БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ӨТКІ ЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Даулетов Данияр Алдабергенович

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №28 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабағын өткізу ерекшеліктері туралы айта кететін болсақ. Жалпы сабақтың әр бөлімін ойын түрінде қызықты етіп өткізу. Сабақ үстінде көбіне оқушыларға сұрақ қойып, сөйлете білу қажет. Оқушыларға кез-келген тапсырманы көбіне өз бетінше орындауға үйрету. Мысалы: әр түрлі-түсті шарларды алаң ортасына шашып, бірінші топқа ұзынша қызыл түсті шар жинау болса, екінші топқа дөңгелек көк түсті шар жинау тапсырмасы беріледі.Оқушылар өз бетінше шардың түр-түсін, көлемін ажыратып жинау тиіс. Осы кезде оқушыларға » Балалар шар жинау тапсырмасында сіздердің денелеріңіздің қандай мүшелері қозғалды?» — деген сұрақ қойылып, ары қарай оқушылардың жауаптарын тыңдап сабақты жалғастырамыз.

Қазіргі таңда мен жас маман ретінде «Дене шынықтыру пәнінде қозғалмалы ойындарды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру» проблемасымен жұмыс жасап келемін. Осы мәселені шешу мақсатында дене шынықтыру сабағында қозғалмалы ойындарды пайдалана отырып, оқушылардың дене дамуына, тірек-қозғалыс дағдыларын қалыптастырып білім сапасын арттыруға әртүрлі қозғалмалы ойындарды пайдаланамын. Әр сабақтың тақырыбына сәйкес қозғалмалы ойындар қолданамын.. Мысалы: Топтық жануарлар бейнесіне еліктіруге арналған ойындар (қызықты қиял ойындары) осы тақырыпқа сәйкес қозғалмалы «Эстафеталық жарыс, Қоңыраулы соқыртеке, Араның балы, Айдаһар, Жануарлардың қимылдары т.б.» ойындарын пайдалануға болады.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s