МҰҒАЛІМНІҢ КУРСТАН КЕЙІНГІ ӘРЕКЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ


Адамова Жұмабике Шазаровна

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы,

Қарағанды қаласы

МҰҒАЛІМНІҢ КУРСТАН КЕЙІНГІ ӘРЕКЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ

Біліктілікті арттыру курстарының бағдарлама мазмұны оқыту аяқталғаннан кейінгі тәжірибеге өзгерістер енгізумен байланысты мұғалім іс-әрекетінің жаңа, маңызды кезеңінің басы – курстан кейінгі жұмысты қарастырады. Оның негізгі мақсаты мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуына және курстан кейінгі кезеңдегі оқыту мен оқу тәжірибесінің өзгеруіне ықпал ету.

«Өрлеу» БАҰО» филиалы мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетіндегі сапалы өзгерістерді, курстан кейінгі кезеңдегі қиындықтар мен жетістіктерді анықтау мақсатында жүйелі мониторинг өткізеді.

Мониторинг нәтижесі оқыту мен оқудағы оң өзгерістердің жоғары деңгейін, оқытудағы инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін, мұғалімдерден тәлім алатын мектеп оқушыларының білімі мен үлгеріміндегі сапаның оң динамикасын көрсетуде.

Мониторингтік зерттеуге қатысушылар қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының қағидаттарын жүзеге асыру деңгейіне жоғары баға береді. Мұғалімдер сондай-ақ жеке стиліндегі сапалы және елеулі өзгерістердің, тұтастай алғанда әкімшіліктің пікірімен ұштасатынын атап өтті. Респонденттер оқыту мен оқудың неғұрлым тиімді әдіс-тәсілдері қатарына біліктілікті арттыру курстары бағдарламасы модульдеріндегі оқытудың белсенді әдістерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияны жатқызады. Ал оқу үдерісіндегі негізгі

өзгерістер қатарына оқытудың мақсаттық тұғырларының өзгерісін, топтық жұмыс формаларын, сын тұрғысынан ойлауға үйрету стратегияларын қолдану, критериалды бағалауды енгізуді қосады.

Мұғалімдердің байқауынша, оқыту мен оқудың жаңа форматы оқуға төмен уәждемелі оқушылардың сабақта елеулі өзгерістерге ұшырауын, топта жұмыс істеу дағдысы мен білігінің дамығанын көрсетті.

«Өрлеу» филиалының кафедралық құрамы тыңдаушылардың кәсіби шығармашылығына қолдау таныту мақсатында курстан кейінгі кезеңдегі мұғалім әрекетінің картасын дайындау жұмысын жолға қойды. Карта құрамына енген тапсырмалар жүйесінен олар өзінің оқыту мен оқу тәжірибесін жақсартуға ықпал ететін мазмұнды таңдай алады.

Курстан кейінгі іс-әрекет жұмыстың түрлі формалары арқылы жүзеге асады:әдістемелік десант, ашық сабақ, шеберлік сағаттары, онлайн семинар, вебинарлар, конференция, форумдар, кәсіби сайыстар.

«Өрлеу» филиалының оқу жылы барысында өткізетін «Өрлеу-ауыл мектебіне» атты әдістемелік десанттары мұғалімдердің курстан кейінгі сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді. Әдістемелік десанттар аясында жоспарлаудың оңтайлы формалары талқыға салынып ұсынылады, курстан кейінгі әрекет картасы бойынша орындалатын тапсырмалардың аралық және соңғы нәтижелері бойынша кеңестер өткізіледі.

Оқу жылының соңына қарай ауыл мектебі мен қалалық білім беру мекемелерінің басқарушылары үшін ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» шарасының бір бағыты мұғалімнің курстан кейінгі әрекетіне бағытталады. «Курстан келеген мұғаліммен алғашқы жанды диалогтік үдерісті неден, қалай бастайсыз?», Көшбасшы мұғалім ұсынған инновацияларды, жалпы оның көшбасшылық қабілетін қалай қабылдайсыз?», «Өзгеріс үдерісі өз жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы мүмкін, мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес, сіз бұл жағдаятты қалай шешесіз, қандай басқарушылық шешім қабылдайсыз?» деген сұрақтар аясында кафедра

оқытушылары мен мектеп басшылары арасында конструктивті диалог жүреді.

Адамова Мақала.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s