Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің мағыналық тү рлері


Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№109 жалпы білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы
Таубалдиева Амина

Ғылыми жетекшісі:
№109 жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кауменова Рысханым

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

1.Мақал-мәтелдердің зерттелуі туралы мәліметтер жинастыру;
2.Мақал-мәтелдердің алатын орны, ерекшелігінің сыр- сипатын ашу;
3.Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы;
4.Мақал-мәтелдердің адам өміріндегі алатын орнын бағалау.

Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы.
Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады»─ деп көрсеткен болатын. Демек, мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап, шешен тілмен айтылатын сөздер болса, ал мәтелде тұрмыста қолданылатын сөздердің шындыққа жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердің қатарына жатқызуға болады.

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАУБАЛДИЕВА АМИНА АЛМАТЫ.pptx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s