Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің м аңыздылығы


ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің маңыздылығы»

ОРЫНДАҒАН: Алматы қаласы , Жетісу ауданы КММ «№109 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы

Түктібай Айдар

Ғылыми жетекшісі: география пәнінің мұғалімі

Байгалиева Айнур Турсынбековна

Адам денсаулығын қорғау, ауруларға медициналық көмек көрсету денсаулықты қорғаудың басты мәселесі болып табылады. Жыл сайын қолданылатын дәрілік өсімдіктер саны өсуде. Олардың ішінде қазіргі уақытта онкологиялық емдеуге, қан тамыры ауруларына, туберкулез, қант диабетіне қолданылатын дәрілік өсімдіктерге көп көңіл аударылуда.

Мәденилендірілген дәрілік өсімдіктерді зерттеу мен қолдану фармацевтикалық және медициналық өндірістің дамуымен байланысты. Қазіргі заманғы жағдайларда Қазақстанның фармацевтика өндірісін ең перспективті бағыт ретінде дамыту қажет болып табылады, ол бай шикізат базасына негізделеді. Бірақ кейбір жабайы дәрілік өсімдіктердің өндірістік қорларының мөлшері аз және олар қорғауды қажет етеді.

Барлық елдерге дәрілік заттарды қолданудың көп жылдық тәжірибесі халықтық медицина негізінде жатыр. Бірақта өсімдіктерді дәрі ретінде қолдану көптеген уақыт эмприкалық болып қала береді. Тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинау қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының болжауынша жақын онжылдықта фитопрепараттардың бөлігі жалпы көлемде дәрілік заттардың 60%-ын құрайтын болады.

Дәрілік өсімдіктер бүгінгі күні денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Оларды жинау, өсіру және өңдеумен көптеген мемлекеттік және кооперативтік мекемелер айналысады. Сонымен қатар, ескі және жаңа дәрілік өсімдіктерді зерттеу жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Адамдар дәрілік өсімдіктер туралы өте ерте заманнан бері білген. Мүмкін, жер бетінде адамдар пайда болғанға дейін жануарлар кейбір емдік өсімдіктерді пайдаланған болар. Мысықтар мен иттер ауырған кезде шөптерді жейтіні белгілі, әсіресе астық тұқымдастардың жапырақтарын жейді, бұлардың емдік қасиеттері әлі толық зерттелмеген.

ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІ ІЗДЕУ, ЖИНАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ

Көптеген жаңа ғылыми жұмыстар әлі белгісіз дәрілік өсімдіктерді зерттеуге бағытталған. Жаңа дәрілік өсімдіктерді табудың 3 жолы бар.

1-ші жолы – биогенетикалық ұсастық, туыстық әдіс. Өсімдіктердің бір – біріне ұқсастары көп болады. Олардың негізінен басты белгілері өсімдік мүшелерінде болады және осындай ұқсас түрлерді ботаниктер бір туысқа жатқызады.

Ұзақ уақыт бойы қиын эволюциялық процестер кезінде өздерінің ұқсастықтарын жоғалтқан түрлер де өте көп. Мысалы: гранат – оңтүстік өсімдігі, оның жемісі дәрі ретінде пайдаланылады. Бұл өсімдіктің Европа мен Оңтүстік Азия аймақтарында, Испаниядан бастап Қытайға дейін тек бір түрі бар. Ол тек Үнді мұхитындағы Сокотро деген жерде кездеседі. Көбінесе тек түрлер ғана емес бір тұқымдасқа жататын туыстар да кейбір морфологиялық белгілері бойынша, мысалы: гүлінің құрылысы, жапырағы, анатомиялық құрылысы бойынша да, сонымен қатар ортақ химиялық белгілері, биологиялық активті заттармен де ерекшеленеді.

