Үй жануарлары


Байділда Гүлзада Құлшыққызы

«Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі

Ырғыз ауданы

Ақтөбе облысы

Үй жануарлары

Білім беру аймағы: Таным

Бөлім: Қоршаған ортамен таныстыру

Апталық тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты: Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп атауын түсіндіру, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Жануарлар жөнінде өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтарды мәнерлеп жатқа айту арқылы тілдерін дамыту.
Көрнекілік: Төлдердің суреттері және бетперделері

Сабақтың әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру. Жануарлар туралы өлең, тақпақ, мақал — мәтел айту, жаттау, жұмбақ шешу

Тәрбиешінің іс — әрекеті:

Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып бір бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

Секең, секең ей лақ,
Жүрмін саған кейіп — ақ.
Тыным тапсаң болмай ма?
Секеңдемей бір уақ.

Ботақаны нардың ,

Жарға неге бардың.

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың, -деп тәрбиеші айтқан кезде балалар қимыл — қозғалыстарымен көрсетеді.
Негізгі бөлім:

Тәрбиеші: — Балалар бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы әңгімелесеміз, қане тақтаға қараңдаршы ненің суретін көріп отырсыңдар, бұл төрт түлік малдардың суреттері. Мынау ненің суреті?
Балалар: Мынау сиырдың суреті.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал сиырдың төлін қалай атайсыңдар?
Балалар: Сиырдың төлі бұзау.
Тәрбиеші: Дұрыс бұлар қалай дыбыс шығарады?
Балалар: Мө — мө — мө деген дыбысы бар. Ол мөңірейді.
Тәрбиеші: Сиыр бізге не береді?
Балалар: Сиыр сүт береді.

Тәрбиеші: Сүттен не жасаймыз?
Балалар: Айран, құрт жасаймыз.
Тәрбиеші: Сиыр не жейді?
Балалар: Сиыр шөп, жем жейді, су ішеді.
Тәрбиеші: Сиырды қалай шақырамыз?
Балалар: Аухау, аухау деп шақырады (хормен айтады).
Тәрбиеші: Ал мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Қойдың суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Қой қалай дыбыстайды?
Балалар: Қой маңырайды, мә, мә, мә, мә деді.
Тәрбиеші: Ал қойдың төлін қалай атайсыңдар?
Балалар: Қозы, қошақан, деп атаймыз.
Тәрбиеші: Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Ешкінің суретін көріп тұрмыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, басында несі бар?
Тәрбиеші:
— Олар қайда тұрады?
Балалар:
— Қорада, үйде, фермада.

Оларды неге үй жануарлары дейді?
— Дұрыс, өйткені олар адамдардың маңайында, аулада тіршілік етеді екен.

Жақсы, балалар ендеше осы үй жануарлары туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Аяна: Түйе сүйеді баласын

«Боташым» — деп.

«Жаудыраған көзіңнен

Тоташым» — деп.

Аяна: Түйе сүйеді баласын

«Боташым» — деп.

«Жаудыраған көзіңнен

Тоташым» — деп.
Нұрдана Н :Ешкі сүйеді баласын

«Лағым» — деп.

«Тастан-тасқа секірген

Шұнағым» — деп.

Нұрасыл:Жылқы сүйеді баласын

«Құлыным» — деп.

«Тұлпар болып жүгірер

Жұлыным» — деп.
Аружан: Сиыр сүйеді баласын

«Торпағым» — деп.

«Қараңғыға баспаған

Қорқағым» — деп.

Нұрдана С : Қой сүйеді баласын

«Қоңырым» — деп.

«Ештеңені білмейтін

Момыным» — деп.

Даян: Салбыраған әукесі,

Мұңды жердің еркесі.

Зеңгі баба баласы,

Сиыр деген – мен болам.

Бекарыс: Мал өсірсең ,қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

Асылжан: Сиырды теппейді,

Сүтті төкпейді.

Ерасыл: Құнан атқа жеткізер.

Ат мұратқа жеткізер.

Айша: Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Нұрила: Таптым, таптым, тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға. (түйе)
Тәрбиеші:
— Өте жақсы балалар онда біз бүгін ойын ойнап көрейік. Ойынның аты «Төлдерін тап» деп аталады (бейне ролик көрсетіледі).

Сергіту жаттығуы: Қошақаным.

«Үлкен — кіші» дамытушы ойыны:
Сиыр қандай?
Бұзау қандай?
Ол қалай дыбыс шығарады?
Жылқы қандай?
Құлын қандай?
Ол қалай дыбыс шығарады?
Рефлексивті – қорытындылау:
— Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
— Неге оларды үй жануарлары деп атайды екенбіз?
— Үй жануарлардың төлдерін қалай атайды?
— Үй жануарлары қалай дауыстайды?
— Адамдарға қандай пайдасы, беретін өнімі бар?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау. Мақтап — мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарларын ажыратып, төлдерін білу керек. Қойылған сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білу керек.
Болу керек: Қызығушылықтары, ынталары болу керек.
Істей білу керек: Үй жануарларын дала жануарларынан ажыратып, бөлек жинай білу керек.

