«Дарынды жастар форумы»


18-29 сәуір аралығында Некрасов атындағы №9 мектеп — гимназиямызда Гимназияның 20-жыл толуына орай он күндік іс — шаралар болып өтті. Дарынды балаларды марапаттау және оқушыларға түрткі болу үшін мектебіміздің директоры Жаңыл Орынбаева біздің болашақ оқушыларға бойдағы білім,шын зейнет,еліміздің өркениетті ел болу үшін ең бастысы, білімді болу керектігін атап өтті.

Білім — патриотизм негізі.Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге,миға тоқудың нәтижесі екендігін атап көрсетті. Биылғы жылдың 25 сәуір күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Сайдуллаеваның ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында дарынды балалар форумы өтті. Форумды мектебіміздің директоры Жаңыл Орынбаева салтанатты түрде ашып берді.

Дарынды балалар форумына келген қонақтар: Матвиенко О.В.,ХалиловаГ.Т. ,Наурызбаева Г.М.,Жорықбаева С.К.,Муратова Г.М.,Михайлина Г.А.,Божбанбаева Г.О. — бастауыш сыныптың 350 дарынды оқушыларын марапаттады. Жоғарыда атап көрсетілгендей, білім — бақыт бастауы болса, ғылым — шығармашылық негізі. Оқу жылы біздің мектеп үшін табысқа толы жыл болды. Ғылыми жұмыстар сайысында облыстық ғана емес, Халықаралық деңгейде оқушыларымыздың жеңіс тұғырынан көріне білді. Форумға келген қонақтар сөз сөйлеп, өз ризашылықтарымен алғыстарын білдірді.

Ата-аналарда сөз алып, өз балаларының осы мектепте оқып, білім алып жатқанын мақтаныш тұтатынын айтып өтті. Дарынды жас-елдің болашағы, баға жетпес қазынасы. Болашақта егеменді еліміздің тарихын сабақтайтын, болашағын айқындайтын дарынды жастар мына сіздер.

Сіздерге өз ісінің шебері болуға талпынып,әрқашан жалықпай,ғылыми -зерттеу жұмыстарын жалғастырып,өз білім көкжиектеріңізді кеңейте беріңіздер.Еліміздің елеулі,халқымыздың қалаулы,бетке тұтар азаматтары болыңдардеп ата — аналар өз тілектерін білдірді.

Дарынды балалар форумына қатысқан барлық бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылар жеңістеріңіз құтты болсын!!!

Некрасов атындағы №9 мектеп — гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Калекеева Айғаным Алтынбайқызы

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s