Дәрілік өсімдіктердің жақын түрлерін зерттеу өте үлкен маштабта жүргізіледі және өте бағалы нәтижелер береді. Мысалы,Digitalis purpuraea (наперстянка пурпурная) өсімдігі маңызды жүрек гликозидтерінің көзі болып табылады. Бұл өсімдік бұрынғы КСРО аймағында өспейді. Кавказда оған жақын түрлер кездеседі, ол наперстянка ржавая, н. ресничная және н.крупноцветковая. Молдавияда Н. шерстистая және т.б. бұлардың барлығында жүрек глюкозидтерінің бар екендігі анықталды.

Дәрілік өсімдіктерді табудың екінші жолы – елек деп аталады. Оның негізі емдік маңызы бар деген жергілікті флора өсімдіктеріне жаппай химиялық талдаулар жүргізу болып табылады. Дәрілік өсімдіктерді ізденудің бұл жолы аса көп еңбекті талап етеді. Бұл әдіспен фармацевтикалық өңдірісте маңызды орын алатын, көптеген дәрілік заттар табылады. Мысалы, бұл әдіспен Рихтер сораңы (Salsola richteri Karel), бұйырғын (Anabasis) және т.б. бір қатар дәрілік өсімдіктер анықталды. Сондықтан елек әдісі медицина үшін өте маңызды және бұл әдіспен жұмыс істеуге болады.

Дәрілік өсімдіктерді табудың үшінші жолы – халық медицинасы, ол ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі тілде айтылуы бойынша қалады. Бұрын барлық мемлекеттерде екі медициналық жүйе қатар жүрген. Біреуі адам ағзасының табиғатын, құрылысын және қызметін, аурулардың пайда болуын және оларды емдеу жолдарын зерттеуді дәрігерлер және ғалымдар қатар алып жүрген. Келесі медицина – қарапайым халықтың медицинасы, көптеген ұрпақтар бойы қалыптасқан, тамаша пайымдаулары да, тұрақты қателесулері де бар. Адам тарихының бастауларында осы екі медицина бір болды. Және кезгелген эмпирикалық медицина жүйесі Шумер – Египет – Грек, Үнді және Қытайлық – халықтық медицинадан бастау алады.

Осы заманғы медицина халықтық медицинаға қарсы қойылды. Біріншісі, жазбаша мәліметтерге, дәрілерге арқа сүйенсе, ал екіншісі тірі табиғат пен араласудан алынған бақылауларға сүйенді. Ғылыми зерттеулерді халық пайдаланды және халық тәжірибесі ғылыми медицина зерттеулеріне негіз болды, жалпы алғанда бұл екі медицина бір-біріне сеніміз көзқараспен қарайды. Бұрынғы заманғы медицина эмпирикалық медицинадан биік тұрады. Халықтық медицина локальді, негізінен жергілікті аймақта өсетін, өсімдіктермен байланысты. Әрине, адамдар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған, бұрынғы ормандарын, шалғандарын және жайылым жерлерін басқаларға қалдырып, адамдар территорияларын үлкейтіп, шөлді жерлерді игерді. Бірақ адамзат тарихында бір тайпа екінші тайпаны ауыстырап отырған, олар бұрыннан жерді, өсімдіктерді қалай игеру керек екендігін үйреніп алды. Мындаған жылдар бойы адамдар өзі орналасқан аймақтағы өсімдіктерді зерттеп таныды.

