Тукенова Алмагуль Абаевна


Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы

Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Тукенова Алмагуль Абаевна

Сабақтар тізімі:

1.Өсімдікке су және топырақ керек. Дүниетану.

2. «Тілашар» ертеңгілігі

3. Заттың массасы. Заттардың саны және массасы. Математика

4. «Наурыз көже» Н.Казыбеков. Әдебиеттік оқу

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы,

Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев атындағы

Шилі орта жалпы білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Тукенова Алмагуль Абаевна

Сыныбы: 2 «а» Күні: 3.02.16 ж. пәні: Дүниетану
Тақырыбы: Өсімдікке су және топырақ керек
Мақсаты: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтиже: — өсімдіктер туралы толық мағлұмат бере отырып,
— олардың тіршілігін түсіндіре алады;
— жұмысты өз бетінше,топпен жоспарлап,бағалай алады;
— жұмыс барысында жауапкершілікті сезінеді.
— алған мәліметтерді талдап,өз білімдерін бағалай алады;
— түсінігін топтап,жүзеге асыра алады.
— оқушының сөзі жүйелі,қисынды,
— қорытындыны дәлелдей алады.
Тапсырмалар: Жаңа тәсілдер: «Бірге ойлаймыз», «Ойлан әрі талқыла», топтық, жұптық әңгіме, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі:

АКТ қолдану: визуалдандыру,белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор

желісінен алынған материалдар.

Оқыту формасы: Жеке, жұптық,топтық, жаппай

Бағалау: Формативті бағалау: ынталандыру мақсатында

«Қолпаштау», «Басбармақ»

Кері байланыс:

«Нысана» д.д.

Сабақтың барысы: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе: 2 мин Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал:

Табиғат күлімсірер күніменен
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен
Көркіне көз тоймайды табиғаттың
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.

Топ ережесін қайталау.

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.

Шаттық шеңберіне тұрып бәрі бірге өлең айтады.

Үй тапсырмасы: 7 мин. «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша берілген сұрақтар бойынша сәйкестендіру.
1 – топ: Өсімдікті неге тірі ағза деп атайды?
Өсімдік тірі ағза: қоректенеді, өседі, қурайды, көбейеді, тыныс алады
2 – топ: Өсімдіктің қандай пайдасы бар?
Өсімдік: Сусын, ем, ауа, тағам, жеміс, дәрі, кітап
3 – топ: Жапырақтың қызметі қандай?
Жапырақ: Өсімдік бойындағы суды буландырады, ауаны тазартады көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін шығарады, қант, крахмал жасалады, жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады.
Барлық топқа: Өсімдік қалай көбейеді?
Өсімдіктің көбеюі: тұқымнан, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс
Тұсаукесер: 3 мин. Күн көзін бұлт баспасын”
Ойын шарты: берілген сұрақтарға жауап беру арқылы экраннан күн көзін шығару
— өсімдік мүшелерін ата?
— өсімдік топтарын ата?
— тамыр қандай қызмет атқарады?

— сабақ қандай қызмет атқарады?
— тұқымның түрлерін ата?

— жапырақтың қызметі қандай?

«Сен білесің бе?»
-Өсімдік өсу үшін не қажет?

Тамыр, сабақ, жапырақ,

Бұта, шөп, ағаш

Тамыр – өсімдікті топыраққа бекітеді. Өсімдікті топырақтан қоректендіреді.

Сабақ – тыныс алуға қатынасады.

Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады, судың артық мөлшерін буландырады.

(жарық, ауа, су, жылу, топырақ)

Негізгі бөлім: 1 мин.

2 мин.

2 мин.

5 мин.

8 мин

5 мин.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар.
— Топырақ деген не?

