Д дыбысы және әрпі


Атырау қаласы, №28 жалпы білім беретін орта
мектебінің даярлық сыныбының мұғалімі

Ильясова Динара Сатылғанқызы

Білім саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: Д дыбысы және әрпі

Мақсаттары:

а)білімділігі: Балаларға Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, Д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.

ә)дамытушылығы Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту

б)тәрбиелігі Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Кеспе әріптер, суреттер, буындар

Әдіс –тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, жазу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-оятушылық

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Рефлекстік -түзетушілік

— Балалардың назарларларын сабаққа аудару

— Балалар, біз өткен сабақта қай әріппен таныстық?

— Й,Ш,Т,П,Р,Л,О,Қ әріптерімен таныстық.

— Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға Жұмбақбай атай мен Білмеспек қонаққа келіп отыр. Қане, қонақтармен амандасайық.

1. Балалар бір-бірімен қол беріп амандасады.

2. Аталар мен ер балалар «Ассалаумағалейкүм» деп он қолын кеудесіне қойып, басын иіп барып амандасады.

3. Қыздың үлкендермен сәлемдесуі:

— Сәлеметсіз бе, ата? Есенсіз бе?- деп кеудесіне қолын қойып ізет ету.

Қыз балалар мен ұл балалар өз салты бойынша амандасады.

— Балалар, Жұмбақбай атай мынандай біз білмейтін суретті тірек сызба алып келіпті.

— Білмеспек, мына сурет ненің суреті?

— Білмеймін.

— Суреттерді ататып болған сон, қандай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызу.

— Д дыбысы. Д дыбысын ортаға кою.

— Д дыбысынын баспа және жазба түрімен таныстыру.

— Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма дауыссыз ба?

— Қане, кеспе әріптердің арасынан Д дыбысын тауып көрсетейік.

— Д дыбысы дауыссыз дыбыс.

— Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

— Қане, орнымызға отырып, Жұмбақбай атай жұмбақ жасырады соны шешейік.

1.Сол аяқпен оң аяқ

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді. (Доп)

2.Бір түймелі, екі желілі,

Күйдің көрігі, әннің көлігі. (Домбыра)

3.Лақтырдым да әуелеп

Қағып алдым «оп» деп.

Жерге соқтым, секең қақты

Атаймыз оны «не» деп? (Доп)

Жұмбақбай атайдың бізге әкелген сөзжүмбағын бірігіп шешелік. Сөзжұмбақ.

Тігінен: Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы.

Көлдененінен: 1. Сол аяқ пен оң аяқ, кезек оны тебеді. 2. Басты бұратын. 3. Сан басы. 4. Тамақ құятын. 5. Бал таситын. 6. Қарт.

Мына суреттегі сөздердің алғашқы дыбыстарынан сөз құра.

— Енді сабағымызда Білмеспектің білімін сынайық.

— Д дыбысына байланысты сөздер ата.

— Білмеймін

— Балалар, Білмеспекке өзіміз көмектеселік.

— Доп, домбыра, дәптер, дән, адам, долана.

1. Осы сөздерді текшемен көрсетейік.

2. Шапалақтай отырып буынға бөл.

3. Осы сөздерді беретін мағынасын ашу, түсіндіру.

Доп — жел толтырылған, резеңке, ойыншық.

Домбыра — күй ойнайтын аспап.

Дәптер — оқу құралының бірі, жазу жазамыз.

Дала — жазық жер, алаңқай.

Дән — дәнді дақылдардың біреуі.

Долана — жидектің аты.

Адам — жеке тұлға.

-Әліппе дәптермен жұмыс

— Д әрпін бастырып, толтырып жазу.

— Дидактикалық ойын

“Қандай әріп” екенін тап ойынын ойнату.

— Қорытындылау

— Балалар біз бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?

— Дауысты ма, дауыссыз дыбыс па?

— Д әрпіне байланысты сөздер айтайық.

— Дыбыстар нешеге бөлінеді?

— Балаларды мадақтау

Балалар шаттық шеңберін құрып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар қимылмын көрсетеді.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Өткен дыбыстар туралы біледі.

Түсінігі: Д дыбысымен әрпі туралы түсінеді.

Көрсете алуы: Д дыбысын ажыратып, сөздер оқи алады.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s