АУДАНЫМЫЗДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ПАРАЗИТТЕР


ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«АУДАНЫМЫЗДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ПАРАЗИТТЕР»

ОРЫНДАҒАН: Алматы қаласы , Жетісу ауданы КММ «№109 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы

Анарбаев Сержан Нұрболұлы

Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі

Тасқынбаева Ұлжан Базарбайқызы

Аңдатпа

Бұл тақырыпты алудағы басты себебіміз қазіргі таңда ең бір маңызды өзекті мәселелердің бірі- адам денсаулығы. Бұл мәселе бүкіл дүниежүзілік , мемлекеттік, облыс, аудан, ауылдық денсаулық сақтау мекемелері мен атқарушы органдардың тарапынан ғана орындалып жүзеге асатынын көруге болады. Зерттеу мақсаты: адам денсаулығы үшін зиянды паразит құрттардың тіршілігін, жұғуын және олардан сақтану жолдары талқылау. Осы таңдағы аудан адамдарының жағдайы.
Зерттеу жұмысымен айналысудың негізін санитарлық эпидимиологиялық станцияның анықтамалық материалдары құрайды.

Негізі ауданымызда жиі кездесетін қандай паразит құрттардың бар екенді туралы толық мағлұмат берілген.
Зерттеу барысында сәйкестендіру, салыстыру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерді қолданылды.

Кіріспе бөлімінде жалпы паразит құрттар туралы мәлімет берілген. Ал негізгі бөлім алты бөлімшеден тұрады. Онда ауданымызды кездесетін жануарлардағы паразит құрттар, адамдағы паразит құрттар туралы, олардың көбею , жұғу, даму жолдары қамтылған. Сол сияқты паразит құрттармен күресу жолдары көрсетілген.

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда барлық денсаулық сақтау мекемелерінің және дүниежүзілік денсаулық қорғау және зерттеу мекемелерін толғандырып отырған жайт — адамның келешегі мен денсаулығы үшін өте қауіпті аурулардың етек алып жайылып кетуі. Бұл аурулардың көбі паразит құрттардың салдарынан болатыны зерттеліп отыр. Паразит құрттардың бүкіл дүние жүзін кең көлемде алып кеткені соншалықты, тіпті барлық зертханалық орындары және зерттеуші адамдардан да көп. Бүгінгі күнгі басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасап,бір елдің екінші елмен байланысы паразиттердің таралуы мен жайылуына жол ашып отыр. Міне сондықтан да санитарлық эпидемиялық мекеменің «Паразитология және паразитті аурулардың» саласы үлкен жұмыс істеуге талап қойылып отыр. Ол үшін осы саладағы ғылым мен кітаптар, зерттеу үшін зертханалық құралдар осы заман талабына сай сапалы болу керек

Олар барлық өздеріне қолайлы жерде өмір сүреді. Қазақстан елінің медицинасы әлі ақсап келе жатқаны өтірік емес, ал оған қарамастан паразит құрттармен күресу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Олармен күресті бүкіл қоғам болып қолға алмасақ, ертең-ақ олар біздің өміріміздің бір бөлшегі болып қалмайтындығына кім кепілдік бере алады.

Зерттеудің мәселесі. Менің осы ғылыми жобаны алу себебім: адам денсаулығы үшін паразит құрттардың қаншалықты зиян екенін және олардың қандай түрлері бар екендігін көрсету.Бұл құрттардан болатын аурулардан қалай сақтанып, қалай болдырмау керектігін үйрену. Олардың қай жас аралығында көп кездесіп, балалар қандай құрттармен жиі ауратынын көрсету.

Өзімнің тұрып жатқан жерімде қандай паразит құрттар бар, олар қандай жағдайда жұғады, неше аралық жастарда көп болды, ересек адамдар үшін әлде жасөспірімдер үшін қауіпті ме екенін зерттеу. Ауданымызда осы құрттармен қандай күресу жолдары бар, ал жалпы осы ауруларды болдырмау және оның алдын алу қандай екенін үйретіп, адамзат баласының денсаулығын нығайту жолында еңбек ету болып отыр.
Зерттеу болжамы: Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, сәйкестендіру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім. Балаларда қанша үшкірқұрт және ішексорғы құрт барын Рабинович әдісі арқылы қалай тексеретінін сұрап, микроскоппен қарадық. Зерттеу бөлімі 6 бөлімнен тұрады. Алдыңғы үш бөлімде жалпы паразит құрттар дегеніміз не, олар қалай тіршілік ететінін , олардың көбеюі мен дамуы қалай жүзеге асатындығына тоқталынды.

