«Қосымша білім беру мекемелерінде оқушылардың т ехникалық шығармашылығын дамытудың тиімді жолда ры» тақырыбындағы облыстық семинар


Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы

Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық оралығы қосымша білім беру педагогі

Қосымша білім беру ұйымдарында оқушылармен жүргізілетін техникалық-шығармашылық жұмыстардың өзге жұмыстарға ұқсамайтын, өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі зор. Оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерінің дамуымен қатар өздерін-өзі танып білуге, техника әлемін зерделеуге, әртүрлі салалар бойынша қабілеттерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды.

Мамыр айының 20сы күні Қосымша білім беру мекемелерінде оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту тақырыбындағы облыстық семинар жұмысы ұйымдастырылған болатын. Семинар жұмысы барысында келелі ойлар айтылды, бұл саланың Атырау облысында кенжелеп қалғаны да жасырын емес, сондықтан қосымша білім беру мекемелерінің жұмыстарын жандандыру қажеттігі төңірегінде тәжірибе алмасу сабақтары өткізілді.

Қосымша білім беру – заман талабынан туындап отырған мәселе. Қосымша білім беру жүйесінің басты мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Қазақстандағы балаларға қосымша білім беру жүйесі радикалды және әлеуметтік-экономикалық реформаларының салдарынан қарқынды өзгеру үстінде.

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен әлеуметтік-педагогикалық және ғылыми-техникалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырыстары тоқсан сайын тұрақты түрде өткізілуде. Мұндай алқа отырыстарында қосымша білім беруді дамытуға оның табысты жұмыс істеуінің жетекші факторы ретінде әлеуметтік-педагогикалық, материалдық қолдау, өнертапқыш салаларында балалармен тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру, ғылыми-техникалық және басқа да балалардың шығармашылық түрлерін, олардың кәсіби бағдар, қоғамдағы және мемлекеттік өмірге қатысуын дамытуға бағытталған ауқымды мәселелер қарастырылып, тиісті ұсынымдар қабылданып жоспарлар құрылады.

Ағымдағы жылы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен www.ziyatker.org сайтында өткізілген интернет сайыстарға біздің орталықтан 32 оқушы қатысып, оның ішінде 8 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның ішінде 4 оқушы жеңімпаз болып танылды. Сонымен қатар әртүрлі тақырыптардағы облыстық сайыстарға 20 оқушы қатынасып, оның 18-і жүлделі орындар иеленді.

Халықаралық «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба» тақырыбындағы конкурсқа қатынасқаны үшін 1 оқушы сертификат иеленді.

Орталық ашылғаннан бері облыстық педагогикалық оқуларға қатынасқан 3 мұғалімнің екеуі, «Ең үздік авторлық бағдарлама» байқауына қатынасқан 4 мұғалімнің төртеуі, 1 «Үздік жыл әдіскері» байқауына, «Үздік сабақ» байқауына қатынасқан ұстаздар жүлделі орындарға ие болды.

VIII республикалық инновациялық – педагогикалық идеялар фестивалінінің облыстық кезеңіне қатынасқан 1 ұстаздың жобасы Алғыс хатпен марапатталса, 1 мұғалімнің баяндамасы облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатынасып, сертификат иеленіп, баяндамасы жинақ кітабына енді.

Сөз жоқ, қай істе болмасын ортақ мақсатқа құрылған жұмыс атқарғанда ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Ендеше, біздің ұжым ұстаздардарының үздіксіз білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табысқа жетудегі алар биіктері әлі де мол болмақ.

К этому письму приложены ссылки на следующие файлы:

1. DSC02671.JPG (7 Мб)
2. DSC02695.JPG (7.3 Мб)
3. DSC02702.JPG (7.4 Мб)
4. DSC02727.JPG (7.2 Мб)
5. DSC02731.JPG (7.3 Мб)
6. DSC02737.JPG (7.1 Мб)
7. DSC02755.JPG (7.1 Мб)
8. DSC02814.JPG (6.9 Мб)

Ссылка для скачивания файлов: http://files.mail.ru/BEE5F2842A704EC68988C55F2CD2924B

Файлы будут храниться до 24.06.2016

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s