Шығармашыл ұстаз


Несипкул Утебаева Мейманханқызы,

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы

№9 мектеп- гимназияның мұғалімі

Кубанова Лида Магамедовна 1963 жылы 13 қарашада Жамбыл облысына қарасты Луговой ауданында дүниеге келген. Ол Алматы қаласындағы Алматы шетел тілдер педагогикалық институтының шетел тілдер факультетінің ағылшын-француз тілі мұғалімі маманы бойынша 1987 жылы бітіріп, алғашқы еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты №208 мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып бастады. Осы мектепте 1988- 2003ж. аралығында мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған. Жоғарыда аты аталған мектепте 17 жыл дәріс беріп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тәжірибелі ұстаз.

2005 жылдан бастап Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда ағылшын тілі пәнінен дәріс беріп келеді. Жоғары санаттағы Кубанова Лида шығармашыл ұстаз, өз мамандығының шебері. Сабақтарын инновациялық оқыту технологиясымен өткізетін, оқушылардың танымдық қызығушылығын оята білетін, оқу-тәрбие үрдісіне аса көңіл бөлетін ізденімпаз ұстаз.

Ол “Ағылшын тілін дамыта оқыту” тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 1999 жылы аталған тақырып бойынша аудан көлеміндегі мектептер арасында семинар өткізіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Әдістемелік жинағы қала бойынша таратылған. Қалалық білім бөлімінің “Құрмет грамотасы”, “Алғыс хаттарымен ” бірнеше дүркін марапатталған.

2004 жылы АҚШ “Share International” корпорациясының ұйымдастыруымен өткен “Білім болашақтың кілті” тақырыбында өткізілген ағылшын тілі мұғалімдері арасындағы сайыстың үш турының жеңімпазы атанып, АҚШ- та білім жетілдіру құқына ие болған. АҚШ- тың Техас штатындағы Хьюстон Университетінде бір ай білімін жетілдіріп, “Халықаралық мұғалімдер бағдарламасын меңгерген жетістігі үшін” сертификатын иеленген. “Бейбітшілік корпусының” мүшесі. АКСЕЛС конкурсының жүлдегері атанған. Ізденімпаздығының нәтижесінде Кубанова Лида Магамедовна ҚР Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінің делегаты сайланып, осы съезге қатысқан.

Осы тұрғыда Кубанова Лида Некрасов атындағы №9 мектеп- гимназияда ”Әлем корпусы” волонтёрімен бірлесе 2007-2012 жылы аралықтары жұмыс жүргізген. Америка Құрама Штатынан келген Micah Lemons (Майк) есімді мұғалім-волонтёр үш жыл көлемінде, осыдан кейін мұғалім- волонтёр Leah Eangle Maria (Лия Ингл Мария) екі жылдай Кубанова Лида Магамедовнамен бірге жұмыс атқарған. Олар мұғалімдермен және оқушылармен етене араласып жауапкершілікпен жұмыс атқарды. Мұның тиімді екені оқушыларымыздың жеткен жеңісімен айқындалды.

2013жылы авторлық жұмысы “Ағылшын тілінде музыкалық қойылым” videourok.net (98666598) және 2014ж. “Ағылшын тілінде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тестер” жинағы infourok.ru (№56243040259) сайттарында жарияланып, авторлық сертификаттарға ие болған.

2015жылы сапалы білім мен тәрбие беруінің нәтижесінде іскерлік қабілеті мен оқытудағы инновациялық технологияны енгізудегі еңбегін жоғары бағалап, “Ізденіс жолы” Республикалық қоғамдық қоры мен “Мәртебе.кz” білім сайты дипломмен, ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін “Мәртебелі маман” медалімен (0036) марапаттаған. Осы аталған республикалық басылым беттерінде Кубанова Лида Магамедовна өз іс- тәжірибесін тұрақты түрде жариялап отырады.

“Ұстаздан шәкірт озар” дегендей, шәкірттерінің жетістіктері де жетерлік. Кәсіби дистанциялық байқауларға өзі және шәкірттері белсене қатысып, аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері атанған. Шәкірттері Құрбаниязова Меруерт, Икматуллаев Ахтам қалалық, облысытқ пәндік олимпиада жүлдегерлері. Икматуллаев Ахтам Түркістан қаласындағы ХҚТУ-дің ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық жасөспірімдер арасындағы конкурстың жүлдегері, “British Bulldog” интеллектуалдық ойынының жеңімпазы. Әбдірахман Нұрай 11- сынып оқушысы. Соңгы 2 жыл қатарынан қалалық пәндік олимпиада жеңімпазы. «British Bulldog», Кенгуру сияқты интелектуалды конкурстар жүлдегері. Қазіргі таңда Әбдірахман Нұрай өз ойын ағылшын тілінде баяндай алатын және шығарма жаза алатын дәрежеге жеткен. 2016жылы Әбдірахман Нұрай Бауыржанқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен ІІІ Республикалық “Ясауи” пәндік олимпиадасына ағылшын тілі пәні бойынша қатысып, 1-орынды жеңіп алып, осы оқу орнына білім алу үшін университеттің грантын иеленген. Үлкен өмір мектебіне аттанып отырған шәкірті әлі талай шыңды бағындырары сөзсіз.

“Адам баласының қадір қасиеті – білім мен ақылда” деп, Ж. Баласағұн айтқандай,Кубанова Лида Магамедовнаның алар асулары әлі алда. Ол шығармашылықпен ағарту саласында еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің болашақ иелерін даңғыл жолға бағыттай береді деген сенімдеміз.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s