Нептун күні


Атырау қаласы, Ақжар селосы №59 «Ақбөбек» балабақшасы
Измағанбетова Салтанат Рустамовна
II cанатты тәрбиеші

Тақырыбы: «Нептун күні»
Мақсаты: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл — қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Гүлдер мен шарлар, ғажайып сәттер, су құятын ыдыстар, сүзгі, су тапаншасы, шелектер, жасанды бассейн.
Жүргізуші: Күн күлімдеп жел ойнайды,
Толқындар көңілді шулайды
Нептунға қонақтар асыға келеді
Балалармен қыздардың топтары.
Жүргізуші: Балалар бүгін қандай күн?
Балалар: Нептун күні.
Жүргізуші: Сендер Нептунның кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ол су патшайымы.
Жүргізуші: Олай болса Нептунды шақырайық.
БӘРІ: Нептун — су патшайымы.
Бізге қонаққа кел!
Нептун: Сәлеметсіздер ме балалар, құлағыма жетті, бұл мереке менің құрметіме арналған екен. Мен Нептун – су патшайымымын, осында мерекеге орай кеш болып жатыр деп естіп келіп тұрмын.
Жүргізуші:Су патшайымы, сіздің құрметіңізге балалар ән айтып береді.

Ән: «Алақай жаз келді.»
Жүргізуші: Су — тіршіліктің көзі. Сусыз өмір сүре алмаймыз, су түссіз, мөлдір, иісі болмайды. (балаларға сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдау.)
Нептун:
Жарайсыңдар, балалар. Мен сумен ойындар ойнағанды жақсы көремін. Олай болса ойындарыңызды тамашалап, сендермен бірге ойнайын.(суға таяқшасын салғанда су перісі оянады.)

Су перісі: Сәлеметсізбе су патшайымы. Бүгінгі мерекеніңз құтты болсын! Менде бұл мерекеге қатысып қызық көргім келеді. (ортаға шығып су перісі әуенмен қимыл жасай бастаған мезгілде толқындар алып кетеді.)

Толқындар: Сендер бізді бүгінгі мерекеге шақырмадыңдар го. Біз сендерге би билеп, ән айтып мерекені өткізулеріңе мүмкіндік бермейміз.
Жүргізуші: Балалар біз толқындардан су перісін құтқаруымыз керек. Кімнен көмек сұрасақ екен. (бәрі ойланады)

Періште: Сәлематсыздар ма балалар. Неге көңілсіз отырсыңдар? Бүгін мереке емеспе қане бәріміз сумен ойнайық деп суды айналасына шашады.

Нептун: Жоқ періште біз алдымен су перісін құтқаруымыз керек.

Жүргізуші: Иә, періште су перісін асау толқындар ағызып алып кетті. Бізге сенің көмегің қажет.

Періште: Мен не істей аламын (бассейнді айнала жүгіреді.) таптым менің достарым бар соларды көмекке шақырайын.

Нептун: Распа, олай болса тезірік шақыр.

Жүргізуші: Су патшайымы олар бізге келіп жеткенше көңілімізді көтеретін тамаша биге кезек берейік.

Би: «Чунга -чанга»

Әуенмен Қарақшылар билеп келеді. Балалармен амандасады.

Періште: Қош келдіңдер менің достарым. Мына отырған балаларға сендердің көмектерің қажет болып тұр.

Қарақшылар: Ал, балалар бізден би үйренгілерің келеме? (екеуі билеп кетеді)

Нептун: Тоқтатыңдар! Біз су перісін толқындардан құтқаруымыз керек.

Қарақшылар: Жарайды, жарайды. Балалармен алдымен қызықты ойын ойнағымыз келеді. Толқындар мүмкін бізбен бірге ойын ойнағылары келіп су перісін босатып жіберер. Балалар бізбен бірге ойнайсыңдар ма?

Балалар: Иә, әрине.

Ойын: «Суқұйғыштар»

Шарты: Кішкентай ыдыспен суды тасып мәредегі банканы толтырулары керек.

Жүргізуші: Су патшайымы қарақшылардың бұл ойыныда бізге көмектеспеді. Толқындар мүмкін балалардың шырқап ән салғанын ұнататын болар.

Ән: «Жаңбыр»

Толқындар: ой қандай тамаша дауыс. Бізді ерекше бір сезімге бөледі. (толқындар кері қарай тербеледі. Осы кезде су перісі жүзіп құтылып кетеді.)

Нептун: Балалар сендерге көп – көп рахмет. Сендердің әсем әуендеріңнің арқасында су перісін құтқарып қалдық.

Су перісі: Балалар сендерге алғысым шексіз. Менің де сендермен қызықты ойын ойнағым келеді.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Шарты: Балалар мына бассейіндегі ойыншықтарды сүзгілер арқылы шапшаң аулап жинауларың керек.

Жүргізуші: балалар сендерге бүгінгі мереке ұнап жатырма? Бұл мерекенің ең қызықты сәті де келіп жеткен сияқты. (Әуенмен күліп Күн келеді.)

Күн: Балалар амансыңдар ма? Барлықтарыңды бүгінгі мерекелеріңмен құттықтаймын. Балалар сендер суға шомылғанды ұнатасыңдар ма?

Жүргізуші: Иә, Күн біздің балалар достарымен бірге суға шомылғалы жатыр еді.

Күн: Балалар мен сендерге суық тиіп қалмас үшін өз жылуыммен сендер шомылатын суларды жылыту үшін келдім. (бассейіндерді айналып шығады.) жәнеде бүгінгі мерекеде сендерді жағажай биімен қуантқым келеді.

Би: «Жағажай»

Жүргізуші: Ал, балалар барлықтарыңызды өз алаңдарыңызға сумен ойнауға, шомылуға шақырамын. (барлық кейіпкерлер әр топты өз алаңдарына алып кетеді.)

нептун сценарий.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s