Арыстық бір топ шәкірттер жазғы демалыста Астан аға саяхат жасап қайтты


Арыс қаласы ежелден теміржолшылар қаласы атанған шаһар. Тоғыз жолдың қақпасына айналған бұл топырақта талай тектілер туып, табан тіктеген. Болаттай берік батырлары мен еңбек ерлерінің мекенін ,қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдыаяқов бекерге әнге қосқан жоқ. Арыс өзенінің суын ішіп, самалынан дәру алған ұрпақтың қарапайымының өзі қайырымды, алған біліміне, жегенін нанына адал иманды ұрпақ. Қалада талай талай ұрпаққа білім берген қара шаңырақ , бұрын №13 мектеп-интернат атанып, кейін Абай атындағы жалпы орта мектебінің ашылғанын 55 жыл толу мерекесі тойланып, жан-жақтан түлектер жиналды. Мектеп басшысы Сағат Ахметовтің іскерлігінің арқасында мектеп ауласы ерекше безендіріліп, қонақтардың көңілін әуелетіп тастады.Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы мен Арыс қаласының 60 жылдығымен тұспа -тұс келген бұл тойда әр бір түлектер сүйікті мектебіне қуана қауышып, ұстаздарымен құшақ жая дидарласты. Осы тойда мектебіміздің түлегі ,,Отарова Ұлбала Əбдрахманқызы демеушілік жасап, 1 маусым «Балаларды қорғау» күніне байланысты 2016 жылдың 12 маусымнан 17 маусымына дейін Астана қаласына саяхатқа қолдау көрсеуге өз ниетін білдірген. Қашанда мектеп -интернаттың нанын жеген түлектер бауырмал келеді. Мектеп түлегі уәделі күні мектептің үздік оқушыларынан 42 оқушы мен 13 ұстаздарының барып — қайту , жатын орны мен ,арнайы көлік дайындап, Жолаушылар тасымалдау аймақтық филиалының директоры А .Шүкірбековтің ықпалымен балалар арнайы жеке вагонда көтеріңкі көңілмен Астана қаласына жетті. Астана вокзалынан демеушінің туыстары күтіп алып, ерекше құрмет көрсетті.

Саяхатта ең бірінші «Əзірет сұлтан » мешітінде Құран бағыштап, ниет етіп, Рамазан айымен құттықтады. Қазақстан Республикасының парламентінде Қ. Айтахановтың қабылдауында болып, Ғани Қасымов жəне ақын-жазушыƏкім Ысқақпен кездесулерөткізіп, олармен сұхбаттасып өмір тарихымен танысты. Сонымен қатар Назарбаев университетіне, Бейбітшілік жəне келісім сарайына, Қазақ ұлттық өнер университетіне, Хан шатыры, Бəйтерекке, Думан ойынханаларына, көптеген музейлерді аралады.
Балалардың келешегіне көңіл бөлу жəне олардың болашаққа деген үмітін арттыру, дарынды балалармен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау, олардың өнерлерін шыңдау, дамыту, халыққа кеңінен насихаттауға арналған бұл саяхат -олардың өмірлеріне ерекше өзгеріс сыйлады. Балалар қуанышында шек жоқ. Олардың Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының əкімі С. Ертай мырзаға, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернат директоры С. Ахметов мырзаға айтар алғыстарында шек жоқ.

Темірхан Әбдіков Арыс қаласы

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s