Денсаулық мол байлық


Атырау Облысы, Атырау қаласы
№59 «Ақбөбек» балабақшасы

Дене шынықтыру нұсқаушысы

Андабаева Асем Ербулатовна

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау. Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру әдістерін қолдану. Спортпен айналысудағы әртүрлі дене шынықтыру әдістерін қолдану. тәрбиешілердің балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға белсене қатыстырып, ынтымақтаса жүргізілген жүмыстың нәтижелі болғандығына көз жеткізу.

Қолданатын құралдар: 2доптар, кедергілер, 2 құрсаулар, 2 фитбол, ракеткалар, балықтар, қармақтар, 2шаңғы, нысана

Жүру барысы:

Уа халқым назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық- терең байлық деген сөзді құр айтпаған ұлы Абай данамызда демекші бүгінгі өткелі отырған «Денсаулық мол байлық» атты жарысымызды тамашалауғақош келдіңіздер.

Спорт біздің досымыз

Күш қайратын сынға алған

Спорт біздің досымыз

Бала кезден шыңдалған деп ортаға жарысқа қатысушыларды шақырайық!

1. «Жасұлан» командасы

2. «Жас қыран» командасы

Жүргізуші:

Ал құрметті қалайық,

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер- деп әділ қазылар алқасына бір қол шапалақтап қояйық.

Музыка жүреді.

2 топты таныстырады. Әр топ өзінің ұранын айтады.

Ақ халатты киеді, аппақ болып жүреді.

Аппақ болып жүргенде бәрі жақсы көреді.

Іш ауырса, тіс ауырса, бізге дәрі береді!

Бұл кім балалар?

Балалар: Дәрігер

Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме балалар! бүгінді денсаулық күнімен барлығыңды құттықтаймын. Мен сіздердің денсаулықтарыңа қарауға, қандай мықты екендеріңді көруге келдім. Дендерің сау болып өсу үшін дәрумендерді жеп, сондай таза ауада жүгіріп секіріп, спортпен шұғылданып жүріп, салауатты өмір салтын ұстанып жүрулеріңіз қажет.

Нұсқаушы: Дәрігер уақытыңызды бөліп келіп балаларға көп деген пайдалы кеңестер айтып жатырсыз. Сізге Рахмет. төрден орын алыңыз.

Ойнайық та, ойлайық

Қатардан қалып қоймайық.

Ортада белсенді болайық.

Уақытты тектен текке жоймайық деп турымызды бастаймыз.

Ойынымыз 6 турдан тұрады.

1 тур: «Эстафета»

2 тур»Құрсаудан құрсауға»

3 тур»Кім тапқыр»

4 тур»Ракеткалар»

5 тур»Балық аулау»

6 тур»Тәтті жұптар»

Командалар бір – бірімен сәлемдеседі.

«Жасұлан» тобы

Ұраны: Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз спортшы «Жас ұлан»

Жеңілмейміз жарыстан.

«Жас қыран» тобы

Ұраны: Балапанбыз талпынған биіктерге

Қыран құстай самғаймыз сүйікті елде

Шымыр болып шынығып ер жетеміз

Кең байтақ Қазақстан елінде біз.

1 тур: «Эстафета»

Шарты: әр топтың бірінші тұрған баласы қолына допты алады. Сол доппен алдағы кедергілерді құлатпай арасынан өтеді. Белгіленген межеден айналып өтіп, тобына жүгіріп келіп келесі балаға допты жалғайды. Осылайша қалғандары жалғастырады.

2 тур»Құрсаудан құрсауға»

шарты: балаларға 2 құрсау беріледі. Бірінші құрсауды жерге қойып ішінде тұрады, сосын екінші құрсауды алға қойып сол құрсауға секіреді. артында қалған құрсауды, алға қайта ауыстырып қояды. солай мәреден айналып келеді.

3 тур»Кім тапқыр»

шарты: балалардың алдарына есеп беріледі. сол есепті қапшықты киіп кедергілер арасынан секіріп барып, мәреде қапшықты шешіп кетіп есептің мәнін шығарып . санды кубик арқылы қолданады. Есепті шығарған соң, қапшықты қайта киіп кедергілердің ортасынан секіріп орнына келу керек.

4 тур»Ракеткалар»

шарты: әр топқа фитбол беріледі. Сол фитболмен мәреге секіріп барады. және алда тұрған нысанаға кішкентай ракеткаларды лақтырады. нысанаға тигізу керек. сосын қайта тобына секіріп барады.

Спорттық би

5 тур»Балық аулау»

шарты: үрілген шығыршықты беліне киіп, су бетіндегі балықты қармақпен аулайды. Қорытындысында әр команданың неше балық аулағандары саналады.

6 тур»Тәтті жұптар»

шарты: бұл турда ойыншылар ұйымдаса жарысады. Қатысушылар бірінің артына бірі тұрып аяқтарына шаңғыны киіп, біркелкі жүріп, межені айналып келу керек.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады демекші шарты бойынша қорынынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Әділқазыларымыз қорытынды шығарғанша бүлдіршіндеріміз Физкульт-ура әнін орындайды.

Әділқазылар жеңімпаз топты анықтап, екі топты марапаттайды.

денсаулық мол байлық ересек .docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s