Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық техно логияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.


Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы
Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №1 орта мектебінің І санатты Физика пәні мұғалімі
Құлмағанбетова Күлсара Шамшенқызы

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті реформаланып, әлемдік білім кеңістігіне енудің алғашқы қадамдарын басып келеді. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымның теориясы мен оқыту үрдесі де түбегейлі өзгерістерге ұшырау үстінде. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгереді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болады.

Осыған орай оқытудың деңгейлеп оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолданып жүрмін.

Педагогикалық – технологияның ерекшелігі:

Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы,оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы себеп болды.Деңгейлеп оқыту — оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Оқушы өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады.

Үлгермеушіліктен құтылып, мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті мазмұнын меңгеруге кепілдік береді.

Оқушының жеке қаблетіне сәйкес бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай туады.

Оқыту үрдесінің барысында әр оқушының белгілі бір мерзім аркалығындағы дамуын үздіксіз қадағалайтын мониторинг жүргізуіне мүмкіндік туады.

Оқушы жеке қаблетіне сәйкес бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналады.

Қазіргі кезде мектептерде барлық оқушыларға бір өлшеммен қарау әлі де басым орын алып отыр. Ал аталған технология оқушылардың өз бетінше білім алу барысында олардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты : Әр бір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.

Бастапқы ғылыми идеялар:

1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрлымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады : ең төменгі (минималды базалық) бағдарламалық, күрделенген деңгей.Базалық деңгей — мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.

Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.

4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін :

— жеке тұлға ерекшеліктеріне;

— психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшеліктеріне , ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара біліуіне/;

-пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.

Оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесі:

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Дайындық Оқушылардың оқу материялын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау
Диагностикалық Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу. Диагностика нәтижелері менөз қызығушылықтары
негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды.

Оқушыларды
топтарға бөлу

Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру:әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптардыдайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну. Белгілі топты оқушының таңдауы.Топтардағы оқыту.
Талаптарының жобасын талқылауға қатысу.

Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі Оқушылардыңтоптардағы жұмысын ұйымдастыру Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы.
Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау
/кері байланыстың дұрыс орнауы,жүзеге асуы.

Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибемде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпараттыпайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Мысалы:

9 сыныпта Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.
І-деңгей: мынадай сұрақ беремін: Бүкіл әлемдік байланыс принципі, физика заңдылығының жалпыламалығы. Проблемалық сұрақтар беремін.
1. Неге жер күнге құлап түспейді?
2. Жердің өз осінен айналуының пайдасы мен зияны
3. Қай жерде салмақ артық, полюсте ме, экваторда ма?
ІІ-деңгейде: есептер шығарылады: өте жақсы оқитын оқушылар С белгісімен белгілен. Жақсы оқитындарға В белгісі, нашар оқитындарға А белгісіндегі есептер беріледі.
ІІІ-деңгейде: жазу мен сызуды ой тұрғысынан ойлаудың Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен Күн ұқсастығы.
ІV-деңгей: шығармашылық есептер, мәнжазбаларын қорғап шығады.
11 сыныпта өткізген «электромагниттік тербелістер» тақырыбында деңгейлеп оқыту әдісін қолдандым.
І деңгей бойынша есептер графопроектор арқылы түсіндіріледі.
ІІ деңгейде сұрақтар беріліп, тест тапсырмалары беріледі
ІІІ-деңгейде күнделікті өмірден мысалдар келтіру.
ІV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері құрастырған сөзжұмбақтарын шешеді.
9 сыныпта«Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткізгенде көрнекі мысалдармен түсіндіремін.

Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын зымыран жасау тарихында туындаған проблемаларға аударамын. Бұл жерде ғарышты игерудегі Циолковскийдің, С.П. Королевтің еңбектеріне тоқталып, ғарышқа сапар шегіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлер Ю.Гагарин,Тоқтар Әубәкіров, Т. Мусабаев еңбектерін баяндаймын.
8 сыныпта«Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау сабағымда да деңгейлік тапсырмалар.
І –деңгей бойынша сұрақтар 13 сұрақ қойылады. 13 сұраққа 5 балл беріледі.
ІІ деңгей бойынша семантикалық карта толтыру. Оқушы өзі ізденіп картаны толтырып береді. 10 балл

ІІІ деңгейде денелердің электрленуіне мысал келтіру. Денелерді электрлендірудің зиянды жақтары 15 балл
IV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері дайындаған мән жазбаларды қорғап шығады. 20 балл.

Есептер шығару барысында оқушы физикалық шаманы есептейді және заңдар мен заңдылықтарды тағайындайды. Оқушыларды олимпиадаға дайындауға эксперименттік есеп беріп отырамын. Оқу әдісін қайталау, пысықтау сабақтарында сөзжұмбақты оқушылардың білімін бағалау үшін пайдаланамын. Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы тақырып пен тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелуді тапсырамын. Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды.

Осы тұрғыда физика пәні бойынша диагностикалық әдіспен оқушының ойлау-логикалық қабілетін зерттедім. әр тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан аяғында жақсы көрсеткішке жетті.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды физика пәніне қызықтыру көрсеткіші.( соңғы 3 жыл)

№ сыныбы 2010-2011 2011-2012 2012-2013
1 7 35,7
2 8 38,4
3 9 42,1
Әрине, тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
ҰБТ-ге қатысқан оқушылар нәтижесі:

Барлық оқушылар саны Қатысқандар саны Орташа балл Білім сапасы Үлгірімі
11 сын. ҰБТ
ҰБТ

ҰБТ Оқу жылы ҰБТ Оқу жылы ҰБТ
2006-2007 10 2 14 45% 100% 100% 100%
2009-2010 8 1 13 48,3% 100% 100% 100%
2010-2011 10 3 16 50% 100% 100% 100%
2011-2012 5 5 16 80% 80% 100% 100%
2011-2012 оқу жылында бір оқушы «5»-ке тапсырып «Алтын белгі» иегері болды.

Қорытынды:Деңгейлік оқыту оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.

Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 ж
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 ж
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
“Физика” журналы №4, 2009
“Қазақстан мектебі” журналы №8, 2008

d0b3.doc

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s