Дәрумендер шеруі


Атырау қаласы, Ақжар селосы
№59 «Ақбөбек» балабақшасы
Жұмағалиева Іңкәр Бақтығалиевна
II санатты тәрбиеші

Дәрумендер шеруі.

Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс-жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін,көптеген ауруларға ем екенін түсіндіру,пайдасын көрсету. Ойлау қабілетін дамыту және еңбекке баулу.
Көрнекіліктер: Әдемі безендірілген , муляждар. Тәрбиеші: -Балалар қазір қай мезгіл?
-Қазір жылдың жаз мезгілі.
–Жаз мезгілінде неше ай бар?
-Мамыр, шілде, тамыз.
–Жазда өзімізді сергек, ақылды, мықты сезіну үшін не істеуіміз керек?
-Ал дәрумендерді қайдан аламыз?
-Көкөністерден, жемістерден.
–Жемістер қайда өседі?
-Ағашта.
–Ал көкөністер қайда өседі?
-Бақшада.
–Балалар бүгінгі ойын-сауығымызда көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы білетін боламыз. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз. Олар қырыққабат, сәбіз, қызанақ, алма, пияз, алмұрт. Осы дәрумендерді көп жесеңдер сүйектерің қатаяды, күштерің көп болады, көп ауырмайтын боласыңдар. Себебі олардың құрамында А,С дәрумендері бар. Жеміс – жидектерді жуып жесек, ауырмай үлкен болып өсеміз. Ендеше қонаққа жемістер мен көкөністерді шақырайық.(Атрибуттар киген балалар шығады.)

Балалар жеміс-жидек,көкөністердің үлкен еңбектің жемісі.

Жеміс – жидектер, көкөністер әрине ол үлкен еңбекпен келеді. Әуелі дәнін егеміз, суарамыз, арамшөптерін тазартып тұрамыз, яғни баптап күтеміз.Ендеше біз осы балабақшаға жақын тұратын Айгүл апайымыздың бау-бақшасындағыжемістермен көкөністеріміздің қалай өсіп жатқанын қарап келейікші.

Тәрбиеші балаларды ертіп көкөніс, жеміс-жидек өсіп тұрған бақшаға келеді.Олар келсе бақша ішінде арамшөптерді жұлып, егін суарып жүрген айгүл апайды көреді.

Айгүл апай:Салематсыздарма.Сендер менің бақшамды бүлдіріп жұлып кеткен балалар емесіңдер ма?

Тәрбиеші:-Сіздің жемістеріңізді балалар бүлдіріп кеткен ба?

Айгүл апай:Менің баптап өсірген бау-бақшамды біреулер жұлып кетіпті.Қолыма түскенде сол балаларға осы бақшаның ішінде жұмыс жасатып жеміс –жидек, көкөністің үлкен еңбектің жемісіекенін көздеріне көрсете отырып жұмсар едім.

Тәрбиеші:Апай біздің балалар ондай тентек балардың қатарына жатпайды.Сізге біз көмектессек қайтеді.баларға сол үлкен еңбетің жемісі қалай ,не істегенде беретінін балаларға еңбек еткізе отырып көрсетсеңіз қалай болады.

Айгүл апай:-Ендеше мына арамшөптерді жұлып көкөністердің дұрыс өсуіне мүмкіндік жасайық дейді.балалар егіндегі арамшөптерді жұлып,су құйып бағбаншы ағаның айтқанын тыңдап жеміс-жидек, көкөністердің қалай өсетіндігі туралы көп түсінік алады.

Тәрбиеші:Сізге көп рахмет.Балаларымыз енді көкөністердің, жемістердің қандай еңбекпен келетінін білді.Солай емес па балалар?

Балалар: ия деп жауап берді.

Айгүл апай:Ой балалар сендерге көп рахмет.Манағы бұзық балалардың ісінен кейін көңілім түсіп мына жұмыстың бәрін қалай істесем екен деп отыр едім.Әр уақытта еңбектің наны тәтті болады.

Тәрбиеші:Сізге көп рахмет.Біз енді өзіміздің балабақшамызға барайық.Сау болыңыз деп Айгүл апаймен қоштасып кетіп қалады.

(Тәрбиеші балалармен бірге өсіп тұрған жүзім және көкөністерді қарап келе жатқанда жылап жатқан жолда піспей жұлынып қалған қызанақты көреді.

Тәрбиеші:Балалар мынау не?

-Балалар қызанақ деп жауап береді.

