Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы мен әріпі


Алматы қаласы Медеу ауданы

№53 ЖББОМБастауыш сынып мұғалімі

Қойлыбаева Алтын Молдановна

Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекет түрі: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты:Балаларға Е е дыбысы мен әріпін таныстыру. Әріптерді,буындар мен сөздерді оқуға, Ее дыбысынан келетін сөздерге дыбыстық талдау жасауға және Ее әріпінің баспа түрін жазуға үйрету.Балалардың білімге қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілетін және оның ұсақ моторикасын дамыту.Ұқыптылыққа ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері, әріптер, суреттер, қайрақ қағаздар, қызыл жіп, құм, ДВД ,диск (электронды оқулық)
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, ой қозғау, көрсету, ойын, ребус шешу, жұмбақ, сергіту сәті, әліппе-дәптер.
Салалық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, математика
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқу құралдарын түгендеу 2.Психологиялық дайындық

«Бауырсақ»ертегісінің мазмұнын еске түсіру.Оған көмектесіп,тапсырма орындау.

Мен кішкентай баламын

Мен мектепке барамын.

Оқу оқып,білім ап,

Кілең бестік аламын.

Сәлемдесіп достармен,

Қуанып мен қаламын.

Ертегі мазмұнын қысқаша баяндайды.

2.Өткенді қайталау Қоянның тапсырмасы:

-Дыбыс деген не ?

-Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар ше?

-Әріп деген не?

-Аа Пп Нн Рр Ғғ Шш Бб Мм Сс Жж Ыы Уу Лл-қандай дыбыстыр?

-Дыбысты естиміз,айтамыз.

-Дыбыстар дауысты,дауыссыз болып екіге бөлінеді.

-Дауысты дыбыстар созылып айтылады.

-Дауыссыз дыбыстар кедергіге ұшырап,қысқа айтылады.

-Әріптерді көреміз, жазамыз.Дауысты дыбысты-қызылдауыссызды-көк түсті белгілер арқылы көрсетеді.

Сергіту жаттығуы Бас бармақ

Балаң үйрек

Ортан терек

Шылдыр шүмек

Кішкентай бөбек

Баспен-Аа-әріпін жазу

Көзбен-Лл-әріпін жазу.

Иықпен-Оо-әріпін жазу.

Шынтақпен-Тт-Пп-әріптерін жазу

Аяқпен-Ұұ-ң-әріптерін жаздыру..

Аа Пп Нн Рр Ғғ Шш Бб Мм Сс Жж Ыы Уу Лл-әріптерді қайрақ қағазға жазады

Баспен-Аа-әріпін жазу

Көзбен-Лл-әріпін жазу.

Иықпен-Оо-әріпін жазу.

Шынтақпен-Тт-Пп-әріптерін жазу

Аяқпен-Ұұ-ң-әріптерін жазады.

3.Жаңа сабақ Қасқырдың тапсырмасы:

Жұмбақ шешу:

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

Еменде бар,

Қайыңда жоқ

Есікте бар.

Тұтқада жоқ.

Ендеше ,бүгін Ее дыбысы мен әріпімен танысамыз,

-Ее дыбысы қалай айтылады?

Яғни, Ее –дауысты дыбыс.

Суреттермен жұмыс

Елік,ескек, кеме,етік,емен, есек,көбелек т.б.

«Сиқырлы әріптер»телевизордан Ее дыбысына байланысты суреттер көрсету.

Жауабы: Ешкі

Жауабы: Ее дыбысы

Созып,әндетіп айтуға болады.

* -Ее-дауысты дыбыс

Елік-2 буын Е-бірінші буында т.б.

Естерінде қалған сөздерді доп беру арқылы айтқызу.

Аюдың тапсырмасы:

1.Дыбыстық талдау жасау.

2.Дәптермен жұмыс

3.Ребус шешу.

Кесе Елік Ескек-сөздеріне дыбыстық талдау.

Ее әріпін әліппе-дәптерге көркем жазу.

С Ш

Кесе-Кеше

4.Жаңа сабақты бекіту. Түлкінің тапсырмасы:

Ее әріпінің жазба түрін жаздыру

1.Ауада жазу Ее

2.Қызыл жіппен партаға жазу.

3.Ее әріпі бар сөздерді құмға жазу.

4.Бұл қай әріп?

Оң тұрса бір әріп.

Теріс тұрса бір әріп.

Алшы түссе бір әріп.

Тәйкі түссе бір әріп.

Сонда қайсы бұл әріп?

—Ее әріпін қызыл жіппен партаға жазады.

Ер ел жер тер тес жел шет бел сел бер сөздерді құмға жазады.

5.Қорытынды

6.Мадақтау

Мақалмен жұмыс

Досы көпті дау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Сонымен «Бауырсақ» Досымызға ккөмектесіп,оны түлкіден құтқарып қалдық

-Бүгін қандай дыбыспен,әріппен таныстық?

-Ее қандай дыбыс?

Оқушыларды мадақтап,оларға жұлдызша тарату.

Аспанға қарап ай көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

Жаттайды

Досы көпті дау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

-Ее дыбысы мен әріпі

-Ее-дауысты дыбыс.

Хормен:

Аспанға қарап ай көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s