Мамандықтың бәрі жақсы


Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы
№9 орта мектебінің МАД сыныбының І санаттты тәрбиешісі
Сисенова Толқын Асылханқызы

Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту.Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Білімділік: Балаларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі маман иелері көрсетілген суреттер, тіл дамыту әліппе-дәптері.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын,жұмбақ айту.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен сәлемдесу. Сабаққа дайындықты көріп шығу.

II. Психологиялық дайындық:
Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.
– Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
– Ата – аналарың, аға – апаларың, көршілерің қандай мамандық иелері? Соларды атап өтіңдер.

III. Жаңа сабақ:
Еңбек етсең ерінбей,
Абыройыңды асырған.
Бірақ өзі көрінбей,
Бізден бойын жасырған. (Мамандық)
Енді мен сендерге мамандық жайлы жұмбақтар жасырамын. Құлақ салып тыңдап отырамыз.
IV. Жұмбақтар:
1) Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі. (Мұғалім)
2) Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
3) Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)
4) Зымыранды ерттеген,
Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
5) Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім? (Шекарашы)
6) Тәртіп, заңды сақтайды,
Ел сенімін ақтайды. (Полиция)
V. Тіл дамыту әліппе-дәптермен жұмыс

Ал енді балалар тіл дамыту әліппе – дәптерінде берілген тапсырманы орындаймыз. Ол үшін өздеріміз жақсы білетін мамандық түрлеріне тиісті еңбек құралдарын сызық арқылы қосамыз.

Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Өте жақсы. Енді сендер өскенде кім болғыларың келеді? Қандай мамандық иелері болғыларың келеді? Сол туралы айтасыңдар.
«Мамандықты ата» дидактикалық ойыны.Дәптердегі мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап,мамандық иелерін (дәрігер,ғарышкер,полиция,құрылысшы айтады.

Төмендегідей сұрақтарға жауап береді.

-Дәрігер не істейді?

-Ғарышкер ше?

-Полиция қызметкері не істейді?

-Тағы қандай түрлерін білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалып,толықтырылады.)

VI. «Сен өскенде кім болғың келеді?» ойыны

Шарты:доп лақтыру арқылы әр бала өз ойын айтады.

«Дұрыс па,бұрыс па?» ойыны

Дұрыс болса қолын көтереді,дұрыс болмаса қол көтерілмейді.

Қойшы балаларды оқытып жүр

Жүргізуші машина жүргізеді.

Аспазшы үй салып жүр.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Ұшқыш әдемі киім тігеді.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды оқытады.

Суретші сахнада ән айтып тұр.

Өрт сөндіруші өрт сөндіреді.

«Сөйлеп тұрған кім?» дидактикалық ойыны.

Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы.

1)Балмұздақ сатамын! Балмұздақ!

2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын!

3)Қай жеріңіз ауырып тұр? Қазір ыстығыңды өлшейін.

4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?

5)Бүгінгі сабақта біз балалар мамандық иелері туралы әңгіме айтайық.

6)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады.

«Сөз және буын» ойыны.

Мамандық иелерінің атын қайталай отырып неше буынға бөлінетінін анықтау.

Мысалы: дә-рі-гер 3буын

Жүр-гі-зу-ші 4буын.

Бағалау.Сабаққа жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.
VI. Қорытынды: Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s