Жүктерге көліктік таңба салу


Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжінің
оқытушысы
Жетібай Фарида Сәбитқызы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:«Жүктерге көліктік таңба салу».

Сабақтын түрі: Теориялық

Сабақтын типі: Аралас

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік:

Жүктерге көліктік таңба салудың түрлерімен таныстыру, білім алушылардың білімдерін кеңейту.

2. Дамытушылық:

Сабақ барысында проблемалық жағдайлар тудыру, деңгейлік тапсырмалар үйлестіру, жарыстар өткізу сияқты әдістерді қолдану арқылы, білім алушылардың бойындағы мамандық бойынша қабілеттерді қалыптастыру және одан әрі жетілдіру.

3. Тәрбиелік:

Білім алушылардың жаңа сабак тақырыбына қызықтыру арқылы өз мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін, жұмысқа деген ынтасын, жауапкершілігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, сөзжұмбақ, слайдтар, тест сұрақтары.

Сабақтың әдістері: Түсіндірмелі иллюстративті әдіс (баяндау, лекция, иллюстрация арқылы түсіндіру), интерактивтік әдістер (ой шақыру , топпен жұмыс істеу).

Сабақтын барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

білім алушылардың сабаққа қатысу көрсеткішін тексеру, олардың дайындығына және дәрісхана тазалығына назар аудару.

II. Өткен тарау бойынша білім алушыладың білімін тексеру.

Тақырыбы: « Жүктердің көліктік қасиеттері, сипаттамалары және жүктердің жіктелуі».

III. Өткен тарау бойынша білім алушылардың білімін бағалап, кемшіліктері мен жетістіктерін атап өтіп, оқытушының қорытындылауы.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Білім алушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтарымен таныстыру.

Жаңа тақырыпты оқытушының түсіндірмелі – иллюстративті әдістерді (лекция, слайдтар, суреттер) қолдану арқылы түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты бекіту.

VI. Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып белсенділерді бағалауы және қорытындылауы.

VII. Үйге тапсырма беру.

VIII. Сабақтың аяқталуын хабарлау.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Тақырыбы: «Жүктердің көліктік қасиеттері , сипаттамалары және жүктердің жіктелуі»

Өткен тақырып бойынша білім алушылардың білімін тексеру сұрақтары.

1 – «Ширату » сайысы

Оқытушы білім алушылардың сұрақтарға жауап беру көрсеткішіне қарай «қызыл», «жасыл», « сары» жетондарды үлестіреді.

«Қызыл» жетон – 5 ұпайды, «жасыл» жетон – 4 ұпайды, ал «сары» жетон – тиісінше 3 ұпайды білдіреді.

· Кез келген атаудағы жүктің тасымалдаудағы техникалық жағдайына әсер етуі

· Жүктің көліктік сипаттамасының айқындалуы

· Көліктік сипаттамалардың пайдалануылуы

· Сандық көліктік сипаттамалардың түрлері және олар қандай жағдайларда пайдаланылады

· Көлемдік масса дегеніміз не?

· Бос кеңістік көлемінің жүктің көлеміне қатынасы

· Көлем бірдігіндегі біртекті заттың массасы

· Табиғи еңістік бұрышы дегеніміз не?

· Үйілген және ақтарылатын жүктердің тиеп-түсіру технологиясының айқындалуы

· Жүктердің жіктелуі қалай жүргізіледі

· Жіктелуіне қарай жүктердің біріктірілуі

· Үйінді жүктердің топтастырылуы, тасымалдануы және қасиеттері

· Ыдысты-дара жүктердің қасиеттері мен топтастырылуы

· Жүктердің сақталуы мен әдістеріне қарай топтастырылуы

2– Толықтыру тесті

1. Жүктің көліктік сипаттамасы оның тасымалдау, тиеу, сақтау режимдерін, сондай-ақ _____________________________________________________.

2. Текше метрге келетін килограмм мөлшері тығыздық бірлігі болып табылады, бірақ ________________________________________.

3. Грануломертиялық құрам жүктің әртүрлі фракцияларының бөлшектерге келетін мөлшерін көрсетеді, ол _______________________________________________________.