Байділда Гүлзада Құлшыққызы

«Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі

Ырғыз ауданы

Ақтөбе облысы

Астана әсем қала!

Тәрбиеші:Астана тойы- біздің ғасырлар бойы аңсап келіп қолымыз жеткен тәуелсіздігімізді баянды ету, қазақ елін біріктіру, жетістігімізді әлемге паш ету тойы болып отыр.Балалар Астана –еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей блу керек.Астана қаласының төбесінен қарайтын биік мұнара- Бәйтерек жасалды.Біз осы елдің болашақ патриоттарымыз.Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар-біз, осы қаланың бас құрлысшысы Нұрсұлтан Назарбаев атамыз екені даусыз.

Ендеше» Астана әсем қала» атты ертеңгілімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тірлігіне шырай берген кім десең?

Ол- Нұрсұлтан бақ жұлдызын,

Сол азамат болмағанда, ағайын-

Бүгінгідей қуанбас ең, күлмес ең.

Мақсатына жету үшін алдағы,

Әу бастан-ақ дұрыс жолды таңдады

Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе?

Орындаған балалардың арманын.

Хор: Әнұран.

Тәрбиеші: Астанам-бағы биік асқарымсың

Астанам-мәңгі жарық аспанымсын

Астанам -әсем қала, ел арманы,

Астанам қайда жүрсем мақтанышым.-дей

Отырып келесі кезекті балалардың тақпақтарына береміз.

1.Р.Зере.Астана қаласы,

Астана –Бәйтерек,

Астанаға қайтар өрлеп,

Қияға самғағандай.

2.Қ.Меруерт.Қанатын кең сермеп,

Қаланы ән тербеп,

Әлемді шарлағандай,

Астана қаласы.

3.Данияр. Аспан жер арасы,

Жұлдызбен жалғанғандай,

Сарыарқа даласы,

Есілдің жағасы,

Көрген жан таңғалғандай.

4.Шерхан.Астана, Астана!

Ел тілегі-бас қала!

Астана, Астана!

Ел жүрегі-Астана!

5.Дамира.Отан-қуат, нәр береді.

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

6.С.Меруерт.Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның-

Мақтанышым Астанам.

Тәрбиеші: Би болады әрқашан да қыздарда

Жылуынан жібінді мұздарда

Мың бұралып билегенде кім жетер

Биші әсем біздің сұлу қыздарға –дей отырып ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.

Тәрбиеші:Ақ сәуле нұр болып тарайды,

Күндіздей жарық айнала.

Жымиып көктен қарайды.

Аспанда жүрген ай ғана .

Астана сазды үнімен

Сызылтып әнге салады.

Кірпігін ілмей түнімен

Ақ таңды қарсы алады.-дей отырып балалардың тақпағын тыңдаймыз.

7.Санжар.Сарыарқаның төсінде.

Төне түсіп Есілге,

Бой көтеріп Астана

Ілесті өмір көшіне.

8.Дамира.Қарыштап алға бас қадам.

Отанымның жүрегі,

Елорда-менің Астанам.

9.Аслан.Алтын орда-Астана

Ғасыр үні- бастама.

Есіл бойын ен жайлап,

Көз тартады бас қала.

10.Мира.Тудым, өстім Отан үшін

Отанымды сүйем жастан,

Отан үшін-қуат күшім,

Жыр жазамын бір тынбастан.

11.Мырза.Жайнаған Астана,

Самал желдей жас қала.

Жарқырай бер мәңгі, Астана,

Күлімдеген жас қала.

12.Мерей.Астана-арман қала,

Бағы бар жанған қала.

Тұрады ол жап- жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана- сұлу қала,

Біз оны анамыздай.

Сүйеміз шынында да.

Тәрбиеші:Көтерді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпіп бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.-дей отырып енді қорытынды бөлімде сөзжұмбақ «Астананы» шешіп көрейік.

1.Мәжіліс өтетін ғимарат (Ақорда)

2.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?(Есіл)

3.Қала рәзімі.(Бәйтерек)

4.Астананың бұрынғы атауы.(Ақмола)

5.Астанадағы ескерткіштердің бірі кімге қойылған?(Абай)

Балалар, біз бүгін сендердің талап- талғамдарыңа, өнерлеріне, отансүйгіштіктеріне өте риза болып көңіліміз шаттануда. Шуақты күндерің көп болсын «Астана — әсем қала» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

«Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа,

Астана қарқын алды, өсер дара.