Жемістері де жапырақтары мен гүлдері сияқты құрғақ ауа-райында жиналады. Олардың толық піскен кезеңінде қолмен сындыру арқылы жинайды. Шетен және тмин өсімдіктерінің жемістері зонтиктерінде орналасқандары күйінде жұлып алынады. Кейін кептіріп болған соң аяқшаларынан айырып алады. Жемісті қолмен тазалау арқылы алады. Шіріген жемісті алмайды. Көптеген нәрлі жемістерді (черника, таңқурай, бүлдірген) жинау өте қиын, ішінен матамен қабатталған корзинаға саламыз, жемістер бір-бірін езіп тастамас үшін әр қабатын жапырақтарымен жабамыз. Бұд кезде жемісті дәрі үшін жинап жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Тамырын немесе тамырсабағын күзде немесе жаздың соңында өсімдік гүлдеп болған соң қазып алады. Осы кезде бұларда шипалық қасиеті бар заттар көп болады және олар үлкен, әрі ауыр болады. Тамырды жинау уақытын созып жіберуге болмайды, себебі, жапырағы мен жемісі түсіп біткен соң өсімдікті тану өте қиын. Кейбір түрлердің тамыры мен тамырсабағын ерте көктемде қазып алуға болады. Қазу үшін арнайы күрек болу керек. Дәрілік қсімдіктердің кез – келгенін кетпенмен де (тяпкамен) қарапайым күрекпенде қазуға болады. Тамырды қазу үшін күректі сабағынан 10 – 12 см алыс тереңдікке кірзізу керек. Сосын топырақтың қазылған жерін кеңейту үшін қозғау қимылдарын жасайды, сосын бір қозғалыспен қазылған тамыр мен тамырсабағын жердің бетіне алып шығарады. Тамырды сілкілеп топырағынан босатады сосын суға немесе кәрзинкаға тамырмен толтырып, суға салып қояды. Себебі су топырақтан тамырға жабысқан ұсақ тастарды жуады. Жуылған тамырларды таза шөпке, қаптарға немесе пергамент қағазға қойып кептіреді. Сосын тамыр мен тамырсабақты сабақтың қалдықтарынан тазалайды. Сонымен қатар тамырды зақымдалған немесе шіріген бөліктерінен тазалап, соңғы кептіру аймағына алып кетеді.

Дәрілік өсімдіктердің тамырларын ыстық сумен жууға болмайды, себебі осы кезде әсер етуші заттары жуылып кетуі мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді жинау бұл тек жұмыстың жартысы, соңғы кептіру кезеңінінің де маңызы зор. Барлық дәрілік өсімдіктерді кептіру керек, оларды аптекаға немесе зертханаға, заводтарға беруге үйге сақтауға қатыссыз барлығын кептіру керек. Нашар қолайсыз жерде кептіру шикізаттың сапасына әсер етуі мүмкін. Егер ылғал өте ақырын кептірілген болса, ол екі нәрсеге алып келуі мүмкін. Егер клеткалар ұзақ уақыт бойы тірі күйінде болатын болса, оларда ферменттердің жұмысы жүзеге аса береді, ол әсер етуші заттарды жоғалтуы мүмкін немесе оларды керісінше улы заттарға айналдыруы мүмкін. Ал екінші жағынан өсуші массаның ұзақ сақталуы дымқыл кезінде микроорганизмдердің дамуына қолайлы болып келеді. Ал микроорганизмдердің дамуы шикізатты мүлдем құртуы мүмкін. Кептірудің ең қолайлы әдісі ең тиімдісі ол шатыр астында құрғақ желдету болып табылады. Әсіресе темір шатырда бүкіл терезелерін ашып тастап кептіру өте қолайлы. Егер мүмкін болса терезінің біріне кәдімгі бөлме вентиляторын қойып қоюға болады. Дәрілік өсімдіктерді шатыр астында кептіру міндетті емес. Кез-келген жел қағатын ғимараттар жарай береді. Мысалы, мектептің бос бөлмелері, сарай және т.б. кейде шикізатты күн түспейтін ашық ауада да кептіреді. Кептіру өте ұқыптылықты қажет етеді. Шикізатты құртып алмас үшін оны желден, жаңбырдан қорғау керек. Ең бастысы жапырағын, шөбін, гүлін, күнге кептіруге болмайды. Күн түскен кезде ол өзінің бояуымен әсер етуші заттарынан яғни құнды заттарынан айырылады. Құрамында алкалоид бар тамыр мен тамырсабағын күнде кептіреді. Ал құрамында гликозидтері бар тамыр пен тамырсабағын күнде кептіруге болмайды. Себебі құрамындағы гликозидтер ыдырап кетеді. Тамыр пен тамырсабағын бір күннің ішінде кептіріп алуға болмайды және мүмкін емес. Шикізатты түнде қалдырғанда оны шықтан қорғау үшін бетін бір нәрсемен жабу керек. Кептіру кезінде тамырларды күніне кетпенмен немесе күрекпен бірнеше рет аударып отыру керек. Жай кезде шикізатты 3 – 4 күнде кептіріп алуға болады. Оңтүстікте мұны тездетуге болады, ал солтүстікте оны кептіруге ұзақ уақыт жұмсалады. Жуан тамырларды кейде бірнеше апта кептіреді. Кептіру кезінде шикізатты қалдағалап, жоқ дегенде тәулігіне бір рет аударып тұру керек. Өсімдікті арнайы кептіргіште кептіруге болады, ал қарапайым партияларды духовкада немесе қарапайым орыс пешінде кептіруге болады. Орыс пешінде көбінесе шырынды (сочный) жемістерді: раушан, таңқурай және т.б. кептіреді. Жемісті пеш жағылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң ғана кептіруге болады, себебі, оған дейін жеміс күйіп кетуі мүмкін. Пештегі температу 80 – 90оС болу керек. Жапырақты, гүлді пеште сирек кептіреді. Бұндай кептіруді егер ауа-райы өте қолайсыз болған жағдайда ғана жүзеге асырады. «Құрғақ ауалы жағдайға» дейін жақсы кептірілген шикізатта гигроскопиялық ылғалдың мөлшері 8-15% құрайды. Ол шикізаттың сапасына әсер етпейді. Жақсы кептірілген тамырлар шытынап сынады, сабақтары да сынуы керек. Нәрлі кептірілген жемістер қолмен қысқан кезде кесек-кесек болып қолға жабыспау керек. Кептірілген шикізатты дәріханаға береді. Өздеріне деп жиналған заттарды қағазға орап немесе мата қапшықтарда бірнеше жыл сақтауға болады. Өте көп сақталған дәрілік өсімдіктердің жапырақтарын, гүлдерін тіптен жақсы кептірілген болса да қолдануға болмайды, себебі уақыт өткен сайын олар қасиеттерін жоғалтады.

