Мен қандай баламын?(Ойын)


Пәні: Өзін-өзі тану.

Мектебі: Ақжар бастауыш мектебі

Мұғалім:Тальжанова А.Ж.

Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: Мен қандай баламын?(Ойын)

Қасиеттер: сыйластық,бақыт,мейірімділік,сүйіспеншілік,талаптану

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өздерінің қандай бала екенін анықтауына көмек беру.

1.Оқушы өзін-өзі тануға ұмтылады.

2.Оқушыларды сыйластыққа,әдептілікке,шыншылдыққа адалдыққа,жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе әңгіме.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сұрақ түрінде берілген,яғни ол «Мен қандай баламын» деп аталады.-Сабақтың сендер үшін мақсаты оны мен солыңды аңғарғанынды,жеткен жетістіктерінді бағалап,өзінді қаншалықты білетінінді таразыға тартып,ортаға салып оны ары қарай дамыту.

1.Ой қозғау. Сұрақ – жауап арқылы тақырыпқа ену. – Балалар «мен қандаймын?» «Мен қандай баламын?» сұртөңірегінде не айтуға болады?Осы сұрақ бойынша әркім өз ойын айтып оны ортаға салуларынды сұраймын.- Ал өзіңді-өзің тану дегенді қалай түсінесіңдер?

Тақтадағы беріліп отырған қызбала мен ербаланың суретіне мен қандай баламын? әр оқушы берілген машина мен гүлге өзі туралы жазып іледі.

2.Ойын. «Кішіпейілділікке адымдар»

Егер «Иә» деген жауап болса балалар алақанын соғады.

1.Тәрбиешінің түсіндіргенін мұқият тыңдау.

2.Әңгімені бөліп, бөтен әңгімеге араласу.

3.Үлкенге көмектесу.

4.Жолдастарыңмен дөрекілену.

5.Далаға бірінші болып шығу үшін, басқаларды итеру.

3. Видио-ролик «Дәуіт пен қарлығаш»

Сұрақ –жауап әдісі арқылы сұрақ қою.

4.Шығармашылық жұмыс.

Берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру.

1.Ырыс алды- …….

2.Өнер алды — ……. ….

3.Басыңа іс түссе,

Жақсы дос көмек етеді

Жаман дос …. ….. .

4.Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда ….. …… .

5.Сабыр түбі — ….. ….. .

6.Адамдықтың белгісі

…… сәлем ……

7.Өзін-өзі мақтаған

…….. тең.

8.Іздеген мұратына жетер,

…….. өмірі ….. …… .

9.Қарт кісіні қадірле,

…… де …… боларсың.

10.Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да,

…… …… алмайсың.

11.Білекті бірді жығар ,

……. ….. жығар.

12.Әдепті бала- ….. …. .

5. Ой – толғаныс.

Енді өзімізге кеңес беріп көрейік. Ол үшін «Өзім үшін жазу» стратегиясын қолданамыз.-Дәл қазір өздеріңне – өздерің кеңес беріп хат жазып көріндер.Ол «Өзіме хат» деп аталады. Оқушылар хат жазады,жауаптарын оқыту.-Міне бүгіннен бастап өздеріңе өзің ақыл да бере алатын болдыңдар.

6.Қорытынды: -Ендеше балалар бағанадағы айтқандарын қорыта келе 21 ғасыр оқушылары қандай болуы тиіс деп ойлайсындар? (Оқушылар өз ойларын ортаға салады)

-Балалар бүгінгі сабағымызды мына сөздермен аяқтағым келеді.Өзіңді-өзің таны да,Тағы да ойлан, тағы да.Жақсылық көрсең біреуден ,Мен қандаймын?-деп ойла Жамандық көрсең біреуден ,Мен қандаймын?-деп ойла.

Кумарова метод.doc

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s