Жабайы аңдар. «Тапқыр қоян» ертегісі


Атырау қаласы, №28 жалпы білім беретін орта
мектебінің даярлық сыныбының мұғалімі

Ильясова Динара Сатылғанқызы

Білім саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту

Тақырыбы: Жабайы аңдар «Тапқыр қоян» ертегісі

Мақсаттары:

а)білімділігі:Балаларға Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру.

ә)дамытушылығы:Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту.

б)тәрбиелігі: Табиғаттың бір бөлігі — жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегі мазмұнына сәйкес салынған сурет.

Жаңа сөздер: шаһар, мұржа, таулы өлке, ну орман.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру .

Билингвизм: жабайы жануарлар-дикие животные, тапқыр – находчивый.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жүру барысы:

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық

Оятушылық

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Рефлекстік –түзетушілік

Балалармен шаттық шеңберін құру.

— Балалардың назарларын сабаққа аудару.

Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?

— Неліктен жабайы аңдар дейміз?

— Мына суреттерден не көріп отырсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

Балаларға жабайы аң — қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі де айтылады. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілігі салыстырылады. Оларға мысалдар келтіріледі. Мысалы, төрт түлік мал — үй жануары, ал арыстан, барыс, т.б. аңдар жабайы жануарлар екені айтылады.

— Қасқыр, түлкі, қоян, т.б. аңдардың балаларын қалай деп атайды?

— Қасқырдың баласы — бөлтірік. Қоянның баласы-көжек.Түлкінің баласы — мыршай (жаутаң). Аюдың баласы — қонжық. Жолбарыстың баласы — шөнжік. Арыстанның баласы — абдан.

2.Негізгі бөлім.

а) «Тапқыр қоян» ертегісін оқу.

• Педагог ертегіні мәнерлеп оқиды.

• Сөздік жұмысын жүргізу.

Миығынан күлу — езу тарту, мұртынан күлу.

• дәптердегі ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.

• Сұрақ — жауап әдісі арқылы оқушылардың ертегіні қалай түсінгендерін сұрау.

1) Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтату және осы сөздерді буынға бөлдіру.

2) Жұмбақтар шешкізу.

• Педагог жабайы аңдар туралы жұмбақтар оқиды.

• Балалар жұмбақтардың шешуін дәптердегі суреттен көрсетеді.

1. Қолыңмен тиме,

Үсті толған ине. (Кірпі)

2. Паналайды үңгірді,

Іздемейді тасаны. (Аю)

3. Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

4. Бұлаңдаған құйрығы —

Бір алдарлық қулығы. (Түлкі)

3) Сергіту жаттығуын өткізу.

4) дәптердегі тапсырманы орындау. Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.

5)Дидактикалық ойын: «Мынау ненің дыбысы?»

Интерактивті тақтадан жабайы жануарлардың суреттері қойылып, дыбыстары жіберіледі. Балалар жануарлардың дыбыстарын тауып айтады.

6)Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Аңдардың көлеңкесін тап»

Оқу іс — әрекетін қорытындылау.

— Ертегі ұнады ма?

— Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?

— Олар қайда өмір сүреді екен?

— Балаларды мадақтау

Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Біз қандаймыз,қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраймыз күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!

Балалардың жауаптары тыңдалады

Балалар жабайы, аңдар сөздерін буынға бөледі.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалар шарт бойынша тапсырманы орындайды.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

.

Балалар жабайы аңдарын тауып, белгілейді.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Аңдар туралы білуі.

Түсінігі: Жабайы аңдар туралы түсінігі молаяды.

Көрсете білуі: сурет бойынша сөйлем құрауды меңгереді.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s