Дәрілік өсімдіктерді дайындаудың екінші бір жағын да ескерген жөн. Дұрыс жоспарланбаған және дайындықты ұқыпты, тиянақты өткізбеу жеке түрлерді ғана емес, кейбір жағдайларда түгелімен басқа түрлерді де өте үлкен апаттық жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Шектен тыс ұрықтарды жинау, өсімдіктердің жер асты мүшелерін, тамырларын және тамырсабағын жинау өсімдік популяциясының толық жойылуына алып келеді.

Қазақстандағы кейбір дәрілік өсімдіктерді жинаудың жылдық мөлшері туралы мәлімет (Егеубаева, Аверина 1999) № 1 кестеде келтірілген. Жалпы дәрілік өсімдіктің жер үсті мүшелерін тек ауа-райы құрғақ кездерде ғана жинайды.

Ескеретін нәрсе, шаң басқан немесе әртүрлі насекомдармен жарақаттанған немесе тат саңырауқұлақтарымен ауырған дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.

Бүршіктерді ерте көктемде жинаған дұрыс, яғни наурыз (март) – суәр (апрель) айларында әрі таралмаған ісінген кезінде. Медициналық мақсатпен өсімдік қабықтарын тек жас бұтақтардан алған дұрыс. Шөптесін өсімдіктерді гүлдеген кезінде жинайды, оларды төменгі жапырақ деңгейінде кесіп алады. Жапырақтарды гүлдеу алдында немесе гүлдеу басталғанда немесе толық гүлдегенде жинайды. Өсімдік өліп қалмау үшін жапырақтардың көбісін жинамай қалдырады. Гүлдерді гүлдеу енді басталғанда жинаған дұрыс.