Есілдің жағалауын жарқыратқан

Аққудың ұясындай әсем қала.

Құлшынған күншығыста жас қалаға

Батасын берді Алатау бастап алға.

Егемен елге ерекге нұрын шашқан.

Тілейміз құт, береке Астанаға!

Сау болыңыздар барлықтарыңызға рақмет!

Байділда Гүлзада Құлшыққызы

«Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі

Ырғыз ауданы

Ақтөбе облысы

1 қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты шара

Мақсаты:
1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән — мағынасын ұғындыру;
2. сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. мерекелік көңіл — күй сыйлау.
І.«Көңілді балалар»биі орындалады.
ІІ. Ән «Күмбірле, қоңырау»
Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні шығады.
Бала: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
Бұл — екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің сәніміз,
Біз осы үйдің гүліміз.
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті ата — аналар, балалар, барша қонақтар!
Бүгін — 1 қыркүйек — білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық бақшамыздың әнұранын!
Балабақша әнұраны
Тәрбиеші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау құрметі «Аққайың» балабақшысының әдіскері Нұржамал Шәкірқызына ұсынылады.
Құттықтау сөз
Тәрбиеші: Білім бастауы — балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір
әнімізді балабақшамызға арнайық!
Ән «Бақытты баламыз»
Жеке ән «Мен әдепті баламын»
Тәрбиеші: Енді біздің балалардың білім алудың маңызына
байланысты айтарларын тыңдап көріңіздер..
Білім керек бәріне!
Ф. Оңғарсынова
Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғасам
Тауды бұзып, тас жарып
Мұхиттарды жалғасам
Таңдандырар бар елді
Ғажап үйлер сала алсам
Жасартатын әжемді
Дәрі де ойлап таба алсам….
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Білім
М. Ибраемова
Білім — менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу — айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
Ән «Тәй — тәй»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің өнер,
білім үйреткен, сүйікті балабақшаға арнаған кезекті бір әніне кезек берейік.
Ән «Балабақшам – бақ ұям»
Тәрбиеші: Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы —
Балабақшадан басталады!
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Баршаңызды балабақшамыздың білім бағына шақырамыз!
Ән «Күмбірле қоңырау»

Байділда Гүлзада Құлшыққызы

«Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі

Ырғыз ауданы

Ақтөбе облысы

Алтын күз

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер, балалар! Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз.

Балалар залға кіреді.

Ортада гүл күлтешелерінің астынды «Күз ханшайымы» отырады.

Ән: «Айгөлек» орындайтын: Майя,Нұрәділ

Осы кезде ортаға балалар шығады. Күз ханшайымы әннің дауысынан оянып кетеді:

  • Ой балалар мен жақсы түс көріп жатыр едім әннің дауысынан оянып кеттім. Менің қандай түс көргенімді білесіңдер ма?
  • Балалар, жоқ.
  • Ендеше мен қандай түс көретінімді жұмбақ арқылы жасырайын.

Бұлттар төніп, жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұры қашады.

Бөбектерді айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады.(күз)

Дұрыс айтасыңдар балалар күз мезгілі туралы түс көрдім.

-Қазір қай мезгіл?

— Күз.

-Күз мезгілінің айларын атаңдаршы?

— Қыркүйек,қазан,қараша.

-Күз туралы қандай тақпақ білесіңдер? (Балалар хормен күз туралы тақпақ айтады)

Балалар мен және түсімде жемістер мен көкөністерді көріп едім.

Жемістер мен көкөністер залға кіреді.

Алма: Жүріңдер жемістер мен көкөністер «Жұлдыз» тобының ертеңгілігіне барайық.

Тәрбиеші: Көрдің бе ханшайым сенің түсің шыңға айналып келе жатыр.

Әбубәкір: Жүріңдер көкеністер мен жемістер «Жұлдыз» тобының ертеңгілігіне барайық.

Көкеністер мен жемістер не дейді.

Бекзат.С (пияз):

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкеністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Бекнұр (картоп):

Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар.

Ақерке:

Мен алмұртпын, алмұртпы,

Ауызындамын бар жұрттың.

Айзере:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Ақбота:

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.

Әлия:

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы сізге арналған біздің балалардың әні бар қабыл алыңыз.

Хор: «Күз келіпті».

Ән: «Жомарт күз» Орындайтын: Берік Гүлмарс

Жанғасыр (автор): Күз мезгілі еді. Алма ағашының жапырақтары түсіп, жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман араларжүрген қоян алманы байқап қалады.

Бұны көрген шырша басында отырған қарға қоянның қылығына күледі. Қарға алманы тұмсығымен үзіп алғанда аузынан түсіп кетеді. Жоғарыдан түскен алма тоғай түбінде ұйықтап жатқан қасқырдың жанына түсіп қасқыр оянып кетеді.

