Ф.Оңғарсынова. «Қанат туралы хикая»


ШҚО Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Сулейменова Асемгуль Кадылбековна

Тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Қанат туралы хикая»

Мақсаты: 1. Оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, шығармашылықпен жұмыс істей

отырып сөздік қорын молайтады, тіл байлығын арттырады. Өздігінен

жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға үйренеді.

Міндеттері: 1. Өлеңді оқу арқылы адамның қос қанаты ата-анасы алдындағы

міндеттері мен борыштарын өтеуге үйренеді.

2. Баласына ата-атасынан ең жақын ең қасиетті адам жоқ екенін

түсіндіру арқылы сезімдерін, сүйіспеншілігін, ой-өрісін дамыту.

3. Адамгершілікке, жауапкерпшілікке, әдептілікке баулу, адалдыққа

бағыттау ұжымды бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Пән аралық байланыс:

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

«Жылы лебіздер» тренингі жүргізіледі. Оқушылар дөңгелене тұрып «сиқырлы таяқшаны» бір-біріне ұсынып жылы тілектерін айтады. «Еркемей, сенің даусың әдемі».

2. Үй тапсырмасын тексеру

— Үйге қандай тапсырма берілді?

— Менің анам тақырыбына шағын құрап келген әңгімелерін оқытамын.

— Балалар, соңғы сабақтарда қандай шығармалармен таныстық?

— Олардың ұқсастықтары қандай?

— Ана тақырыбында жазылған шығармалармен таныстық.

— Өз өлеңдерін анаға арнап жырлағанақынның бірі Фариза Оңғарсынова. Бүгін ақынның «Қанат туралы хикая» өлеңмен танысамыз.

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда туған. Атырау облысы, Исатай ауданында өскен. Қазақтың дарынды ақыны, көптеген өлең кітаптарының авторы «Қанат туралы хикая» 1988 жылы «Алғашқы сабақ» жинағына енген.

3. Қызығушылықты ояту.

— Жұмбақ айту.

а) Барлық жемін бітеулей асайды,

Әйтсе де ұзақ жасайды.

Ол не? (Құс)

ә) Жұмбақ шешіміне сәйкес тақтаға сурет іліп, оның тақырыппен байланысын ашу.

— Балалар, суреттен нені байқадыңдар?

— Қарлығаш ұядағы балапандарына келеді.

— Қарлығашқа зер салып қараңдаршы, қалай ұшып келеді?

— Екі қанатын жазып ұшып келеді.

— Енді ойланайық, осы суреттен жұмбақтың өлең тақырыбымен қандай

байланысы бар екен?

-Жұптасып талқылап алады.

-Дұрыс айттыңдар, балалар. Бұл өлең ата-ана мен бала туралы жазылған. Балапанның анасы – қарлығашты адамның қос қанаты ата-анамен байланыстырып, оларсыз балалардың өмір сүре алмайтындығын түсінсе дейді екен.

4. Оқулықпен жұмыс.

-Өлеңді алдыменен өзім оқып беремін.

-Оқушыларға оқытамын

-Өлең не туралы?

-Балапан, ата-ан, бала туралы

-Балапанға не болды?

-Ұясынан құлап қанатын сындырып алды

-Балапанға көмек берілді ме?

5. Сергіту сәті.

— Мақалдың «жалғасын тап» ойынын ойнайық:

1. Ана сүтін ақтамағанды,

Ешкім мақтамайды;

2. Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер.

3. Қабыл ал балаңның,

Сәлемін жолдаған.

6. Дәптермен жұмыс.

— Енді дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз.

— Өз анаңды суреттеп жазайық.

7. Бекіту.

— Бәріміз көзімізді жұмып, ата-аналарымызды ойлайық. Көз алдымызға ата-аналарымызды елестетейік. Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер іштей сұраққа жауап айтасыңдар.

1. Сен ата-анаңды жақсы көресің бе?

2. Сенің ата-анаң қандай адам?

3. Әкеңнің мінезі қандай?

4. Анаңның мінезі қандай?

5. Сені қалай еркелетеді?

— Енді барлығымыз алдымыздағы стикерді алып өз ата-аналарымызға тілек жазайық.

8. Үй тапсырмасы

— Үйден «Қанат туралы хикаяны» жаттап келесіңдер.

Бағалау.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s