1-кесте

Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері (квота-нормасы)

Өсімдіктер түрі Шикізат түрі (дайындалатын бөлігі) Барлығы тонна
1 Аңдыз тамыр, айр- Acorus calamus – Аир Тамырсабақ 3,5
2 Ақезу бәрпі – Aconitum leucostomum – борец белоустый Шөп 100,0
3 Дәрілік жалбызтікен – Althaea officinalis – алтей лекарственный Тамырсабақ 2,0
4 Етжапырақ бадан – Bergenia crassifolia – бадан толстолистый Тамырсабақ 5,0
5 Қара мендуана – Hyoscyamus niger – белена черная Жапырақтар 35,0
6 Қайың – Betula – береза Бүршіктер, жас жапырақтар 2,5
7 Доланалар (Алматы, Жоңғар және т.б.) –Crataegus – Боярышник Жемістер 20,5
8 Самарқан салаубасы – Helichrysum maracandicum – бессмертник самаркандский Гүлдер 5,0
9 Түркістан валерианасы – Valeriana turkestanica –валериана лекарственная Тамырлар 1,5
10 Жантақ – Alhagi – верблюжья колючка Шөп 9,0
11 Кәдімгі адыраспан – Peganum harmala – Гармала обыкновенная шөп 9,0
12 Шаян мойын таран – Polygonum bistoria – горец змеиный Тамырсабақ 1,0
13 Бұрыш таран – Polygonum hidropiper – горец перечный Шөп 3,0
14 Қызыл таспа – Polygonum aviculare – горец птичий Шөп 4,0
15 Айланшөп таран – Polygonum percicaria – горец почечуйный Шөп 2,0
16 Биік аңдыз – Inula helenium – девясил высокий Тамырсабақ 9,0
17 Дәрі түйежоңышқа – Melilotus officinalis – донник лекарственный Шөп 1,0
18 Кәдімгі емен – Quercus robur – дуб обыкновенный Қабық 1,0
19 Кәдімгі жұпаргүл, киікшөп – Origanum vulgare –душица обыкновенная Шөп 12,0
20 Тор жеміс тегеурінгүл – Delphinium dictyocarpum –живость сетчатоплодная Шөп 2,0
21 Шілтержапырақ шәйқурай – Hepericum perfotum –зверобой продырявленный Шөп 12,0
22 Бунге киікоты – Ziziphora bungeana – зизифора Бунге Шөп 3
23 Кәдімгі аюқұлақ – Verbascum thapsus – коровк обыкновенный Гүлдер 1,0
24 Қосүйлі қалақай – Urtica dioica – крапива двудомная Жапырақтар 12,5
25 Дәрі шелна – Sanguisorba officinalis –кровохлебка аптечная Тамырсабақ 1,0
26 Мықсыр рапонтикум – Rhaponticum cartamoides –рапонтикум сафлоровидный Тамырсабақ 0,2
27 Жөке ағаш – Tilia – липа Гүлдер 3,5
28 Шоңайна – Arctium – лопух Тамырлар 4,0
29 Таңқурай – Rubus – малина Жемістер 2,0
30 Кәдімгі өгейшөп – Tussilago farfara – мать-и-мачеха обыкновенная Жапырақтар 3,0
31 Азия жалбызы – Mentha asiatica – мята азиатская Жапырақтар 4,0
32 Итшомырт шырғанақ – Hippophae rhamnoides –облепиха крушиновидная Жемістер 50,0
33 Кәдімгі бақбақ – Taraxacum officinalis – одуванчик лекарственный Тамырлар 2,0
34 Кәдімгі жұмыршақ – Capsella bursa-pastoris –пастушья сумка Шөп 2,1
35 Кәдімгі түймешетен – Tanacetum vulgare – пижма обыкновенная Гүлдер 17,0
36 Таушымылдық — Paenia – пион Шөп және амырлар 3,0
37 Үлкен бақажапырақ – Plantago maior – подорожник большой Жапырақтар 3,2
38 Ащы жусан – Artemisia absinthium – полынь горькая Шөп 5,5
39 Түркістан сасықшөбі – Leonurus turcestanicus –пустырник Туркестанский Шөп 3,0
40 Қызғылт семізоты – Rhodiola rosea – родиола розовая Гүлдер 1,0
41 Дәрілік ромашка – Matricaria recutita – ромашка лекарственная Гүлдер 1,0
42 Сібір шетені – Sorbus sibirica – рябина Сибирская Жемістер 1,0
43 Жалаң мия – Glycyrrhiza glabra – солодка голая Тамыр 40,0
44 Орал миясы – Glycyrrhiza uralensis – тимьян маршаллиевский Шөп 40,0
45 Маршалл жебірі – Thymus marschallianus –тимьян маршаллиевский Шөп 4,1
46 Кәдімгі тмин – Carum carvi – тмин обыкновенный Жемістер 1,0
47 Кәдімгі мыңдапырақ – Achillea millefolium –тысячелистник обыкновенный Шөп 19,0
48 Кәдімгі цикорий – Cichorium intybus – цикорий обыкновенный Тамыр және шөп 2,0
49 Лобель тамырдәрі – Veratrum Lobelianum –черемица лобеля Тамырсабақ 2,0
50 Үштармақ итшоған – Bidens tripartite – череда трехраздельная Шөп 4,5
51 Қаражидек – Vaccinium – черника Жемістер 1,0
52 Үлкен сүйелшөп – Chelidonium majus – чистотел большой
53 Дала қырықбуыны – Equisetum arvense – хвощ полевой Шөп 2,2
54 Кәдімгі құлмақ – Humulus lupulus – хмель обыкновенный Жеміс шоғыры 0,9
55 Раушандар – (Rosa alberti, R.beggeriana, R.majalis) – шиповники Жемістер 33,0
56 Жылқы қымыздық – Rumex confertus – щавель конский Тамырлар 2,5
57 Қырықбуын қылша – Ephedra equisetina – хвойник хвощевой Өркендер 800,0
58 Сиверс алмасы – Malus sieversii – яблоня сиверса Жемістер 1000,0