Қоян мен қасқыр таласып жатқанда жандарына қарға келіп қонады. Осы кезде орман іші айғай шу болады, бұл дауысты естіген аю ұйқысынан оянып кетеді.

Айгерім (қоян): Ей қарға, маған алманы үзіп алып берші.

Рахмет саған қарға . Қасеке тоқтай тұрыңыз ол менің алмам.

Аюжан сен осы ормандағы ең үлкен, әрі ақылдысысың бізге алманың кімдікі екенін айтып берші.

Алманы тапқан мен..

Кемел (қасқыр): о алма тауып алдым…

Жоқ ол менің алмам, өйткені ол менің қасына келіп түсті

Алманы ұстаған мен…

Қоян бұл сен алманы бірінші көргенің үшін..

Қарға бұл саған алманы үзгенің үшін…

Бұл маған алманы ұстағаным үшін.

Аю бұл саған ақыл айтып бізді татуластырдың.

Елжас (қарға): бұл алманы бірінші болып мен үздім, босқа таласпаңдар алма менікі.

Алманы үзген мен..

Малика (Аю); Бұл не айғай шу, мазамды алдыңдар ғой.

МММ. Алманы кім тапты?

Ал алманы кім үзіп алды?

Жақсы ал алманы кім ұстап алды?

Мінекей бәріңде дұрыс айтасыңдар, өйткені бәріңде алма үшін еңбектеңдіңдер. Алма бәріңдікі. Әкеліңдер мен алманы бәріңе теңдей бөліп беремін.

Қасқыр алманы тең бөлікке бөліп, бір бөлігін қоянға береді, екінші бөлігін қарғаға береді,үшінші бөлігін қасқыр аузына салып. Төртінші бөлікті аюға беріп. Бәрі риза «Береке басы –бірлікте» деген осыдан қалған.

Би «Қара жорға».

Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Тәрбиешінің ата-аналарға, қонақтарға деген алғысы.

« Армысың, Әз Наурыз»

Байділда Гүлзада Құлшыққызы

«Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі

Құрметті бүлдіршіндер,ата-аналар,әріптестер!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз — яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз — ақ мейрамы ол — Наурыз.
Наурыз айының 22 — інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір — бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Армысыздар ағайын!
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық

Наурыз — шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз — дүниенің ғарыштық сипатын, адам мен ғарыштың ортақ тегін білдіретін мейрам. Олай болса, бүгінгі мерекеге байланысты « Армысың, Әз Наурыз» атты

кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Жақындатып өткенге , кеткенге енді

Көктем келді балбырап көктем келді

Суық сорған жаныма шуақ құйған

Осы еді ғой күткенім көптен бері

Аяна: Құт береке наурыз айым келді деп Жер түледі , жасыл желек желбіреп . Айналайын ,Атамекен , кең далам , Толықсиды нұрға балқып , елжіреп

Нұрасыл: Аспанында ақша бұлттар аунайды , Наурыз тойы көңілімді баурайды . Тебіренген табиғат та мәз- мейрам , Аңқылдаған қазағымнан аумайды .

Әйгерім : Қош келдің Наурызым , ардақты , Халқым саған бар үмітін арнапты . Жылда осылай келе бергін жасырып, Гүлге бөлеп , нұрға бөлеп аймақты.

Қайратұлы Әбубәкір «Наурыз» әнімен.

Әлихан: Шыға келді сыланып сылаң керлер,

Қияндағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында,

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер

«Қазақ биі».

Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын: наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады. Көже ішіліп болған соң, үй иесіне бата беріледі. Наурызым – тойлы нұрлы күн

Мерейің асып тұр бүгін

Жерімнің жүзін жылыттың

Елімнің сақта бірлігін

Өлкеме наурыз келді, көктем келді

Құлпырып гүлге орап көк пен жерді

Халқымыз салт дәстүрін аялаған

Арманы асқақтады көптен бергі –деп, келесі сөз кез кезегін балабақша әдіскері Нұржамал Шәкірқызына береміз.

Наурыз келді ,көктем келді шуақты

Жауқазындар жасыл қырда гул атты

Жүзімізде қуаныштың нұры ойнап

Жүректерге көктем енген сияқты

Наурыз келді жылғалардан су ақты

Ақ толқындар асықтырды бұлақты

Өңірлерде өскен жаңа гүл қаптап

Көңілдерге көктем енген сияқты — деп Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын, ағайын! Бүгінгі «Армысың , Әз Наурыз» атты кешімізді аяқтаймыз .

Пайдаланған әдебиеттер:

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2014 жыл №9, 12 бет

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2014 жыл №16, 26 бет

Мектептегі мерекелер 2014 жыл №4, 23 бет

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s