Төменгі старт


Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы
«Тайпақ колледжі»МКҚК — ның
дене шынықтыру пәнінің оқытушысы
Айсағалиева Лунара Батыржанқызы

Топ: 22 тобы

Сабақтың тақырыбы: «Төменгі старт»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың дене жағынан жылдам қозғалысын дамуы мен қозғалысын жетілдіру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушыны дене тәрбиесіне жан – жақты қалыптасуы болып табылады.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сабақтың ойын түрімен және жұппен тұрғызып жарыстыру.

Құрал — жабдықтар: ысқырық, жалаушалар, секундомер.

I. Дайындық бөлімі.

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгелдеу, сабақтың тақырыбын мақсатын түсіндіру.

· Түзеліңдер!

· Тік тұрыңдар!

· Сәлеметсіздер ме!

· Еркін тұрыңдар!

Орында бұрылу жаттығулары: оңға, солға, кері. Жеңіл жүріс екі қатармен. Сапта жекелей және екеу ара жасалатын жаттығулар.

1. Б.Қ. қол белде, аяқ иық көлемінде 1 басты алға еңкейтеміз, 2 артқа, 3 оң жанымызға, 4 сол жанымызға қозғаймыз.

2. Б.Қ. аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда, сол қол төменде Сқ 1-2 оң қолды артқа сермейміз. Сқ 3-4 сол қолды ауыстырамыз.

3. Б.Қ. аяқ иық деңгейде қол иықты с.б 1-4 иықтарымызды алдыға, 1-4 артқа айналдыру.

4. Б.Қ. аяқ иық көлемінде сол қол белде, оң қол жоғарыда 1-2 солға, 3-4 оңға иілеміз.

5. Б.Қ. қол белде 10 рет сол аяқпен секіреміз, 10 рет оң аяқпен секіреміз.

Алаңды айналып жүгіру, қыздырыну жаттығулары. Жай жүріспен жүгіру. Жүгіру үстінде орындалатын жаттығулар:

а) оң жақ иықпен секіру, сол жақ иықпен секіріп жүгіру,

б) тізені жоғары көтеріп жүгіру,

в) аяқты артқа сермеу,

г) аяқты алға сермеу,

д) артпен жүгіру сол жақ иықпен артқа қарау

е) дем басу.

II. Негізгі бөлім.

Жүгіру техникасын үйренуге қолайлы болу үшін спортшының қимыл – қозғалысын шартты түрде сөреде тұру және сөрелік алу, қашықтыққа жүгіру және мәреге жету деп айырып қарастырылады. Қысқа қашықтыққа жүгіруде төменгі сөреден шығу қолданылады. Жүгірудегі жылдам бастау мен қашықтықтың аз ғана қиындысына (20 — 25мин) жоғары шапшаңдыққа жетуге мүмкіндік туғызады. «Сөреге» деген пәрмен бойынша жүгіруші артта тұрған аяғының тізесін жерге тигіссе, табандарын сөре қалабына тірейді және керілген саусақтарына тіреле, қолдарды иық кеңдігіндей қашықтықта сөре сызығының бойына қояды. «Дайындал» пәрмені бойынша жүргізуші иықтарын алға шығара, жамбасын көтереді. Дене салмағының елеулі бөлігі қолдарға түскеніне қарамастан, табандар қалыпқа жеткілікті иықты тірелуі тиіс. «Дайындал» пәрмені бойынша жүргізуші еркін түрде демді ішке тартып, өзіңнің барлық ойын жүгіруді уақыты және дұрыс жинақтап дем шығаруды кідірте тұрады.

Сөредегі төрешінің белгісінен кейін жүгіруші бір мезгілде сөре қалыбынан итерілсе, қолдарымен жылдам және қатты қозғалыс жасайды. Алғашқы екі — үш адымда жүгіруші итерілу кезінде аяқтарды толық жазуға ұмтылып, табандар жүгіру жолынан онша биік көтермелеуінен де қадағалауы дұрыс. Мәре сызығына ұмтылыс мәреге 150-300 м қалғанда қашықтықтың соңына жылдамырақ жүгіруге ауысудан тұрады. 30 және 60 метрге жүгіру оқушыларды жұпқа бөліп жүгіртеміз. Олардың жылдамдықтан секундомер арқылы анықтаймыз.

III. Қорытынды бөлім.

Сапқа тұру. Оқушыларды бағалау, мадақтау. Сабақты қорытындылау.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s