Мәңгілік Ел оқушылар конференциясы


Қазақ елі мәңгілік

«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру барша қазақстандықтарға, әсіресе, бүгінгі және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор мәртебелі іс болмақ. Бұл үшін төмендегі құндылықтарды орындауымыз керек: бірінші – ата-анасын қадірлейтін, Отанын сүйетін бала тәрбиелеу, екінші – қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білетін, оны дамытатын ұрпақ тәрбиелеу, үшінші – халықтар достығын қастерлейтін, ел бірлігін сақтайтын ұл-қыз өсіру. Қазіргі кезеңде ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас жеткіншектерге ұлттық тәрбие беру, ізет, құрмет, қайырым, мейірім сезімдерін дамыту. Өз халқын сүйіп, оның болашағын ойлаған адам басқа халыққа да солай қарайды. Осы мақсатты алға қойған Бейнеу ауданы Бейнеу лицейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Тәуелсіз Қазақ елінің ұлы мұраты – Мәңгілік Ел идеясы» тақырыбында оқушылар конференциясы өтті. Конференцияда 10 сынып оқушылары Нұрболат Милена мен Кемалов Нұрбектер «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша әр қадамға түсінік берсе, тәрбие жөніндегі орынбасары Г.Әжібаева «Мәңгілік ел» идеясы негізінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жасалынған жұмыстарға тоқталып өтті. Конференцияға қатысып, сөз сөйлеген Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы маманы Тұралы Жолышовқа, аудандық білім беруді үйлестіру орталығының тәрбие жөніндегі жетекші маман Әзиза Асылбековаға, аудандық Ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығы маманы Сұлтан Оңғаровқа, лицей түлегі педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші Тағабердин Әлібекке алғыс айтамыз! Қазақ елі, Мәңгілік Ел жасай берсін!

Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейі

Тарих пәні мұғалімі Қ.Сақтағанов

макалаа.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s