Таралу және жұғу себептеріне тоқталып, анық сипаттама және мәселені шешудің жолдарына анықтама берілді.
Зерттеу пәні Адам денсаулығы мен медицина бағыты .
Зерттеу объектісі: Ауданда кездесетін паразит құрттар.
Зерттеу мақсаты:паразит құрттардың ауданда қандай түрлері кездесетінідігі туралы деректер іздеу. Олардың адам ағзасы үшін қандай қауіп төнетіндігі туралы анықтау. Қай құрт қандай ауруды әкелетіндігін білу.Науқас адамдармен сұхбаттасып қай жағдайда паразит құрттармен ауырғандығын анықтау.

Зерттеу міндеттері: Менің міндетім барша адамға паразит құрттардың адам үшін зияндылығын көрсету. Олардың санын азайтуда мәселе қозғау. Балалар мен ересек адамдарға осы аурулардың жұғуы мен болдырмауы туралы үйрету. Мектепте алдын алу мақсатында жарнамалар жүргізу.Орта буындарда лекция оқып, «Тазалық-денсаулық кепілі» деген ұранмен сурет көрмесін ұйымдастыру, ал бастауыш сыныптарды «Паразит құрттардың жұғу жолы» деген диктант жаздырып, балаларды осы құрттардан болатын аурулардан алдын алу жұмысын жүргізу .

Зерттеу кезеңдері: Осы ғылыми жұмыс мынадай кезеңдерден тұрады. Дүние жүзі бойынша паразит құрттардан болатын ауруларды кездесу жиілігі(1996 жылғы Женева қаласында өткен бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемелерінің анализі бойынша) адамдар мен жануарлар ағзасында кездесетін құрттар туралы материалдар. Өзімнің зертеу жұмысым (диаграммалар, кестелер) арқылы паразит құрттардың аурулары туралы мағлұматтар. Соңында күресу шаралары мен қорытынды шығарылды.

Жұмыстың жаңашылдығы: Паразит құрттар жайында орысша көп материалдар болғанымен , қазақша аудармасы бар әдебиеттерді кездестіре алмадық. Сондықтан біз осы құрттар жайында табылған материалдарды қазақшаға аудардық. Паразит құрттар жайында мектеп бағдарламасында көмекші құрал ретінде пайдалануға болатын презентация жасадық. Оның ішінде паразит құрттар туралы видео және пысықтауға арналған тест сұрақтары бар. Мұны толықтырып және өңдеп мультимедиялық сабаққа қолдануға болады. Сонымен қатар құрттарға толық және тереңірек өту үшін біз кітапша ретінде дидактикалық тапсырмаларды ұсынамыз.

1.1. Паразит құрттар және олардың тіршілігіХалық мемлекеттің негізгі байлығы. Ал халық денсаулығы басты байлық. Егер халықтың дені сау болса онда алға қойған мақсатты орындап елдің ауқаты да өседі. Денсаулық сақтау мекемелері осы күнге дейін паразит құрттармен талай кездесіп олармен күрес жасап келеді. Дүние жүзінде осы паразит құрттардан миллиардтаған адамдар зардап шегеді. Дүние жүзі бойынша 10 жыл ішінде 4,5 млрд адам паразит құрт ауруымен ауырған. Оның 95%-ы паразит құрт бойынша. Санақ бойынша Еуропада үш адамның бірінде паразит құрт тіршілік етеді. Росс Андерсонның зерттеуі бойынша АҚШта болатын аурулардың 85% паразиттен болады. Жыл сайын дүние жүзі бойынша 14млн адам өледі.

Дүние жүзі бойынша 4млрд адам үшкірқұрттан, 102 млн адам ішексорғымен, 900млн адам анкилостомоздан, 700млн адам трихоцефалоздан ауырған. Осы жылғы Скрябин атындағы Академияның гельминтологтарының зерттеу барысында жалғыз Мәскеу қаласынының бақтарында иттердің денесінде кездесетін фекалиийлердің жұмыртқаларының 40%-ы болады екен.
Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау мекемелері 1996 жылы Женева қаласында мынадай салыстырмалы кестені талқылаған. Мұнда осы жылға дейінгі (рак) ісік аурумен ауырған. 1-кесте

Дүниежүзі бойынша паразит құрттардан болатын ісік аурулары

Ісік аурулары Бір жылда қанша адам ауырады Қаншасы паразит құрттан болады
бауыр 527 82%
өкпе 1020 90%
қуық 500 100% (шистосомоз)
жатыр ісігі 200 100% (шистосомоз)
әйел адамдағы 529-390 80-83%

Осы кестеден мен мынадай тұжырым шығарамын. Біріншіден паразит құрттар ішкі мүшелерді соның ішінде бауырды, өкпені , қуықты және жыныс мүшелерін зақымдайды. Адамға ауыз арқылы еніп асқазанға түскесін, оның қабырғаларын жыртып қан арқылы өзіне қажетті мүшелерге барып, ісік тудырады.