Медицинада шырынды және құрғақ жемістерді пайдаланады. Одарды тек піскен кезде ғана жинаған дұрыс. Шырынды жемістерді таңертең ерте немесе кешке жинайды. Оларды жинағанда үлкен сақтықпен езіп алмай жинап, ішінде тартып-керіп қойған қалта немесе қабы бар себетке салады. Тез түсіп шашылып қалатын жемістері бар өсімдіктердің жемістерін жинағанда олардың гүлшоқтарын кесіп алып бауға (сноп) байлап көлеңкелі жерге жемістері пісіп жетілгенше іліп қою керек. Сосын сондай кептірілген бауларды өңдеп жемістерін алады.

Тұқымдарды піскеннен кейін жинайды, қыста зең (плесень) пайда болмас үшін шаңнан, әртүрлі қоспалардан тазартады, таза ауада кептіреді. Тамырлар және тамырсабақтарды күзде өсімдіктің жер үсті мүшелері сола бастағанда дайындайды.

Жерден күрекпен қазып алынған тамырларды және тамырсабақтарды сілкіп-сілкіп, тазалап жуып қағазда, матаға немесе таза жерге жайып кептіру керек.

Жалпы өсімдіктерді кептірудің 4 әдісі бар:

1. Табиғи, бұл жағдайда шикізатты қағаздың немесе матаның бетіне жайып қойып жиі-жиі аударып тұрады.

2. Көлеңке кептіру, бұл жағдайда жақсы желденетін жабық ғимараттың ішінде кептіреді. Табиғи нақыштары сақталады.

3. Күн түскен жерде кептіру, бұл жағдайда өсімдіктер қабығы, тамырлары, тамырсабақтары, тұқымдары және жидектері кептіріледі.

4. Жылулықта кептіру (қолдан жылыту арқылы), бұл жағдайда температураны реттеп тұруға болады, шикізат тезірек кебеді.