Тәрбиеші :Балалар мына қызанақ манағы Айгүл апайдың бақшасынан жұлынып қалған емеспа екен.Мына жерге қалай келді ,неге жылап жатыр екен сұрап білейікші?

Қызанақ:Мені бір балалар піспегеніме қарамастан аямастан жұлып лақтырып тастады.Мені өсірген адамдар осыған дейін мені күтіп баптаған.Енді мен ешқандай пайдам болмайтын болды.Мен әлі пісіп жетілмегендіктен мені ешкім сүйсініп жемейтін болды.Мен адамдарға еш пайдамды тигізе алмадым.

Қызанақ өзін балалардың жұлып тастағанын айтып жылауды үдетеді.

Тәрбиеші:-Қап әттеген-ай.Бұлар қай балалар екен.Балалар балалардың бұлай жасағаны дұрыспа?

-Балалар: жоқ деп қызанаққа аяушылық сезіммен қарайды.

Тәрбиеші:-Қызанақ балалардың бұлай істегені дұрыс емес әрине.Бірақ біз саған қайта өсуіңе көмектесе алмаймызғо.Мен саған бір нәрсе айтайын.Сенің оған қуанатыныңа мен сенімдімін.

Қызанақ: -елең ете қалады.

Тәрбиеші:Мына жерде сен жалғыз емессің.Сенің барлық туыстарың көкөністермен ,жемістер келіп тұр.Бұлар сені жоқтатпай адамдарға пайдасын тигізіп риза етеді.Көрдің ба міне?

Қызанақ:-Ой мен сендерді қалай байқамағанмын.Сендер өте әдемі,үлкен болып өскен екенсіңдер.Ендеше мен жыламаймын.Сендер адамдарға дәрумендерді көп беріп түрлі аурудан сақтаңдар.Мен келесі жылы өз жемісімнің дұрыс өсуіне көңіл бөліп адамдарға пайдамды тигіземін.

Тәрбиеші:-Қызанақ сенің адамдарды ойлағаныңа біз қатты ризамыз.Әттең саған көмектесе алмаймыз. Адамдар сендерді ешқашан ұмытпайды. Бірақ балалардың сендер туралы көптеген тақпақтар ,әндер біледі.

Қызанақ:-Солай ма? Ендеше сендер сол өнерлеріңді ортаға салып орындай беріңдер.Мен сендердің дауыстарыңды естіп отырып өзімнің баратын жағыма жетіп қалайын деп қызанақ қоштасып кетіп қалады.

Тәрбиеші:-Балалар қызанақ біздің даусымызды естісін тақпақтарымызды айтайықшы деп ортаға тақпақтарын айтуға балаларды шақырады.

Көп аурудың емімін, Емделем десең өзің біл.

Тәрбиеші: Балалар кәне ортаға келіп көңілімізді көтеріп ойын ойнайық. Ойын: «Көкөніс пе, жеміс пе» Шарты: Ортадағы екі себетке көкөністермен ,жемістерді ажырата отырып жинау керек.

Тәрбиеші: Балалар ойын сауығымызды одан әрі жалғастырайық.

Бала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бұл жерде не болып жатыр. Ой қандай керемет мұнда жемістер көп екен. Мен жеміс-жидектер жегенді жақсы көремін деп жемісті үстіне шала сүрте аузына апарады. Тәрбиеші: Сенің бұның не.Жемісті жумай жеуге мүлде болмайды.Жемісті жумай жесең ауырып қаласың.Біз жемістерді жақсылап жуып жейміз. Солай ғой балалар. Бала өзінің қате істегенін біліп ұялып қалады.Келесіде бұлай жасамайтынын айтып қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар міне көрдіңдер ме. Бізде ауырып қалмас үшін ен істеуіміз керек?
-Жеміс-жидектерді жуып жеуіміз керек. Таза жүруіміз керек.
Тәрбиеші: Ендеше балалар біздер «дәрумендер» әнін айтайықшы.

Ән: «Дәрумендер»

Би: «Көңілді дәрумендер»

Ойын: «Бақшада ма, ағашта ма?»

Шарты: бақша жасалынады және ағаштар қойылады. Жерде көкөністер, жемістер шашылып жатады. Ал балалар оларды өз орындарына орналастырады. Мысалы: алманы алма ағашына, өрікті өрік ағашына, шиені шие ағашына, ал көкөністерді бақшаға орналастыру

Тәрбиеші: Назар қойып тыңдағандарыңызға көкп көп рақмет. Бүгінгі ойын-сауығымызды әдемі әнмен қорытындылаймыз.

Дәрумендер шеруі.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s