4. Жүктерді жіктеу тасымалданатын жүктердің түрі мен күйіне, _____________________________________________________________.

5. Ақтарылатын жүктерге ағаш, ағаш сүрегі, тас, металл сынықтары, металдар, болат құймалары секілді вагондарға тиеу кезінде _____________________________________________________________.

6. Цистерналарға және ашық вагондарға ____________________________________________________________.

III. Білім алушылардың жауаптарын қорытындылау, бағалау.

IV. Жаңа сабақ тақырыбы: «Жүктерге көліктік таңба салу».

Қаралатын сұрақтар:

1. Таңбаларға жалпы шолу

2. Көлік таңбасының түрлері

3. Көлік таңбасын салу тәртібі

Категориялық топтастыру

Дәріс

Жүк қабылдау ережелеріне сәйкес жүк жөнелтуші дара жүктерге көлік таңбасын салуға міндетті.Көлік таңбасының мазмұны , оны салу орны мен әдісі , орналастыру орны , таңбалайтын тапсырмалар мен жазулардың өлшемі «Жүктерді таңбалау» ГОСТ – 14192-96 мемлекеттік стандартқа сай болуы тиіс. Көлік таңбасы 4 түрге бөлінеді Олар

1. Негізгі жазулар

2. Қосымша жазулар

3. Ақпараттық жазулар

4. Әр түрлі таңбалардан тұрады

Негізгі жазулар мыналардан тұрады:

жүк қабылдаушының толық немесе қысқартылған атауы;

жүк баратын стансаның толық атауы;

жөнелтілімдегі жүк орнының саны және жөнелтілім ішіндегі орынның реттік нөмірі (бөлшекиен көрсетіледі: алымында – жөнелтілімдегі орынның реттік нөмірі, бөлімінде – жөнелтілімдегі орындар саны).

Қосымша жазуларда мыналар болуы тиіс:

жөнелту стансасы мен тасымалдаушыны көрсете отырып, жөнелту пунктінің атауын жазу;

жүкті ұсақ жөнелтілімдермен тасымалдауда әрбір жүк орнына теміржол таңбасын түсіру қажет.

Теміржол таңбасы – бөлшектен тұрады: алымында – тасымалдаушының маркасы және сызықша арқылы – жөнелтілімдегі орындар саны; бөлімінде — № 4 Тарифтік нұсқауға сәйкес жөнелту стансасының коды жазылады.

Мысалы: 324-6

289503 мұндағы: алымындағы тасымалдаушының маркасы, 6 — саны жөнелтілімдегі жүк орнының саны, ал бөліміндегі жөнелту стансанының коды.

Жүк жөнелтуші теміржол маркасын тасымалдауға берместен бұрын салады. Бұл марканы сондай-ақ тасымалдау құжаттарыныңтиісті графаларында көрсетеді. Теміржол маркасының болуы тасымалдау құжаттары мен жүк бөлініп қалған жағдайда оны іздеп табуды тездетеді, жүк қабылдап алушылардың жауаптылығын белгілеуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық жазулар – жүк орнының килограммен көрсетілген брутто массасы мен нетто массасын білдіреді. Нетто массасының орнына бұйымның мөлшерін дана түрінде көрсетіледі . Егерде буып-түйілген өнімді сипаттайтын таңбада жүк орнының габариттік өлшемдерін сантиметрмен

( ұзындығы, ені мен биіктігі ) көрсетілетін жағдайда бұл деректерді түсірмеуге болады. Жүкті ашық жылжымалы құрамда тасымалдауға габариттік өлшемдері 1 м-ден, ал жабық вагонда – 1,2 м-ден аспайтын болса, мұндай өлшемдер көрсетілмейді.

Әр түрлі таңбалар – бұл жкпен жұмыс істеу әдістерін көрсететін кескіндер немесе суреттер. Мұндай таңбаларды салу өнімнің стандарттары мен техникалық шарттарын талап етеді. Егер жүкпен жұмыс істеу әдісін әр түрлі таңбалармен көрсету мүмкін болмаса , ескертпе жазуларды пайдалану рұқсат етілген.

