Үш тілді білім берудің маңызы


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша

ПҚ БАИ аға оқытушысы Айткенова Мөлдір Болатқызы

Үш тілді білім берудің маңызы

Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру мазмұнын жаңартуды көздеп отыр. Заманауи білім беру жағдайында көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыру талап етілуде. Əрбір қазақстандықтың үш тілді қатар білуіне арналған тіл саясатына сəйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді оқыту мектептен бастау алады. Білім негізі бастауыш сыныпта қаланады. Бала мектепте белгілі бір білімді меңгерумен қатар оқуға үйренеді. Ал оқу дағдыларына ие болу баланың алдағы оқуының табыстылығына ықпал етеді. Мектепте оқытылатын қазақ тілі пəні білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мəселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тəрбиелеуге негіз болады. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары өткізілуде. Соның бірі – орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Бұл бағдарлама білім беруді реформалауда айтарлықтай үлес қосады.

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілін» оқыту – спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы мен 4 дағды: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту арқылы жүзеге асырылады. Спиральді білім беру бағдарламасының ерекшелігі жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты болады, тақырып толықтырылып, күрделі идеяларға ауысу, пәндер аясында қайталау арқылы жүзеге асырылады. Пәнді оқытуда сөйлеу әрекеттерінің дағдыларын дамыту қазақ тілінде еркін, сауатты сөйлей алатын, коммуникативтік дағдыларды меңгерген тұлға қалыптастыруды көздейді. Бұл дағдыларға қол жеткізген оқушының функционалдық сауаттылығы, коммуникативтік, лингвистикалық құзыреттілігі қалыптасады. Осы мақсатқа жету үшін білім беру ұйымдарында оқушының үш тілді еркін меңгеру қажеттігі туындайды. Тілдерді жақсы меңгеру кіші жастан басталса, табиғи әдіс ретінде қолжетімді болмақ. Табиғи әдіске тоқталатын болсақ, ол оқуға арналған нақты материалдарды (веб-парақтарды, хабарламаларды, ақпараттық ресурстарды, жарнамаларды, суреттерді, өмірден алынған заттарды) пайдаланып, шынайы өмірмен байланыстырып, неғұрлым мазмұнды ету болып табылады. Осы әдісті пайдаланған мұғалім балаға жеңіл түсінік қалыптастыруға, шынайы өмірмен байланыстыруға, сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алады. Тілдерді үйретуде жаттығулар тілдік нысандарды қолдануға емес, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға бағытталуы керек. Жұптық, топтық жұмыстарды жүргізу де балалардың тілдерді меңгеруіне септігін тигізері сөзсіз. Әсіресе «Тыңдау-көру-орындау» әдісін қолдану бастауыш сыныптарда жиі кездеседі. Бұл қимыл-әрекетпен ұштасқан жады баланың есте сақтау қабілетін жаттықтырады әрі тілдерді үйренуде тиімді болады. Балаларды тілдерді үйренуге ынталандыра отырып, мақсатқа жетуге ықпал етеді. Қазақ тілі пәнін

оқыта отырып, орыс тілі, ағылшын тіліндегі тақырыпқа қатысты фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді салыстырмалы түрде меңгертуге назар аудару үш тілді үйренуге мүмкіндік береді.

Баланың тілдерді меңгеруіне кітапхананың да әсері мол. Кітапханамен бірлескен жұмыс арқылы олардың балалар әдебиетімен, балаларға арналған журналдармен, энциклопедиялармен танысуына, кітап әлеміне енуіне, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік жасалады. Мерекелік шараларды, пән апталықтарын 3 тілде ұйымдастыру, бастауыш сынып оқушыларын қатыстыру олардың тұлғалық, мәдениетаралық құзыреттіліктерін қалыптастыруға негіз болады. Бұл құзыреттіліктер оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді. Болашақтың бүгінгіден жарқын болуы үшін құдіретті күштің білімде, ғылымда екенін әр ұстаз естен шығармауы қажет.

Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы: «Тіл білімін ереже жаттау түрінде үйретпей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тануға үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс»,- деген екен. Олай болса, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда қоғам мен мәдениеттің дамуына сай оқу дағдыларын дамыту, үштілді білім беру аса маңызды болмақ.

Айткенова Бухарбаева.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s