Балқаш көліндегі кәсіптік маңызы бар кейбір бал ықтардың қазіргі жағдайы


Алматы қаласы , Жетісу ауданы
КММ «№109 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы
Жайдархан Біржан Бахытұлы
Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі
Тасқынбаева Ұлжан Базарбайқызы

Балқаш аңызы және атауы.
Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел “Жұмбақ көл” деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
Тарих көшіне ілескен Балқаш қаласы сонау Кеңес өкіметінің қарқынды бесжылдықтарының бастауында құрылып, ірі өндіріс орталықтарының біріне айналды. Балқаш өңірін игеру 1928 жылы инженер, геолог И.П.Русаковтың басшылығымен Қоңырат тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен басталды. Дәл осы тыңғылықты зерттеудің нәтижесінде Қоңыраттағы мыс қорының өте мол екенін анықтап.екінші бесжылдық жоспарда жедел түрде Балқаш өңірінде мыс алыбын салу белгіленді. Кеңес Одағының барлық жерінен: жұмысшылар, шаруалар,комсомолдар мен коммунистердің қатарынан еріктілер және осы өңірдегі ата-бабаларымыз — көшпенді қазақтар тұтас ауыл болып Балқаш құрылысына ағыла бастады. Құрылыс жұмыстары қазақтың түрен тимеген ту даласында, қатал табиғаттың аясында өндіріс орталықтары мен темір жолдан жырақта іске асты. Жүкті алғашқыда ат-түйемен тасыды.

Іле – Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.
Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның алдыңғыларының бірі – «Балқашмыс» АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.
Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады. Балқаш өңірі — әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.
Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 жылдары ххҚазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.[1] Балқаш – Қарағанды облысындағы қала, Мойынты – Ақтоғай темір жол бойындағы станса, Балқаш көліндегі пристань. Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады. Жылдық өнім көлемі жүз мың тонна. Қалада тарихи-өлкетану мұражайы, екі спорт кешені, жүзу бассейні, Қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен-металлургия техникумы, педагогикалық, медициналық училищелері, Қарағанды политехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, жиырма шақты орта және сегіз жылдық мектеп, екі халық театры, бейнестудия, т.б. мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия республикаларымен байланыстырады. Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Касспий, Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша үшінші орында. Көлдің батыс және шығыс бөліктерінің минералдарыны екі түрлі болып келеді, бөліктер жіңішке бұғазбен жалғасады. Батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігі жағында ащы болады. Балқаш көлі – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Бетпақдала жерімен шектеседі. Орта ғасыр карталарында Балқаш Орта Азияның Жетісу аумағына енген.
Балқаш көлінің суының екі бөлікте әр түрлі болғаны ғарыштан айқын көрінеді. Шығыс жағындағы ащы көл түсі көк болса, батыс бөлігіндегі тұщы су түсі сұр болады.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км2 , ұзындығы – 605 км, ені – 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тыныш болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістіктерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропагендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай сү қоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s