Гельминттер- бұл көпжасушалы, құрттардың сколецид (Scolecida) деп аталатын төмен сатысына жататын паразитті түрлері. Жалпы омыртқасыз жануарлардың құрттар тобы үлкен үш класқа жатады. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар. Ал барлық гелминттерді үш класқа бөлеміз: трематодтар немесе сoрғыш (Trematoda) құрттар , таспа құрттар немесе цестодалар (Cestoda) және жұмыр(Nematoda) құрттар. Паразит түрлері тек қана тірі ағзалардың дайын тамағымен қоректенеді. Олардың қосымша, аралық және негізгі иелері болады. Негізгі иелеріне көбіне адам немесе ірі қара малдар, ал қосымша иеге былқылдақденелер немесе жәндіктер жатып, оның ішінде құрттар уақытша өмір сүреді. Осы паразит құрттарды 1931жылы Скрябин мен Щульц зерттеп паразит құрттарды биогельминт және геогельминт
деп бөлді. Биогельминт дегеніміз-олар жануар арқылы адамға беріледі, ал геогельминт дегеніміз-топырақ арқылы адамға беріледі.

Трематодтар- денесі бунақталаған таспа немесе жапырақ тәрізді құрылысты дене көлемі үлкен емес құрттар. Барлық трематодтар- қосжыныстылар. Бұлардың барлығы биогельминттер. Олардың барлығында екі сорғыштары бар. Оның бірі ауызында-сору үшін, екіншісі құрсағында- бекіну үшін. Осы құрттардан болған ауруларды жалпылама трематоз деп атайды.Олардың 5000 -7000-ға дейін түрі бар деп есептелінеді.

1. Мысық сорғыш
2. Клонорх
3. Дикроцелий
4. Фасциол
5. Парагоним
6. Нанофиет

7.Метагоним
8.Шистосома

Цестода класы.

Цестодалар-олар жалпақ жіпше пішіндес болады. Құралған мүшелерін-проглатид деп атайды. Ұзындығы мен мүшелерінің айырмашылығы бір-бірінен өте көп. Оларда асқорыту жүйесі, тыныс алу жүйесі жоқ. Олардың көбі биогельминттерге жатады. Адамның ағзасын бірнеше ондаған цестод түрі мекендеп зақымдайды.Цестодадан пайда болатын ауру-цестодоз деп аталады.

1.Жіпше құрт
2.Сиыр цепені
3.Шошқа цепені
4.Эхинококк
5.Альвеококк
6.Егеуқұйрық цепені
Немотод класы.

Кей гельминтар немотод класына жатады. Олардың денелері дөңгелек, жұмыр ,цилиндр тәріздес болады. Дара жынысты. Олардың дамуы тура жолмен жүреді және бірнеше иелері арқылы беріледі. Немотодтан пайда боладын ауруды немотодоз деп аталады.

1.Үшкірқұрт
2.Ішексорғы
3.Власоглав
4.Стронгилоид
5.Трихостронгилид
6.Трихинелла
7.Филярии
Құрттар барлық өзіне қолайлы жерлерде кездеседі. Олардың саны миллионға дейін барады.
Сорғыш құрттардың барлығы дерлік қосжынысты болып есептеледі. Олардың көбі дерлік аталығы мен аналығы бір ағзаның ішінде кездеседі.
Ол қасиет өздігінен емін еркін қосылып ұрықтануына жол ашады.

Яғни олар тек тірі ағзаларда ғана көбейіп дами алады. Олардың бас бөлігінде және құйрық бөлігінде екі түрлі сорғыштары бар. Оның бірі сору үшін, ал бірі бекіну үшін керек. Қармалауыштары арқылы негізгі иенің денесіне енген соң мүшелердің жұқа қабырғаларын жыртып, қан тамырлар арқылы өте қажетті мүшелерге барады да, бірнеше жылдарға дейін дайын тамақпен қоректеніп жатады

Бұлар адамның ішіне енген кезден бастап-ақ, өзінің өкімін жүргізе бастайды. Олар өте қауіпті құрттар , себебі жыл сайын барлық елдерде бұл құрттармен кездесіп өлімге душар болып жатады. Ал бір адамның өлімі ол сол елдің мәселесі.
Сондықтан бұл паразит құрттарға немқұрайлы қарамауымыз керек, олардың жер бетін жайылып кетпеуі үшін алдын ала дабыл қағуымыз керек.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s