Гимназияға 20 жыл


Несипкул Мейманханқызы Утебаева,

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы

№9 мектеп-гимназияның мұғалімі

“Мәуелі ағашқа барлығы да қарайды” дегендей, тарихы терең шежірелі, тағлымы мол Түркістан қаласындағы Н.А.Некрасов атын иеленген №9 мектеп-гимназиясы аудан бойынша тұңғыш рет 1996 жылы сол кездегі білім бөлімінің басшысы Г.З.Зияйдинованың бұйрығымен “гимназия статусын” алған білім ошағы. 2015-2016 оқу жылының 4 тоқсанында “Гимназия” мәртебесін алғанына 20 жыл толған білім ордасында мектеп-гимназия директоры Ж.А.Орынбаеваның ұйытқы болуымен, мектеп директорының орынбасары Г.А. Михайлинаның ұйымдастыруымен “Гимназияға 20жыл” тақырыбында ауқымды мерекелік іс-шара өткізілді. Қанатының астына қаншама ұлт пен ұлысты баураған ғасыр жасаған киелі білім ордасы гимназия мәртебесін иеленуі үшін алдарына мақсат-мүдде қойып бірізділікпен, істің көзін тауып асыл армандарға қол жеткізген бүгінде зейнеткерлікте жүрген қазыналы еңбек майталмандары, білім саласындағы басқа мекемелерге қызметке ауысып еңбек етіп жүрген педагогтар арнайы шақыртумен құрметті қонақтар болып мектепке келді. Бас қосқан қызметкерлерге тоқталсақ, тұңғыш гимназияның іргетасын қалаушы мектеп директоры С.Н.Керн (зейнеткер), сол кездегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.П.Спирина (зейнеткер), мұғалімдер – В.И.Шешина (зейнеткер), Ж.А.Қасымова(зейнеткер), А.А.Молдашева (ХҚТУ-де оқытушы), М.В.Никитина (зейнеткер), С.А.Абдрахманова (зейнеткер),А.А. Бейсебаева (зейнеткер), Н.Я. Нарчук(зейнеткер), З.З.Серазитдинова (зейнеткер), Г.М.Нахратова (зейнеткер), М.К.Абдуллаева(зейнеткер) , М.Ж. Атаханова (зейнеткер), М. Х.Мухтарова (зейнеткер), М.Б. Косанова (зейнеткер), Л.Н. Колесникова, Т.И.Аймұратов, Г.А.Мукашева (зейнеткер), Е.И.Гасинова (зейнеткер),Ф.А. Абдиева (Дарын мектебінің мұғалімі), Ж.О.Сералиева (№21мектеп директоры), Т.М.Примжанова (№15 мектеп-гимназия директоры), А.К.Апбазов (Гуманитарлық Техникалық колледжінің директоры), А.Е.Атчабарова (Дарын мектебінің мұғалімі), Б.Х.Сулейманова (Дарын мектебінің мұғалімі) т.б.

Ізгілік мекеніне айналған алтын ұя мектепке сағынышпен келген қонақтар бірқатар мұғалімдердің ашық сабақтарына енді. Жүздері бал-бұл жайнаған қонақтар оқушылармен, мектеп мұғалімдерімен қауышып шаттыққа бөленді. Кітапханада өзара диалог құрып коучинг, тренингтерге қатысты. Өздерін көңілі жас баладай сезініп, емін-еркін ой-пікірлерін жариялап, игі ізгі тілектерін білдіріп қол таңбаларын қалдырды. Естелік үшін суретке түсті.

