Мен және менің мамандығым


МКҚК «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі

Урунбасарова Гүлнара

ЭССЕ «Мен және менің мамандығым»

Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер.

З. Фрейд

Мен еңбек етіп келе жатқан «Балдырған» балабақшасы 1989 жылдан бастап ел болашағы саналатын бүлдіршіндерді тәрбиелеу бағытында үлес қосып келемін. Мұнда қазіргі уақытта 2 топта барлығы 50 бала тәлім-тәрбие алуда. Сондай-ақ заманауи үлгіде жабдықталған балабақша мектепке дейінгі стандартпен бекітілген бағдарламамен бірге «Тәй-тәй технологиясы» мен «Монтессори» технологиясын қолдана отырып, балаларға жан-жақты білім мен тәрбие беріп келеміз.

Қазіргі уақытта әр балаға кішкене кезінен дұрыс тәрбие беруде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары отбасынан кейінгі екінші орында. М. Әуезов «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. Ендеше, бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қойылар талап жоғары болары сөзсіз. Баланың кішкентай кезіндегі мінез-құлқы, ойлау үрдісі, эмоциясы ересек өмірдің іргетасы фундаменті болып табылады. Ендеше, сол фундаментті берік, мәселе етіп орнатуда тәрбиенің орны бөлек. Баланың ерік-жігері, ақыл- ой, қабілеті, есі, ой-танымы, дарын мен талантын жас кезінен көре білуде, оларды тек көріп қана қоймай, ары қарай дамытып жетілдіруде, бала бойындағы қайнап жатқан энергияны қазіргі нарықтық заманда дұрыс, қоғамға пайдасы бар нәрселерге жұмсай білуге бағыттауда тәрбиешілердің алар орны ерекше. Әл-Фараби атамыз «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген екен. Ендеше, тек біліммен ғана сусындатып қоймай, тәрбиеге де зор мән беру керек. Бұл арада балалармен өткізілетін дидактикалық ойындар, түрлі қимылды ойындардың орны бөлек.

пед эссе.doc

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s