Топжарғандар салтанаты


№28 Құсмұрын орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Әсемгүл Абуталипова

Дарынды баланың аса ерекше қабілеттерін, қол жеткізген жетістіктерін ескеріп, ынталандыру – дарынды балаға одан сайын күш беру, қанаттандыратындығы бәрімізге айқын. Осы себеппен де, Әулиекөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Айсин мырзаның қолдауымен, қол астындағы мамандарының ұйымдастыруымен биылғы 1-маусым дарынды оқушылар үшін өте ерекше өтті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, осы уақытқа дейінгі жетістіктерді ескере келе, бірінші аудандық «Триумф — 2016» жеңімпаздарды құттықтау салтанаты біздің ауданда бірінші рет өткізіліп отыр. Біздің мектептен аталмыш салтанатқа аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өздерінің дарындылығын көрсетіп, үйлескен білім, іскерлік, дағдыларын байқатып жүрген топ жарған оқушыларымыз шақырылды: «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасынан облыстан І орын алып, республикалық турына Астана қаласына барып, жүлделі ІІІ орын алып келген Жазықпаев Бекболат (жетекшісі Байғабулова Р.С.); «Шоқан шәкірттері» пікір-талас клубы. Аудандық, облыстық, республикалық пікір-талас сайыстарының жүлдегерлері болып табылатын клубымыздың мүшелері: спикері Қарсақов Рустам (Қарсақов Рустам «Жыл оқушысы» аудандық турынан «Шешендік өнер» номинациясына ие болды, сонымен бірге аталмыш байқауда ауданның барлық дарынды балалары арасында ұпай санымен екінші орында еді), Асанова Гүлназ, Салмағамбетова Сымбат, Қапсұлтан Гүлдана, Қуанышбаева Айман (жетекшісі Әлімбаев Қ.С.); Греко-рим күресінен спорт шеберіне кандидат Шагаев Ерканат (жаттықтырушысы Дикуха Ю.Я. БЖСМ); Ақжол Қияқ – греко-рим күресі бойынша аудандық, облыстық, республикалық жүлдегер, сонымен бірге Ресей Федерациясының Қорған қаласына барып, жарыстан жүлделі І орынды қанжығасына байлады (жаттықтырушысы Дикуха Ю.Я. БЖСМ). «Еңбек түбі – береке» — деген дана сөзді осы еңбекқор дарындарымыз және оларды тәрбиелеуде еңбегін аямай, ішкен асын жерге қойып жүрген жетекші мұғалімдерміз және жаттықтырушылары үшін айтылғандай. Осындай жетістікке жету үшін қаншама шыдамдылық, күш-жігер, ұстамдылық керектігін ашып айтқан жөн. Осы сәтте дарынды оқушыларымызды дүниеге әкелген ата-аналарына алғысымыз шексіз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» — деген мақсатпен, осы құттықтау салтанатына мектепішілік іс-шараларда өздерін көшбасшы танытып жүрген Сейтжанов Жандос пен Ғабдығалым Ұлан есімді оқушыларымызды да ала бардық. Басты мақсат – алға ілгерілеу, алға ұмтылу, ынталандыру, жеңімпаз дарындылардың құттықтау салтанаттарын үгіттеу-насихаттау. Біз Қазақстан Республикамыздың болашағын жарқын қылар жас ұрпақтың топ жарып шығып, бәсекеге қабілетті боларына сенеміз. Тек қана, алға!!!

триумф — 2016 макала (2).docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s