Карбон қышқылдарының алынуы және қасиеттері


Атырау облысы, Атырау қаласы,
Қ.Смағұлов атындағы орта мектептіңхимия және биология пәнінің мұғалімі
Ислямова Лязат Тем
іржанқызы

Сыныбы 11 «Б»
Тақырыбы Карбон қышқылдарының алынуы және қасиеттері
Мақсаты 1.Оқушыларға карбон қышқылдарына тән қасиеттерді көрнекі көрсете отырып, органикалық заттар жөніндегі білімдерін тереңдету;

2.СТО әдістерін қолдана отырып, өз ойларын еркін айта білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер 1.Карбон қышқылдары туралы негізгі ақпаратты біледі;

2.Альдегидтермен айырмашылықтарын салыстырып, ажырата алады;

3.Химиялық қасиеттеріне, алынуына теңдеулер жазып, теңдеулерін есептер шығаруда қолдана алады

Сабақтың түрі Аралас
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер СТО әдістері, жеке, топтық жұмыстарға тапсырмалар, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі Интербелсенді тақта, слайдтар, қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру

кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Психологиялық ахуал (Сыныпты гүлдермен топтарға бөлу)

1.Сәлемдесу

2.Өздерін ретке келтіру

3.Топқа бөліну

4.Оқу құралдарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылығын ояту

«Сырлы сауалдар» ойыны

( Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру)

Үйге берілген тапсырма бойынша сын тұрғысынан ойлана отырып, сұрақтарға жауап береді
Жаңа сабақ Мағынаны тану

Карбон қышқылдарының алынуы:

  1. Алкандарды тотықтыру арқылы:

СН3-СН2-СН2-СН3+[О]→2СН3СООН

2) Спирттерді тотықтыру арқылы:

СН3-СН2ОН+[О]→СН3СООН

3)Альдегидтерді тотықтыру арқылы:

СН3-СНО+[О]→СН3СООН

Физикалық қасиеттері:

Қаныққан карбон қышқылдарының алғашқы үш өкілдері-өткір иісті сұйық заттар, суда ериді.Жоғары карбон қышқылдары С10-нан бастап қатты заттар.

Химиялық қасиеттері:

1.Суда еритін карбон қышқылдары диссоциацияланады:

RCOOH ↔RCOO+H+

2.Белсенді және орташа белсенді металдармен әрекеттеседі:

2 RCOOH+Мg→(RCOO)2Мg+Н2

3) Металл оксидтерімен әрекеттеседі:

2 RCOOH+МgО→ (RCOO)2Мg+Н2О

4)Сілтілермен әрекеттеседі:

3СOOH+NaOH → СН3COONa+Н2O

5)Әлсіз қышқылдармен әрекеттеседі:

2СН3СООН+СаСО3→Са(СН3СОО)2+ Н2О+СО2

6) Спирттермен әрекеттеседі:

СН3СООН+С2Н5ОН→СН3СООС2Н5+

Н2О

7)Сірке қышқылы хлормен әрекеттеседі:

СН3СООН+Сl2→ СН2Сl-CООН+НCl

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау
Топтық жұмыс Ойлы болсаң, озып көр (Есептер шығару)

1-топ

5-есепті шығару

Пентан қышқылының изомерлерін жазып, оларды атаңдар

2-топ

6-есепті шығару

Пропион альдегидінен сәйкес қышқылды қалай алуға болады?Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

Тапқыр болсаң,тауып көр (Есептер шығару)

1-топ

7-105-есепті шығару (Есептер жинағыбойынша)

Реакция нәтижесінде 3,2 моль сірке қышқылы түзілген болса, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттескен этанальдің массасы қандай болғанын табыңдар

2-топ

7-106-есепті шығару

Күміс оксидінің 0,01 молі құмырсқа қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген күмістің массасы қандай болады?

Топтарға екі есептен беріп, есептер шығару, жұмыс дәптерлеріне жазу.Өз беттерімен есептер шығарады, білімдерін шыңдайды, қасындағы оқушыларға түсіндіреді
Үйге тапсырма беру 1)§3.10-3.11

2) №7-есепті шығару (193-бет)

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау

Өзара топпен бағалау, бірін-бірі бағалау

Топ басшысына топ мүшелері өзара бағалап, бағалау парақшасына толтыруды тапсырады Өзара бағалайды, өздерінің жұмыстарымен салыстырады.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды

Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын жазады

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s