Киелі Сарайшыққа сапар


Атырау облысы, Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығының Жоғары санатты
Қосымша білім беру педагогі: Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы

Киелі Сарайшық елді мекеніне барып Қазақ халқына өте қадірлі елге, ол жерде жерленген Қазақ хандарына тағзым етіп келу көптен бір ойымызда жүрген мақсат еді, жол бүгін ойда жоқта пайда болды. Міне енді Индер ауданы орталығындағы шеберлер ордасы саналатын Көп бейінді ауылшаруашылық колледжі ұстаздарымен бірге міне Сарайшық жеріндеміз.
Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі-Сарайшық қаласы. Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын XIII ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер XIV ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.
Тарихи – мемориалдық кешен құрылысы 1999 жылы 2 мамыр күні басталып, сол жылы 3 қыркүйекте ашылу салтанаты болды. Құрылыс жұмысына жергілікті халық түгелге жуық қатынасып , облыс, аудан әкімшілігі құрылыс жұмысына тікелей араласып, басшылық жасады. Кешен құрамына: Хандар Пантеоны кіреді. Архитекторы, сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов болатын. Кешеннің биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арналған құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға, қара мраморға жазылған хандардың аттары мен хандық құрған жылдары жазылған екен. 1.Мөңке темір (1266 -1282 ж.ж)2.Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312 ж.ж.)3.Жәнібек (1343-1353 ж.ж.)4.Әмір Оқас (14 -1447 ж.ж)5.Қасым Хан (1511-1518 ж.ж)6. Ших Мамай (1549-1554 ж.ж)7.Жүсіп Хан ( 1549-1554 ж.ж)  
Мешіттің ұзындығы 13 метр, ені 6метр 50 см. Мешіттің іші толықтай жасақталып Михраб, Мінбарлар қойылған. Мешіт ішінде Құран, тағы басқа діни кітаптар қойылған.Әрбір жұма намазы өтіледі. Келушілер әуелі мешіт үйіне кіріп Құран оқытып, дұға етеді. Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған.
14 ғасырдағы Сарайшық қаласының тарихи сызбасы(макеті) жасақталған.
Сарайшықта жерленген жеті хан – біздің үлкен тарихымыздың жалғасы. Бұл ата-бабадан аманат болып қалған жер бүгінде шекарамен шегенделіп, мыңдаған шақырым жолдар, жүздеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, адамдардың заманауи өмір сүруіне барлық жағдай жасалып отыр. Бүгінгі Қазақстанның Ұлы Даласы оның ішінде Атырау облысы аймағы табиғи байлыққа толы. Еліміз бүгінде жарасым мен келісімде өмір сүруде, дамып, өркендеуде.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s