Гимназия мәртебесін алу үшін ат салысқан мұғалімдердің біразы өмірден өткен болатын. Дүниеден өткен В.Д.Алехина, Р.Г.Мамешова, В.И. Измайлов, М.К. Мыржықбаева, Ф.Чеганов, Ш.Т. Садыков сынды мұғалімдерді жиынға қатысушылар 1минут үнсіздікпен еске алып мектеп алаңындағы “Азалы ана” ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мектеп директорының орынбасары Галина Александровна Михайлинаның дайындаған мерекелік іс-шарасын тамашалау үшін қонақтар және мектеп ұжымы Акт залына бет бұрды. Әсем безендірілген Акт залында өткізілген сағынышты кездесудің орны ерекше, тосын сыйға толы болды. 1996 жылдан сыр шертетін бейнебаяннан бұрынғы келбеттерін, іс-қимылдарын интербелсенді тақтадан көрген зейнеткерлер мен мұғалімдер сағыныштан көздеріне еріксіз жас алып, бірде шат-шадыман күліп алды. Құттықтау сөздердің де тиегі ағытылды. Мерекелік кешті қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.Татенова мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі С.С Есенкулов жүргізіп отырды. Гимназия мәртебесін алуға еңбектерімен сүбелі үлестерін қосқан мұғалімдермен қатар елеулі еңбек етіп жүрген қызметкерлер де назардан тыс қалмады. Атап айтсақ, мектеп-гимназия директоры Жаңыл Әнішқызы Орынбаева, мектеп директорының орынбасарлары – Г.А.Михайлина, Г.Т.Халилова, Г.М.Муратова, С.К.Жорықбаева, Г.О.Божбанбаева, Г.М.Наурызбаева, А.Ж.Сайдуллаевалар, мұғалімдер– И.К.Мыржықбаева, Л.К.Ильина, Н.М.Смирнова, Т.Л. Попова, М.И.Раджапова, Н.Р. Загидуллин, Г.Р. Исраилова, М.Т. Ильясова, У.Жумадуллаева, Р.Х.Мухашева, М.А. Жукова, А.Н.Пудовкина, М.Х.Ибраев, М.А. Жукова, Ж.Ж.Байгазиева, Б.К Булдурукова, Т.Ю.Прима, Э.Мукашева, И.В.Кононенко, С.Халжанхожа, Ш.Тайтенова, А.Т.Бейсекова, Ж.Кеутешова, Ж.П.Маханбетжанова, О.В. Матвиенко, К.В.Веркащанцева, А. Сұлтанбекова, А. Бижанова, Р.З.Абдуллаев, Г.М.Филатова, З.И.Турсунбаева, Г.А.Батырова, С.С.Кузягулова, Б.К.Сабден Н.А.Дадашова, Н.Р. Джумашева, Л.К. Кубанова, О.С.Аллашова, Ж.Е.Баймен, Г.А.Батырова, Қ.Ережепова, Н.А.Куланова С.С.Есенкулов, Б.Б.Рахматуллаева, А.Б.Курлысбаев, Э.Б.Баратов, Н.М.Утебаева т.с.с.

Осы жылдар ішінде қаншама түлектің қанаты қатайып, азаматтық өмірге жолдама алды. 20 жыл ішінде ұстаздар қатары толығып, өз тарихында еңбектің, ынтымақтың, бірліктің ұлы куәсіндей толағай табыстарға қол жеткізді. Қазіргі таңда мектепте -233 мұғалім қызмет атқарады, 2332 оқушы білім алуда, 95 сынып бар, оның 45-і гимназиялық сыныптар, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын -11 сынып болса, математиканы тереңдетіп оқытатын-7сынып бар. 2004 жылдан, яғни ҰБТ басталғалы бері “Алтын белгі”, “Үздік” аттестат иегерлері саны – 28 оқушы. Оқушылар Халықаралық ғылыми жарыстарына қатысып, грант иегерлері атануда. Мысалы, Муратов Файзулла, Альгужин Данияр, Абдрахман Нурай т.б.

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, бірлігі жарасқан көпұлтты мектеп ұжымында арнайы қонақтармен бірге өткізілген 20 жылда – 20 белестерге шолу жасалып, соңы дарынды да өнерлі оқушылардың қатысуымен салтанатты мерекеге ұласты.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s