Дәрілік өсімдіктер түрлеріне байланысты әдебиеттерде олардың қайсысын қай мезгілде жинауға болатындығын көрсететін күнтізбесі болады (Мухитдинов Н.М. Паршина Г.Н. 2001). Сол күнтізбесіне байланысты жинау керек. Мысалы, кәдімгі емен (Quercus robur – Дуб черешчатый), ешкітал (Salix caprea – Ива козья) шипалық қасиеті бар бөліктерін қабығын наурыз (март) айында жинайды. Ал қотыр қайыңның (Betula pendula) және қара теректің (Populus nigra – Тополь черный) бүршіктерін сәуір (апрель) айында жинау керек. Қара аңдыздың (Inula helenium – Девясил высокий) тамырлардың тамырсабатарын; сасықтамырдың (Ferula foetida – Ферулла вонючая) түйнек-пиязшықтарын; кәдімгі бақбақтың (Taraxacum officinale – Одуванчик обыкновенный) тамырларын сәуірде (апрель) жинау керек. Ал дәрілік қырмызыгүлдің (Calendula officinalis – Календула лекарственная), орман құлайырының (Malva silvestris – Просвирник лесной) гүлдерін шілде (июль) айында жинау керек. Ал итшомырттың (Hippophae rhamnoides – Облепиха крушиновая) жемісін қарашада (ноябрь), кәдімгі аршаның (Juniperus communis – Можжевельник обыкновенный) бүрін-жидегін желтоқсанда (декабрь) жинау керек. Яғни, шипалы қасиеті бар ББЗ өсімдіктің қай мүшесінде жинақталады, олар қай кезеңде жақсы күйде болады, соған байланысты жылдың әр кезеңінде дәрілік өсімдіктер жиналады. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің қайсы түрлерін қай мезгілде жинауға болатындығы туралы біздің «Лекарственные растения» деген кітабымыздың (Мухитдинов, Паршина 2002) 288-301 беттерінде келтірілген.

Дәрілік өсімдіктер шикізаты құрғақ, қараңғы, таза жайда сақталуы керек. Әрине, дәрілік өсімдіктерді сақтау қағидасы техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.

Өсімдік өркендерін, жапырақтарын, гүлдерін, бүршіктерін сақтау 2 жылдан аспауы керек, ал тамырларды, тамырсабақтарды және қабығын сақтау – 3 жылдан аспауы керек. Көрсетілген мерзімнен ұзағырақ сақтағанда дәрілік шикізат өзінің белсенділігін жоғалтады. Жалпы орташа алғанда шикізат шамамен 2 жыл сақталуы керек. Кейбір жағдайларда ол мерзімді қысқартуға немесе керісінше ұзартуға болады:

Улы және әсері күшті шикізаттар.

Эфир-майлы шикізаттар.

Жемістер және тұқымдар.

Бір-бірінен бөлек жеке жайларда сақталуы керек. Шикізаттар сөрелерде (стеллаж), қатарларда (штабель) сақталады. Сөрелермен еденнің арасы 25 см-ден кем болмауы керек. Қатарлар арасы 80 см-ден аз болмауы керек. Қатарларға шикізат атын, жиналған жылын, айын көрсетіп, этикетка жапсырып қою керек. Жайдың ішін және сөрелерді жыл сайын дәрілеп (дизенфекциялап) тұру керек. Әрине әдебиеттерде келтірілген дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесін биологиялық тұрғыдан дұрыс түсінген жөн. Дәрілік өсімдіктердің бөліктерін жинау олардың вегетациялық өсіп дамуының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Қандай вегетациялық күйде жинау ол ББЗ қай кезеңде мол жиналатына байланысты. Өсімдіктерді онтогенездік тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің әрбір түрінің ең тиімді жинау кезеңдері анықталады. Әрине өсімдікті жинаудың нақтылы күнтізбесі мемлекетіміздің географиялық аймақтарына, климат жағдайларына бағынышты. Мысалы зире (carum – тмин) және жемістері оңай шашылатын өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын «шық» (роса) кеппей ерте таңертеңгісін жинайды, ал жер үсті мүшелерін керісінше «шық» кепкеннен кейін жинайды. Осыған байланысты дәрілік өсімдіктің әрбір түріне байланысты олардың шикізатын жинау ережесі бар.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s