Әрбір жүк орнына көлік таңбасы салынуы тиіс Үйілген және ақтара төгілетін жүкті тасымалдауда көлік таңбасы салынбайды.

Көлік таңбасы тікелей қағаз, картон , металл және басқа да жапсырмаларға салынады. Жүк ұзақ сақталатын жағдайда ашық жылжымалы құпаммен тасымалдауда таңбаны тікелей жүк орындарына салуға рұқсат етіледі. Жапсырмаларға таңбаны баспаханалық, баспа әдістерімен, трафаретпен бояу, күйдіру, таңбалау машиналары арқылы салады. Тікелей жәшіктің сыртына да көлік таңбасы түсіріледі

Жүк жөнелтушілер мен көлік стансалары таңбалау ережелері мен стандарттарының талаптарын қатаң сақтауы тиіс; өйткені осылар арқылы жүк пен тасымалдау құжаттары арапсында байланыс орнатылдаы, кімге тиесілі екені оңай айқындалады, жүкті сақтау кезінде және сақтық шаралары туралы қызметкерлерге ақпарат беріледі.

IV. Жаңа сабақты пысықтау.

Тест сұрақтары

1. Көлік таңбасындағы негізгі жазулар

А) көлік таңбасын салу

Б) жүк баратын стансаның толық атауы

В) теміржол таңбасы

2. Ақпараттық жазулардың сипаттамасы

А) жүк орнының килограммен көрсетілген брутто мен нетто массасы

Б) әр түрлі таңбалардың қойылуы

В) жөнелтілім ішіндегі орынның реттік нөмірі

3. Әр түрлі таңбалар- бұл ….. көрсететін кескіндеу

А) габариттік өлшемдерді

Б) жүктердің жеткізілу мерзімін

В) жүкпен жұмыс істеу әдістерін

4. Көлік таңбасы …. жапсырмаларына салынуы тиіс

А) қағаз, картон, металл

Б) шамалы жылдамдықпен жүру

В) үйілген және ақтара төгілетін жүкті тасымалдауда

5. Тасымалдау шарты бойынша өз атынан немесе жүк иесінің атынан әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға

А) жү жөнелтуші

Б) жүк қабылдаушы

В) тасымалдаушы

6. Темір жол таңбасы … тұрады

А) бөлшектен

Б) әр түрлі үлгідегі ыдыстан

В) сигналдардың электрлік орталықтандырылуынан

7. Теміржол маркасы болуының себебі ….

А) жүк жөнелтуге дайындау шаралары

Б) тасымалдау құжаттары мен жүк бөлініп қалған жағдайда тездетіп табу

В) көлік пакеттері мен бумалары

8. Ескертпе жазуларды қолдану қандай жағдайларда рұқсат етіледі:

А) вагондап жөнелтілу

Б) жүкпен жұмыс істеу әдістері таңбаланса

В) жүкпен жұмыс істеу әдісін әр түрлі таңбалармен көрсету мүмкін болмаса

9. Жапсырмаларға таңбалар …. арқылы салынады

А) трафаретпен бояу, күйдіру, таңбалау машиналары

Б) блоктау бағдаршамының

В) жапсырма жабыстыру

10. Жүк дегеніміз не ?

А) зат

Б) заңдық акт

В) белгіленген тәртіп бойынша контейнермен тасымалданатын нысан.

Сәйкестендіру тесті

абайлаңыз бұзылатын жүк

сәулелендіруге болмайды

мемлекеттік салу

температура стандарт

міндетті шегін сақтау

брутто орны

таңбаларды массасы

бекіту болмайды

ылғал тигізуге жазбалар

тез морт бұйым

Қорытындылау

Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып белсенділерді бағалуы және қорытындылауы

Үйге тапсырма беру

Бекжанова С. Е. «Жүк тасымалдау мен коммерциялық жұмыстардың негіздері» 4 бөлім §11,2 Жүктерге көліктік таңба салу 102-105 беттер

А) Бүгінгі лекциямен түсінік дайындау

Б) Қосымша әдебиеттерден, интернеттен осы тақырып бойынша мәлеметтер жинау

Сабақтың аяқталуын хабарлау.

ашық сабақ 2012 ж.ppt

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s