Денсаулық


Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы
№9 орта мектебінің МАД сыныбының І санаттты тәрбиешісі
Сисенова Толқын Асылханқызы

МАД Тәрбиеші:Сисенова Т Күні:
Білім саласы Денсаулық 19.04.16ж
Оқу іс-әрекеті Валеология
Тақырыбы Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдептер
Сабақтың мақсаты Денсаулық мықты болу үшін салауатты өмір салтын сақтау туралы түсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге, жалпы зиянды заттарға қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптастыру. Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету. Денсаулыққа пайдалы, зиянды заттарды ажырата алу. Сөздік қорын молайту, ойын жинақы, толық айта білуге машықтандыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер Көрнекіліктер: суреттер, карточкалар, әліппе дәптер, слайд.
Сөздік жұмыс: пайдалы-зиян, емдік шөптер, темекі, шарап, никотин, түтін.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ойын, көрнекілік.
Іс-әрекет кезендері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Психологиялық ахуалды қалыптастыру Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру іздестіру

Жаңа сабақ

-Бүгін, біздер «Денсаулық еліне» саяхатқа аттанамыз. Денсаулық елінде Салауат атай бар.
-Балалар, Салауат атай туралы білгілерің келе ме?
Салауат атай – дәрігер адам. Ол алдына келген барлық науқастарды емдеп, жазып жібереді.

«Ыммен көрсет!» ойыны. Спорт түрлерін ыммен көрсету.(шаңғышы, хоккеист, каратист, жүзуші, футболшы, т.с.с.)

— Иә, жарайсыңдар! Біздің жақсы өмір сүруімізге кедергі келтіретін, денсаулығымызға зиянды әдеттер бар. Ал, ендеше, өздерінің бойындағы кездесетін жаман әдеттерді атап көріңдерші?!
-Сонымен қатар, зиянды заттарға біздің күнделікті ішіп-жеп жүрген әдеттеніп кеткен заттар да жатады екен.
-Зиянды әдеттердің біріне-темекі және темекі шегетін адамдар да кіреді. Бұл жайында не білесіңдер?

-Иә, темекі шегу адамның ішкі мүшелерінің қызметін бұзады. Темекіде никотин уы бар. Ол өкпенің, жүрек және асқазанның жұмысын бұзады. Темекі түтіні қоршаған ортаға, яғни біздің барлығымызға зиян.

Темекі адам бойына еніп қауіп-қатерге әкеледі, қорлайды.Адам тез қартаяды.Түрлі ауруға шалдығады.

-Шарап сусыны-денсаулыққа зиян. Шарап тек асқазанға ған емес, жүректің, бүйректің жұмысына, яғни ағзаның дұрыс өсуіне кедергі келтіреді.
-Сондықтан, денсаулығымыз мықты болу үшін салауатты өмір салтын, күн тәртібін сақтап дағдылану керек.
-Балалар, қанеки, өз бойымыздағы жақсы дағды-әдеттерімізді айтайықшы?!

Жұмбақтар айту.

1.Жуынамын деп жазған ай,

Күннен күнге азған ай. (Сабын)

2.Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады. (Сабын)

3.Жуынып болғаныңда,

Жүреді қолдарыңда. (Орамал)

4.Қалтамда жатыр,тісі бар,

Тістемей-ақ істер ісі бар. (Тарақ)

-Жеміс-көкөністерде, сүт тағамдарында дәрумендер көп. Таза суда денсаулыққа пайдалы, күш қуат береді.
-Сонымен қатар, жуынып, тіс, құлақ тазалап, гимнастика жасап, билеп, уақытында егілуге барсақ,ауырмаймыз, денсаулығымыз мықты болады.

Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті Біз таза жүреміз,
Тырнақты тістелемейміз.
Жуылмаған жемісті жемейміз.
Тазалықты құптаймыз
Біз ешқашан ұрыспаймыз
Салауаттың кеңесін жадымызда ұстаймыз!
Оқушылар ойын ойнайды
Рефлексивті — түзетушілік Әліппе дәптермен жұмыс.
1.Ауруды біреуге жұқтырмас үшін жөтеліп, түшкіргенде ауызыңды қолорамалмен жауып ұста.
2.Ауырған кезде қандай тазалық ережелерін сақтау керек?
3.Мына, балалардың салған суреттерінен шылым шекпейтін адамның суретін көрсет.
4.Пайдалы кеңестерді көк түспен, жағымсыз әдеттерді қызыл түспен белгіле.
«Пайдалы-зиян» дидактикалық ойыны.Тақтада екі түрлі көңіл-күйдегі көңілді және көңілсіз адам бейнеленген суреттер ілінеді. Ойынға қатысушы пайдалы заттардың суретін көңілді, ал денсаулыққа зиянды суретті көңілсіз адамға қарай орналастырады.
Балалар өздерінің бойындағы жақсы, жағымсыз әдеттері қаншалықты екенін талқылайды.
(тырнақ тістелеу, жеміс-көкөністерді жумай жеу, зиянды тағамдар жеу, жаттығу жасамау)
Балалардың жауаптары.
Тырнақ алып жүру, жуыну,жаттығу жасау,т.б.
Балалар киімдерін сүртеді.
Иіліп еденге, Саусақтарын қимылдатады.
Қолдарын айқастырады.
Қолдарын жиып, отырып тұрады.
Балалар әліппе дәптердегі тапсырманы мұқият орындап шығады.
Балалар ойынға белсене қатысады.
Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін нәтиже:
Білу Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.
Өзіне үйренгені Жаңа білімді түсінеді
Үйрену Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s