Қысқы ойындар


Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы
№9 орта мектебінің МАД сыныбының І санаттты тәрбиешісі
Сисенова Толқын Асылханқызы

МАД «б» Тәрбиеші:Сисенова Толқын
Тақырыбы Көңілді қыс. Қысқы ойындар
Сабақтың мақсаты Білімділігі: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету
Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Бір — біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.Туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге,оны аялап қорғауға,адамгершілікке қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау, ән айту.
Көрнекіліктер Үлестірмелі суреттер, аққаланың суреті,қыста ойнайтын құралдар.
Іс-әрекет кезендері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Психологиялық ахуалды қалыптастыру – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Терезеге қараңдаршы! Қандай тамаша! Аңдар мен құстар, таулар мен өзендер – бәрі қуанышты. Өйткені бәрі-бәрі бір-бірімен дос. Айналадағы ортамен достықта болған қандай керемет!

Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік.

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру іздестіру

Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу:

Шанамен зырғып желдетіп,

Шаңғы коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (кыс)

Менсіз шықпас төбеге,

Зулап түстім төменге. (шана)

— Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
— Қыс мезгілінде болады.
— Қыс мезгілі қандай болады?
— Салқын болады, беті — қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.
— Қыста біздер қалай киінеміз?
— Жылы киімдерімізді киеміз.
— Қандай қысқы ойындарды білеміз?
— Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.

Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті Атам алып күрегін,

Аула қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Балалар қимылымен көрсетіп жасайды.
Рефлексивті — түзетушілік Санамақайту.
Оқушы:
«1» дегенім — бөрік,
Кисеңбойғакөрік.
«2» дегенім — етік,
Киерсәндіетіп.
«3» дегенім — ішік,
Терідентігерпішіп.
«4» дегенім — тымақ,
Қыстакисеңжылы — ақ.
«5» дегенім — байпақ,
Ішіжылытайпақ.

Буын ұқсас жаңылтпаш айту.

Ыс-ыс-ыс, келіп жетті қыс

Ар-ар-ар,

Қандай аппақ қар.

Ла-ла-ла,

Қонаққа келді аққала.

«Қыс» туралы тақпақтар айту.

Ақпан айы келіп жетті, Шаңғы,шана сайла,

Шымшып алды аяз бетті. Конькиіңді байла.

Ақ боранда асыр салып, Думандатып тойла,

Ойнағымда келіп кетті. Қыс қызығын тойла.

« Зырлайды шанамыз» әнін айту.

Бағалау.

Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін нәтиже:
Білу Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.
Өзіне үйренгені Жаңа білімді түсінеді
Үйрену Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s