Тілім барда қазынам бар!


Қызылорда облысв.Қазалы ауданы. Майдакөл ауылы
№98 мектебінің география пəнінің мұғалімі
Изтлеуова Замзагүл Жанпайызқызы

Мақсаты: Балаларға мемлекеттік тілдің өркендеп өсуіне, мемлекетімізді сүюге, тілдің мәртебесін биік ұстауға, қазақ халқының өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне байланысты түсіндіру. Тіл туралы түсінік беру. Балалардың ой – белсенділігін, таным – ынталарын арттыру адамгершілігіне, парасаттылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: таным – зерделік жарыс сабағы.
Өтілу әдісі: жарыс.
Көрнекіліктер: тіл туралы нақыл сөздер. Құрметті қонақтар, ата — аналар, апайлар және де тәрбиешілер. Бүгінгі «Тілім барда қазынам бар» — атты мерекелік шараға қош келдіңіздер.
Ән ұран.
Жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні » мерекесі аталып келеді. Біздің Республикамызда 120 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар тату – тәтті ынтымақпен жемісті еңбек етуде.
Қ.Р – сы біздің сүйікті де ортақ Отанымыз!
Бүгінгі біздің мемлекеттік шарамыз 6 кезеңнен тұрады. Берілген тапсырмаға дұрыс әрі нақты жауап берген топқа ұпай беріледі. Сабақ соңында барлық ұпай есептеліп, көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болады.
1. Таныстыру
2. Тақпақ айту
3. Сұрақ жауап
4. Жұмбақ жасыру
5. Мақалды жалғастыру
6. Логикалық есептер.
Әділ қазылар мен таныстыру.
1. Таныстыру.
1 – топ. Біздің топ: Жасұлан
Біздің ұран: Тіл бар жерде – өмір бар.
2 – топ. Біздің топ. Өркен
Біздің ұран: Сүйемін туған тілді – қазақ тілін.
2 – кезең. Кім тіл туралы, астана туралы тақпақтар айтады?
3 – кезең. Сұрақ жауап.
1. Біз қандай Республикада тұрамыз?
2. Біздің ел ордамыз қай қала?
3. Ұлттық тіліміз қай тіл?
4. Қ.Р мем. Рәміздерін ата?
5. Тудың түсі қандай және онда не бейнеленген?
6. Қ.Р Президенті кім?
4 – кезең. Жұмбақ жасыру
1. Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас. (нан)
2. Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады. (кітап)
3. Жүзіне салсаң көзіңді, Көрсетеді өзіңді. (айна)
4. Судан шығады, судан қорқады. (тұз)
5. Қабат – қабат қаптама Ақылың болса аттама. (кітап)
6. Қимылдаса қос шебер Қыруар – қыруар іс өнер. (қол)
5 – кезең. Мақалды жалғастыр.
1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Отан оттанда ыстық.
3. Өзге елге сұлтан болғанша Өзге елге ұлтан бол.
4. Тілі жоқ жерде Ұлт жоқ.
5. Тіл көңілдің — кілті.
6. Тіл тас жарады Тас жармаса бас жарады.
7. Шешеннің тілі ортақ Шебердің қолы ортақ.
8. Жақсы сөз – жарым ырыс.
9. Сөз ағымы – мақал.
6 – кезең. Логикалық есептер.
1. Бір келі мақта ауырма
Бір келі темір ауырма. (бірдей)
2. Талдың бұршағында үш торғай тұр еді
Оның біреуі ұшып кетті нешеуі қалды. (2)
3. Ағашта қонақтап тұрған тауық 2кг
Бір аяғын көтергенде неше кг. (2)
4. Сенің қолыңда 2 алма бар еді
Досыңа біреуін бердің қолыңда нешеуі қалды. (1).
5. 1 – 10 – ға дейін санау және кері сана.
6. 1 – 10 – да дейін үш тілде сана.
Ойын: Кім биші. Шарты. Екі топ екі шеңбер ішіне орналасады. Музыка қосылғанда (кара жорға) билейді. Қай топ шеңберден шыкпай әдемі билесе сол топқа 10 ұпай.
Жүргізуші: Ал балалар, біз жарысымыздың соңына да жеттік. Әділ қазы алқасынан бүгінгі сабақтағы екі топтың бағасын есептейміз. Жоғарғы ұпай алған топ бүгінгі жарысымыздың жеңімпазы атанады. Ендігі сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Әрбір тілде сойле әлемді таң қылып, Ана – тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек маңгілік.
Құрметті қонақтар балалар және әріптестер. Осымен «Тілім барда – қазынам бар» атты мерекелік шарамыз аяқталды. Көніл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s