Білікті ұстаз


Утебаева Несипкул Мейманханқызы,

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы

№9мектеп-гимназияның мұғалімі

Гулжан Муратова 1977жылы наурыз айының үшінші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол 1984жылы Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектебіне 1-сыныпқа барды. 1994 жылы Әл- Фараби атындағы орта мектепті аяқтап, 1998 жылы Түркістан қаласындағы ХҚТУ-дың тарих пәні факультетін бітірген. Осы жылдан бастап бүгінгі таңға дейін Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда тарих пәнінің мұғалімі, ал 2010ж. бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқарып келеді.

«Қазақстандықтар жоғары білімді ұлт болуы керек» деп, президентіміз- Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалімдеріміз шығармашылықпен жұмыс атқаруда. Соның бірегейі–тарих пәнінің мұғалімі және оқу ісінің орынбасары Гүлжан Муратова осы мектеп- гимназияға педагог болып орналасқаннан бері тынымсыз еңбек етіп келеді. Таратып айтатын болсақ: 2013ж. Түркістан қалалық білім бөлімінің сараптауымен «Алтын белгі» иегерлерінің саны бойынша Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия І орын алды. 4 оқушы «Алтын белгі» және 1 оқушы «Үздік» атанды. 2014ж. 4 оқушы «Алтын белгі» және 1 оқушы «Үздік» атанды. Яғни қала мектептері бойынша «үздік» үштікке енді. 2015 жылы 4оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл жетістікке жету үшін аянбай еңбек еткендердің бірден бірі – №9 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Муратова.

Оның шығармашылық қол таңбасы бәрімізге айқын. Ол қандай тың идея болса, соған ұмтылып жаңашылдық қырымен ерекшеленеді. Ол өзінің ұжымды ұйымдастыру іскерлігімен қала әкімінің және қалалық білім бөлімінің назарына ілінді. Ол қашан да айналасындағы әріптестеріне нақты әдістемелік көмек көрсетіп, білгенін үйретіп жүреді. Мектеп ұжымында оның беделі асқақ, мерейі үстем жан.

Г.М.Муратова әрдайым облыстық, қалалық семинарлардың орындалуына бақылау мен басшылық жасап, мемлекеттік білім стандартының өзектілігіне, оның орындалу барысына аса мән береді, жаңа форматтағы біліктілік арттырудағы оқытудың барлық деңгейі бойынша үздіксіз білім жүйесіндегі білім беру ісін жаңаша ұйымдастыруды көздейді. Мұғалімдердің облыс, қала көлемінде үлгілі ашық сабақтар көрсетіп, іс-тәжірибелерінің тарқатылуына әрдайым ықпал жасап жүреді. ҰБТ бойынша оқушылардың жоғары білім сапасын көрсетіп, дарындылық қабілетімен ерекшеленгендері үшін облыстық білім басқармасының және қала әкімі Ә.Ш.Өсербаевтың «Алғыс хаттарымен» бірнеше дүркін марапатталып, бағалы сый-кәдеге ие болған. Енді жетістіктеріне тоқталсақ: 2003ж. «ХХІ ғасырдағы орта білім: ізденістер, проблемалар, перспективалар» қалалық пед оқуда І-орын алған. 2006ж. «Жыл мұғалімі – 2006» байқауында «Жаңашыл ұстаз» номинациясын иеленген. 2011ж. Қала бойынша жарық көрген «Жадымда тұрар мәңгілік…» атты әдістемелік жинаққа материалы енген. 2015ж. «Білім беру ұйымдарын басқарудың үздік моделі – 2015» номинациясын иеленген. 2015ж. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай Астанада өткізілген «Бірге өмір сүрейік» Республикалық фестиваліне Түркістаннан ( Г.Өскенбаева, №9 мектеп-гимназиядан) Абдукадировтар отбасын жауапкершілікпен дайындап қатыстырып келді. Түркістанның мерейін асырған Абдукадировтар отбасы бас жүлдені иемденді. 2016ж. «Ағылшын тілінде белсенді оқыту және үйрету әдістерін қолдану тәсілдері» тақырыбында өткен облыстық ғылыми- практикалық семинардағы ашық сабағы үшін облыстық Құрмет грамотасымен марапатталған.

Г.М. Мұратова оқу ісінің орынбасары ретінде өзіне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен атқарады. Ол облыстық, қалалық семинарлардың бағдарламасын дайындау, түзу, бекітуді қолға алып, ашық сабақтар өтетін мұғалімдерге әрдайым әдістемелік көмек береді. Оқу ісінің орынбасары және тарих пәнінің мұғалімі Г.М.Мұратованың өзіндік жолы бар. Біріншіден ұстаз — жас мұғалімдерге білгенін үйрететін әріптес, екіншіден білімнің кілтін балаға ұстата білетін мұғалім, үшіншіден ұжымды басқаратын білікті директордың орынбасары.

«Ата баласының, Ат меңіндей белгісі болады» дегендей, Гүлжан Муратованың нағашы атасы – Иманқұл Ыбыраев елге танымал қасиетті тұлға болған. Өткен шақта айтатын болсақ: Иманқұл Ыбыраев ағарту саласы бойынша «Балтакөл» мектеп-интернатының негізін қалаған және Түркістан ауданық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Бүгінде осы аталған тұлғаның атында Түркістан қаласында көше бар.

Г.М.Мұратованың анасы – Иманқұлова Қанипа апай да ұлағатты ұстаз ретінде Түркістан қаласындағы «Сәуле» бала-бақшасын ұзақ жылдар басқарып, зейнеткерлік демалысқа шыққан. Парасатты Қанипа апайдың тізбектелген мұғалімдік қызметтік өмірін мақамдап, өнегелі тұстарын түйіндеп бір сөзбен айтар болсақ, оны сегіз қырлы бір сырлы жан дер едік. Данагөй Қанипа апай жөнінде өрбітер әңгіме өз алдына бір төбе. Ол жайындағы мөлтек сыр шертудің кезегін кейінгінің еншісіне қалдыра тұрайық. Ұстаз –ананың ұстаздық ілімін жалғастырушы ізбасар – мұрагері Гүлжан Мұратова бүгінде жоғарыда аты аталған мектеп- гимназияда мектеп директорының қызметін атқаруда. Шығармашылықтың шыңына өрлеу үшін аянбай тер төге еңбек етіп жүрген Гүлжан Мұратоваға атқарар игілікті істеріңіз мол болсын деймін.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s