Іле-Балқаш аумағының экологиялық жағдайы


ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«Іле-Балқаш аумағының экологиялық жағдайы»

ОРЫНДАҒАН: Алматы қаласы , Жетісу ауданы КММ «№109 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы

Әбдіхалық Нұралым

Ғылыми жетекшісі: география пәнінің мұғалімі

Байгалиева Айнур Тұрсынбековна

ІлеБалқаш көлі алабындағы өзен. Қазақстанның Алматы облысында және ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аудан аумағында, Орталық Тянь-Шань тауларынан (Тәңіртаудан) бастау алатын Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды.

Ұзындығы 1001 км (Текес саласымен 1439 км), Қазақстан аумағында 815 км. Су жиналатын алабы 140000 км², Қазақстан аумағында 77400 км². Жоғарғы бөлігі таулық сипатта. Оң саласы Қас өзені құйғаннан кейін аңғары кеңейеді. Қапшағай қаласына дейін Іле жағасы аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Қапшағай шатқалы тұсында өзен арнасы бөгеліп, Қапшағай бөгені салынған. Төменіректе Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары едәуір кеңейіп, Сарыесікатырау және Тауқұм аралығымен ағады. Ірі салалары: Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті,Шілік, Шарын, Үсек (Өсек),

Қорғас.

Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынща пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс – қоғаның жоғалуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалды. Іле – балқаш алқабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.

Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. “ Қызыл кітапқа” енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б құстар қазір өте сирек кездеседі.

Балқаш ауданында өзеннен Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары тарамданады. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау құрайды. Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы 9000 км². Іле өзені мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады.

Су ресурстарының шамамен 30%-ы Қазақстан, 70%-ы Қытай аумағында қалыптасады. Көп жылдық орташа ағымы Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12,35 км³, Балқашқа құятыны 11,85 км³. Суының минералдығы 286 мг/л-ден 877 мг/л-ге дейін (шекара маңында) өзгереді, атырау басында (Үшжарма) – 320 – 345 мг/л.

Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 жылдары ххҚазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым – шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 – 1 г/л), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 – 6 г/л), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.[1] Балқаш – Қарағанды облысындағы қала, Мойынты – Ақтоғай темір жол бойындағы станса, Балқаш көліндегі пристань. Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады. Жылдық өнім көлемі жүз мың тонна. Қалада тарихи-өлкетану мұражайы, екі спорт кешені, жүзу бассейні, Қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен-металлургия техникумы, педагогикалық, медициналық училищелері, Қарағанды политехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, жиырма шақты орта және сегіз жылдық мектеп, екі халық театры, бейнестудия, т.б. мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия республикаларымен байланыстырады. Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Касспий, Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша үшінші орында. Көлдің батыс және шығыс бөліктерінің минералдарыны екі түрлі болып келеді, бөліктер жіңішке бұғазбен жалғасады. Батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігі жағында ащы болады. Балқаш көлі – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Бетпақдала жерімен шектеседі. Орта ғасыр карталарында Балқаш Орта Азияның Жетісу аумағына енген.
Балқаш көлінің суының екі бөлікте әр түрлі болғаны ғарыштан айқын көрінеді. Шығыс жағындағы ащы көл түсі көк болса, батыс бөлігіндегі тұщы су түсі сұр болады.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км2 , ұзындығы – 605 км, ені – 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тыныш болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістіктерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропагендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай сү қоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынща пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс – қоғаның жоғалуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалды. Іле – балқаш алқабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. “ Қызыл кітапқа” енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи – табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорық қорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын – мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы “Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы” атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.
Балқаш көліне әр түрлі химиялық тыңайтқыштар қосылған күріш суын жібермеу мақсатында игі жұмыстар жүзеге асырылуда. Мысалы: соңғы уақытта күріш шектерінен бұрынғыдай су жырылып шығуына жол бермейтін болдық. Мұның өзі, біріншіден – суды ысырап етпеудің, екіншіден – Балқашқа барып құятын судың тазалығын сақтаудың бірден – бір тиімді жолы. Суды үнемді пайдаланудың тағы бір жолвн тауып отырмыз. Мысалы бір гектар жердегі қамыс 13 мың текше метр су жұтады екен. Сондықтан да өткен екі жылдан бері күріш шектерінің жиектерін қамыстан тазалау жұмыстары қолға алына бастады. Мұның да екі жақты пайдасы болып тұр. Біріншіден – су үнемдеуге қол жетті. Екіншіден – қамыс мал азығы ретінде пайдаланылды. Бұл да Балқаш көлін құтқаруға бағытталған үлкен үлес емес пе?! Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі эко жүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Келемі — 501 мың км2, ұзындығы — 605 км. ені — 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері — 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған косымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле — Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле — Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалпытасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле — Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаншылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле — Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле — Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көк-құтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле — Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары — Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұрақты тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгіні мен болашаға» атты халықаралық дейгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.
Оның негіздері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. 3. Алқада және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау баласының парызы.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, қоршаған ортаға, табиғатқа, өмірге зияны көп құбылыстарды тежеу, тоқтату шараларын белгілеу – бүгінгі қайта құру кезеңінің басты міндеттерінің бірі. Мұндай шаралар республика жұртшылығының пікір – ұсыныстарын есепке ала тырып, ғалымдар мен мамандар арасында кеңінен талқылауында. Оларды тез арада асырудуң бағыттары мен жолдары партия және үкімет басшыларының алдына қойылуда.
Бұл бағыттағы ең басты шаралардың бірі Балқашты біртұтас су айдыны ретінде сақтап қалуды, олардың экологиялық, экономикалық жағдайларын нашарлатпауды, су деңгейін төмендетпеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Аяулы табиғат – алтын бесігіміз, адам қоғамының тіршілік етуінің ең басты шарты. Оның керекті, әлде керексіз бөліктері жоқ. Бәрі – керек. Адам үшін туған өлкенің ауасы, топырағы да, тауы мен тасы, өзен – суы, орман – тоғайы, қос қанаттысы, мен жер бауырлаушысы… бәрі, бәрі қымбат.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s