Құжат айналымын ұйымдастыру


«БАҰО «Өрлеу» АҚ Қарағанды облысы бойынша
ПҚ БАИ Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша басқарманың жетекші маманы

Құжат айналымын ұйымдастыру

Ұйымдағы құжаттың, оны алғаннан немесе жасағаннан бастап орындалу аяқталғанға немесе мекемеден тысқа жөнелткенге дейінгі қозғалысы – құжат айналымы деп аталады.

Ұйымның әкімшілік іс жүргізуінде құжат айналымының мәні зор. Құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру құжаттарды реттеуді жеделдетеді, ұйымдағы басқару мақсатындағы ақпараттық құжаттарды пайдалануға әсерін тигізеді. Міне сондықтан, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалдарына жүктелген міндеттердің, құжат айналымының орындалу сапасы да, белгілі бір дәрежеде істер номенклатурасын толық әрі жүйелі жүргізуге байланысты болады.

Құжат айналымы мынадай негізгі функциялардан тұрады:

1) құжаттарды қабылдау және тіркеу (есепке алу);

2) құжаттарды бөлу және оларды орындаушыларға жеткізу;

3) жіберілетін құжаттарды ресімдеу және жөнелту;

4) құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау;

5) істерді қалыптастыру және оларды мұрағатқа тапсыру;

6) мұрағаттағы құжаттардың сақталуын ұйымдастыру және пайдалануды қамтамасыз ету.

Филиалдың іс-қағаздарын жүргізу қызметінің міндеті – құжаттардың қозғалу барысында жоғалмай кезекті өңдеу пунктіне дер кезінде түсуін қамтамасыз ету. Басқару шешімдерінің дер кезінде және дұрыс қабылдануының өзі, оның қозғалысының нақтылығына байланысты. Бұл міндет құжат айналымының көп жылдық тәжірибесі және құжат айналымы жүйесінің нормативтік құжаттарда белгіленген стандарттары негізінде жүзеге асады. Бұл Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі деп аталады.

Осыларға байланысты, 2016 жылдың басында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы ПҚ БА институтының құрылымдық бөлімшелерімен құжаттарды ұйымдастырудың қорытындысы шығарылды.

Тексерудің сараптама қорытындысы Филиалдың 2015 жылға арналған істер номенклатурасын аяқтауы, тұтастай алғанда қанағаттанарлық жағдайда екендігін көрсетті.

Құрылымдық бөлімшелердегі істер номенклатурасын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекітілген, құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Типтік ережелері талаптарымен сәйкес жүргізіледі.

Тексеріс жүргізген жұмыс тобы әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша Басқарманың, Басқару және білім сапасы кафедрасының, Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бойынша бөлімнің құжатайналымды жүргізу бойынша тәжірибелерінің жоғары деңгейде екендігін атап көрсетті.

Осы жылдың 18 қаңтарында Институт директорында өткен жиналыстың қорытындысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекітілген, құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Типтік ережелерін үйрету бойынша қосымша сабақ өткізу туралы шешім қабылдады.

Құжаттамалық ағымдары зерттеу тек басқару органдарының арасындағы ақпараттық байланысты ғана емес, сонымен қатар олардың іс-әрекетінің мазмұнын да білдіре алады.

Қожахметова Жұлдыз Сергазыевна

Посл.вар.ҚожахметоваҚұжат айналымын ұйымдастыр у.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s