Ғарышкер


Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің

«Балапан» балабақшасы мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Қарлығаш» тобының тәрбиешісі

Латаева Айдана Тұнғатқызы

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: « Ғарышкер»

Білім көздері: Қоршаған орта.

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Сөздік қорларын байыту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру. Балаларды еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: қазақтың тұңғыш ғарышкерлерінің суреттері.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,сұрақ-жауап, ой қозғау, көңіл-күйді көтеру, ойын.

Сөздік қоры: Ғарыш, ғарышкер, ғалам.

Оқу іс — әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотевациялық қозғаушылық Психологиялық дайындық

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Армысың табиғат – анамыз,

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз

Балалар шаттық шеңберін құрып,

өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық — ізденістік Бүгінгі оқу іс – әрекетімізді бастамас бұрын жұмбақ шешіп тақырыбымызды біліп алайық.

Жұмбақ жасыру.

Аспанда бір алып құс,

Ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң ғажайып,

Соңында із қалады.

Ол не балалар?

— Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы зымыранды басқаратын адамдарды кім деп атаймыз?

Бүгінгі тақырыбымыз «Ғарышкер» туралы болмақ.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз
Қандай ғаламда өмір сүреміз?
— Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?

— Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.

Сурет арқылы әңгімелеу.
Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Юрий Гагарин деген кісі.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері — Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
— Аспанда тағы нелер болады, балалар?
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен. Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда орналасқан.
Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ, сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Балалар, біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой. Қане есімізге түсірейікші, кім айтады.

Балалардың тақпақтары.
Балалар, сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?

Олай болса өзімізге зымыран құрастырып алайық. Мына зымыранға қарайықшы. Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?
Ендеше, мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар. Соларды мына тақтадағы суретке қарап тұрып, құрастырайық.

Ойын: «Зымыранды құрастыр»

Шарты: Қиылған бөліктерден зымыранды құрастыру.
Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды.
Енді бір сәт бойымызды сергітіп алайық,ол үшін бәріміз орнымыздан тұрып,сергіту сәтін жасайық.

Сәргіту сәті.

Арманы бар бір ғана,

Талабы зор баламын.

Шынығумен шыңдала,

Тез-ақ өсіп, толамын.

Жұлдыздарды жағалай,

Айға барып қонамын.

Тұңғыш Тоқтар ағадай,

Мен ғарышкер боламын

Зымыран.

Ғарышкер.

Жер ғаламында.

Ұшақ, тікұшақ, зымыран.

— Күн, ай, бұлттар болады.

Балалар жаттаған тақпақтарын айтады.

— Иә, ұшқымыз келеді.

Төртбұрышқа, шаршыға, үшбұрышқа, дөңгелекке.

Суретке қарап зымыран құрастырады.

Балалар іс-қимылмен көрсетеді.

Рефлексиялық — түзетушілік — Балалар ,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Кімдер туралы білдік?
Сендерге не ұнады?
Балалардың жауаптарын тыңдап,қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ғарыш алаңы Байқоңыр.

Игереді: Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері туралы мәліметтерді.

Меңгереді: Ғарышкерлердің арнайы киімі болатындығын.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s