Мамандықтар


Атырау қаласы, №28 жалпы білім беретін орта мектебінің
даярлық сыныбының мұғалімі

Ильясова Динара Сатылғанқызы

Білім саласы: Әлеуметтік

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: Мамандықтар

Мақсаттары:

а)білімділігі: Балаларға адамдардың әртүрлі мамандықтар туралы балалардың білімдерін жетілдіру. Балалардың мұнайшы, шахтер құрылысшы мамандықтар туралы түсінігін қалыптастыру. Пайдалы қазба байлықтары және олардың алынуы жолдары, олардан не жасалатыны жайлы түсіндіру.

Жанар-жағар май тұрған жерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

ә)дамытушылығы: Балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрбиелеу.

б)тәрбелігі:Адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін бағалап, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: мұнай, тасккөмір, әк.

Көрнекілігі: слайдтар, суреттер,

Әдіс-тәсілі:Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Билингвизм: мамандықтар-специальности,мұғалім-учительница, дәрігер-доктор, швея-тігінші

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жүру барысы:

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық

оятушылық

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Рефлекстік –түзетушілік

1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

— Балалар біздің тұратын қаламыз қалай аталады?

— Атырау қаласының неге бай болып келеді?

— Балалар біздің қаламызда алғаш мұнай қорлары табылып, қаламызды мұнайдың астанасы деп атайды.

— Мұнайдан алынатын жанармай, жағдайлармен машиналар жүреді. Мұнайдан парафин алынады. Парафинді электр жарығы жоқ кезде пайдаланамыз. Шамшырақты дұрыс пайдаланбасақ, одан өрт шығу қаупі туып, айнала қоршаған ортаға көп шығын келтіруі мүмкін. Сол себепті сақтық ережелерін сақтау қажет. Таскөмір тұрмыста жылу үшін, әкті құрылыста үйлерді ағарту үшін пайдаланады. Тас қалаушы – бұл құрылыс маманы. Үй құрылысында әртүрлі мамандық иелері бар. Олар: ағаш шебері, сылақшы, тас қалаушы, краншы, днекерлеуші, шатырлаушы.

— Сәулетші үйдің жобасын жасағаннан кейін құрылыс орны таңдалып алынады.

Экскаватор өзінің үлкен қалағымен жерді қазады. Құрылысшылар үй қалайды. Сол сияқты басқа да мамандық түрлері бар. Олар: дәрігер, архитектор, инженер, шахтер, т.б.

2.Жұмбақ жасыру .

· Мектептің жүрегі , білімнің тірегі. ( Мұғалім)

· Сауықтырар сырқатты , жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

· Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші)

· Зымыранды ерттеген, ай жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)

· Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

· Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір.(Аспазшы)

· Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып.(Сатушы)

· Ол көлікті тізгіндейді,жол жөнекей қсасынан жолаушы бір үзілмейді. (Шофер)

3. Дидактикалық ойын: «Мамандықтар»

Ойын шарты: әр маманға тиесілі құралдарын көрсетіп табу.

4. Сергіту сәтін өткізу.

Көтереміз қолымызды,

Созыламыз жоғары,

Бір,екі,үш

Денеңді солға бұр.

Қолыңмен көмектесіп,

Беліңді шынықтыр.

5. Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Суреттегі мамандықтар туралы әңгімеле.

2. Сурет бойынша шахтер мамандығының қыр-сырын түсіндіру.

6. Дидактикалық ойын: «Суретті құрастыр»

Ойын шарты: Балалар топқа бөлініп, алдын ала қиып алынған суреттерді құрастырады. Суретте қай маман иесі бейнеленгенін айтады.

— Балалар сендер өскенде қандай маман иесі болғыларың келеді?

7.«Кім болам?» дидактикалық ойыны. Шарты: балаларға болашақта қандай мамандық иелері болатындығын және елге қандай пайда келтіретіндігін әңгімелету.

8.Қорытындылау.

1. Қандай мамандықтарды білесіңдер?

2. Дәрігер не істейді?

Жақсы мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Балалар шаттық шеңберін құрып, жылы лебіздерін білдіреді.

— Сәлем бердік, шуақ күн,

— Сәлем бердік, ашық аспан!

-Сәлем бердік, Жер-Ана,

-Сәлем бердік, баршаңызға!

Балалар жұмбақтарды шешеді.

Балалар ойын шарты бойынша мамандарға тиесілі заттар көрсетіп айтады.

Балалар қимылмен көрсетеді.

Балалар сурет бойынша әңгімелейді.

Балалар қиылған суреттерді құрастырып, мамандарды атайды.

Балалар болашақта қандай маман иесі болатынын әңгімелейді.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже: мамандықтар туралы түсінігін нығайту.

Білуі тиіс: пайдалы қазбалардың алыну жолдарын білуі.

Түсінігі: жанар майлар бар жерлерде сақтық ержелерін сақтау.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеп беру.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s