршақ биі»
1 — жүргізуші: Рахмет бүлдіршіндер.
2-жүргізуші : Мереке бүгін, күздің міне келгені
Күздің бізге бақыт — байлық бергені.
Құтты болсын мерекесі «Алтын күз»
Бәрімізді қуаныш күйі тербеді, — деп келесі кезекті
бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек береміз.
Елеусін: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Нұрдидар: Алақай,алақай,
Шаттанды балақай.
Мереке алтын күз,
Береке салты күз.
Ерхан: Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Ел егінін орыпты.
Нұрсезім: Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Күз ханшайымы: Қандай тамаша балалар. Балалар менің сендерге әкелген ойыным бар.
Ойын : «Көкөністер мен жемістерді ажырат.»
Балалар: Ойнайды.
1 — жүргізуші: Тағы да бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек береміз.
Нұрғиса: Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық береке,
Алтын күз мереке.
Айжұлдыз: Алақай,алақай,
Шаттанды балақай.
Күз түсті, дән пісті,
Айтамыз алғысты.
Мағжан: Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.
Жансамал: Мен жүзіммін,жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
Күз ханшайымы: Өнерлерің өрге жүзсін!Өте әдемі айтады екенсіңдер. Тағы қандай өнерлерің бар.
2-жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық,
Қол соғайық, халайық.
Күзгі бақта бүгінгі
Шырқап әнге салайық.
Ән:«Қошақаным »
1 — жүргізуші: Біздің балалардың өнері сіздерге ұнап жатыр ма?
Күз ханшайымы мен Дымбілмес: Әрине ұнайды.
Дымбілмес: Менің осы балалардың ата-аналарымен ойын ойнағым келіп тұр.
2-жүргізуші: Ойын барлығыңызға ұнады ма? Жақсы дайындаған екенсің Дымбілмес рахмет саған.
1 — жүргізуші: Өнерсіздік зор айып,
Ән мен биге басайық.
Арасында тағы бір,
Биден шашу шашайық.
Би: «Жапырақ биі»
Күз ханшайымы мен Дымбілмес: Айналайын балалар біз енді сендермен қоштасамыз. Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілейміз.Сау болыңыздар.
(Күз ханшайымы мен Дымбілмес шығып кетеді).
2-жүргізуші: Жайдарлы күз, жарқын күз.
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен дала,
Дариядай шалқар күз.
1 — жүргізуші:Құрметті ата-аналар, қонақтар және бүлдіршіндер! Осымен «Қызғалдақ» тобының дайындаған «Алтын күз» мерекеклік ертеңгілігіміз аяқталды.Назар қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет . 2-жүргізуші:Сау болыңыздар.
Ырғыз ауданы,
Жайсаңбай ауылы.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s