Әлем бесігін тербеткен жан – Ана


Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің

«Балапан» балабақшасы мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Балбөбек» тобының тәрбиешісі

Токтарбаева Кенжебала Агаитовна

Тақырыбы: «Әлем бесігін тербеткен жан – Ана»
Мақсаты:
-мерекелік көңіл-күйін құру
-анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің барысы:

Тәрбиеші:

Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!

Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Құрметті Аналар,әжелер барша қонақтар 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын! Бүгінгі «Әлем бесігін тербеткен жан – Ана» — атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Қошеметпен «Балбөбек» тобын ортаға шақырайық. (балалар жартылай шеңбер болып тұрады)

Әдеби монтаж:

Хормен

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!

Балалар, аналарыңды қалай жақсы көресіңдер?

Аналарыңды қалай сүйесіңдер?

Тәрбиеші:

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл кім?

Балалар: Ана, ана, ана!
Олай болса балалар аналарымызға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Ерке: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды аналар
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар

Т.Даяна:Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым

Балауса: Менің әжем,бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже

С.Даяна:Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Дарын:
Бәріңізде анасың
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

Әкежан: Анашым анам,

Ақылды болам.

М.Алихан: Анашым анам,

Тіліңді алам.

Муслим: Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

Айару: Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.

Нұржан: Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Санжар: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін.

Ж.Алихан: «Боташым» дер саған
Кім сүйікті адам
Ол — менің анам.

Ермұханбет: Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!

Қайсар: Анам менің «Күнім» дейді
Мен қуансам күлімдейді.

Қ.Кәусар: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

И.Амина: Анам менің «Айым»дейді
Мен мұңайсам «уайым» жейді.

Әлия: Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.

М.Кәусар:Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

Калима: Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

Мейрхан: Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.

Н.Кәусар: Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің —
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!

Ә.Амина: Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.

Нұрмұханбет: Қуанышы баланың
Бізді өсірген анашым.

Тәрбиеші: Құрметтейік балалар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды — дей отырып балаларымыздың орындауында «Айналайын, ақ мамам!» әнін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейік көңілін
Би билейік бәріміз.

Би: Жалқаубек биімен балаларды ортаға шақырайық.

Тәрбиеші Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне – дей келе «Балбөбек» тобының орындауында «Әжемнің шайы» әнін қабыл алыңыздар

Тәрбиеші: Келесі кезекті «Жентельмен» биіне берейік.

Тәрбиеші: Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

– дей отырып «Балбөбек» тобының орындауында «Анашым» әнін ұсынамыз.

Тәрбиеші: Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.

Балаларымыздың орындауында «Жүрек сыйлау» биі

Хормен

Сенен өскен балалар,

Батыр мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.

Тәрбиеші: Алғашқы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Д.Т. Кыдырмановаға береміз.

Келесі сөз кезегі ата – аналарға беріледі.

Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!

Ертеңгілігімізді тамашалағандарыңыз үшін рақмет.Сау болыңыздар!

кенже суреттер.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s