«Сыңғырла соңғы қоңырау» үні


Ақмола облысы Шортанды ауданы Новоселовка ауылы

Новоселовка ортамектебінің қазақ тілі

пәнінің мұғалімі Матан Зоя

Міне, зымырап уақыт өтіп , 25 мамыр да келіп жетті.

Біздің Новоселовка орта мектебінде дәстүрлі рәсімге сай « Сыңғырла, соңғы қоңырау, сыңғырла » атты оқу жылына арналған салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты әннің ырғағымен мектеп бітірушілеріміз сынып мұғалімдерімен бірге жиынға келген ата-аналарымыз бен оқушыларымыз ду қол шапалақпен қарсы алды. Мерекеміз Әнұранмен басталды.

Ең бірінші сөз кезегін ауыл әкімі Идрисов С.О алды. Әкіміміз мектеп ұжымын, оқушыларды, түлектерді, ата-аналарды мерекемен құттықтап, жүрекжарды ізгі лебізін білдірді.

Мектеп басшысы Айтпаева А.Ж барлық ұстаздарымызды, жас түлектерді, ата-аналарды, жиналған қауымға өзінің жылы лебізін білдіре келе, «Үздік» бітірген оқушыларға мадақтама қағазын тапсырды.

Дарындылығымен, шығармашылдығымен көзге түсіп, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардан орын алған шәкірттеріміздің ұстаздарын атап айтсақ, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Матан З , тарих пәнінің мұғалімі Абдиев А.А, жас маман қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сәрсенбі А ,математика пәнінің мұғалімі Тілекберді Луна сияқты мұғалімдерімізді ды «Білім беру жүйесін дамыту, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтергені үшін » «Алғыс хатпен » марапаттады.

Бастауыш сынып мұғалімі Окенай С, бастауыш сынып мұғалімі Головкина Е.С,бастауыш сынып мұғалімі Аттебай Д, дене шынықтыру мұғалімі Дюйсенов А.И, АӘД пәнінің мұғалімі Заичко А.А, дене шынықтыру мұғалімі Соңғыбай Берікбол ұстаздарымыз «Аудан көлемінде өткен спорттық жетістіктерге жеткені үшін» «Алғыс хатпен » марапатталды.

Жыл сайын біздің мектеп оқушыларымыздың ата-аналары көмектерін көрсетуде.Биылғы жылы да ата-аналарымыз құр алақан келмеді. Біздің мектебімізге қол ұштарын беріп , көмек көрсетіп, демеуші болды.Әрі ата-анамыз, әрі демеуші болғаны үшін Курумбаев Өміржан Сарсенбекұлына , Аубакиров Маратқа «Алғыс хат» берілді.

Мектебімізде өткен ғашықтық олимпиадаға, республикалық Абай,Махамбет оқуларында жүлделі орын алып, облыс көлемінде көрінген, ғылыми жобаларға қатысып, облыстық деңгейге шыққан, шығармашыл ізденіс жолында жүрген оқушыларымыздың ата-аналары Нукей Бақытжан , Жумагулова Айман , Мутай Сәрсенбі ,Цаган Хусан , Рамазан Саясат сияқты ата –аналарымыз балаларын аудандық, облыстық, республикалық деңгейде көрінгені үшін, мектеп өміріне белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатпен » марапатталды.

Алғаш қолына қалам ұстатқан, «А» деген әріпті үйреткен алғашқы ұстазы Аттебай Даряшқа, жеті жыл сол сыныптың ыстық суығына төзе білген сынып жетекшісі Мухитова К.С сөз беріліп, мұғалімдері бітірушілерге ақ жол тілеп, ҰБТ-ны жақсы тапсыруға, аңсаған армандарға жетуіне ыстық ықыласты ілтипатты тілектерін айтты.

Мектеп бітірушілеріне бүлдіршіндеріміз де құр алақан емес екенін білдіріп, өлеңдері мен тақпақтарын жиылған қауымға тамаша айтып берді.

Мұғалімдерімізге бітірушілеріміз өздерінің тілектерін білдіре отырып, гүлдерін ұсынды.

Жас түлектеріміз сынып жетекшілерімен бірге көгершін ұшыру рәсімін орындады.

Салтанатты жиынның соңында бітіруші түлегіміз Қасымхан Мақпал мен 1-сынып оқушысы Самиева Дарияға қоңырау соғу міндеті берілді. Жиылыс аяғында мектеп бітірушілерді соңғы сабаққа шығарып салды.

Қалған сыныптар тәрбие сағаттарын өткізді.Жиын соңында ата-аналар жақсы көңіл күймен тарқасты.

Жаңа өмірге қадам басқан жас түлектерімізге,алдарың ашық болсын, ҰБТ-ны жақсы дәрежеде тапсырып, абыройларың асқақтай берсін деген тілек айтқым келеді. Құрметті мектеп бітірушілер, сіздерге сәт сапар тілейміз!

Таланттылығымен, дарындылығымен, облыста, республика көлемінде мектебіміздің атын шығарып, асқақтып жүрген шәкірттерімізге, олар үшін күн –түні аянбай еңбек етіп, дайындап жүрген ұстаздарымызға зор алғымызды білдіреміз! Асығымыз алшысынан түсіп, мектебіміздің мәртебесі биіктей берсін!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s