— Топырақтың негізгі қасиеттерін ата.
“Мағынаны тану” кезеңі
Өсімдік – тірі ағза. Ол үнемі өсіп, өзгеріп отырады: өседі, жапырақ жаяды, гүлдейді, түйіндейді, жеміс береді.Өсімдік өзіне қажетті қоректі өлі табиғаттан алады. Соның бірі –

су. Суы жеткілікті өсімдік жайқалып өседі.(Суретпен жұмыс)
— Су өсімдікке не арқылы келеді?
Топырақ арқылы.Топырақтағы қоректі заттар сумен араласып ериді. Өсімдіктің тамыры суды бойына сіңіріп, келесі мүшелеріне жібереді. Шіріндісі көп топырақ өсімдік өсуіне өте қолайлы.
-Шірінді қайдан пайда болады?
Жыл сайын қураған өсімдіктердің жапырақтары сумен араласып,оның құрамын байытады. Барлық топырақта бірдей шірінді көп бола бермейді.Ондай топырақты қолдан тыңайтады.
-Тыңайту үшін не керек деп ойлайсыңдар?
— көң, құстың саңғырығы, шымтезек, қарашірік.(суретпен жұмыс)
«Терең танысайық» кезеңі
Оқулықпен жұмыс.
— Мәтінді тізбектей оқыту.
— Мәтінмен жұмыс жүргізу.
— Өсімдіктің өсуіне судың,топырақтың әсері қандай?
— Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады?
— Өсімдіктің бойында судың бар екенін қалай білуге болады?

Сұрақтарға жауап береді.

Топырақ дегеніміз жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты.

Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болады және өсімдік жақсы өседі.

Топырақтың ең басты қасиеті құнарлылығы.

Қорытынды: 5 мин. Ой толғаныс” кезеңі. (проблемалық сұрақтар)
— өсімдік тіршілігі үшін не қажет?
— өсімдіктер адам өміріне қаншалықты әсер етеді?
— егер өсімдік болмаса жер бетінде не болар еді?
Дәптермен жұмыс

1 – тапсырма:

Өсімдікке қажетті жағдайлар

2 – тапсырма:

Қайсы өсімдік суды көп қажет етеді?

Тест тапсырмалары:

1.Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар:

В) жарық, ауа, су, қорек, жылу

2. Өсімдік:

Б) тұқымнан дамиды

3. Топырақ арасындағы өсімдік мүшелері:

Ә) тамыр

4. Өсімдікке сабақ не үшін керек?

А) Тамырдан қоректік заттарды басқа мүшелерге жеткізу үшін

5. Құрғақ жемістерге:

А) бидай, түйебұршақ
«Ойлан әрі талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс.
1 – топ: Топырақ неліктен бұзылады? (күтім болмаса, жаңбыр мен қардың мөлшерден көп болуынан)
2 – топ: Топырақты қорғау үшін не істеу керек? (таза ұстау, құнарландыратын жағдайлар жасау)
3 – топ: Топырақтың құрамына нелер жатады? (көң, құстың саңғырығы,

шымтезек, қарашірік)
Барлық топ: Топырақтың қандай түрлері бар? (қара, сор)

IV. Бекіту

«Ой түйіндеу» кезеңі

«Құм, тас, су» ойыны.
Ойынның шарты: «Құм»дегенде әр жерде оқушылар шашыраңқы болып отырады, «тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап қатып қалады, «су» дегенде толқын болып қозғалады.
V. Қорытынды.

«Даналық қоржыны» әдісі арқылы су туралы берілген мақал – мәтелдерді құрастырып, оқу, мағынасын ашу.

1 – топ. Су – тіршіліктің көзі

2 – топ. Судың да сұрауы бар

3 – топ. Сулы жер – нулы жер

Сонымен бүгінгі сабағымызда нені білдік?
* Өсімдік өсу үшін қандай қажеттіліктер бар екен?
* Топырақты тыңайту үшін нелер керек?

– су, топырақ, ауа, жылу

(гүлдер)

Бағалау: 3 мин. «Күн шуақтары» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау (қызғылт — өте жақсы, сары — орташа, жасыл — төмен).
Үйге тапсырма 2 мин.
  • Өсімдікке су және топырақ керек. Мәтінін оқып, мазмұндау
  • «Су – тіршіліктің көзі» тақырыбында шағын шығарма жазу.
Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Тілашар» ертеңгілігі.

Мақсаты:

1. Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту.

2. Мақал – мәтелдер, өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.

3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер

Сабақтың барысы:

Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!

Міне,бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі мерекелеріңіздің куәгерлері 1сынып оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар.Ендеше,бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтары, қадамдарыңа сәттілік тілей отырып ортаға шақырайық.

І.Кіру сәті — музыкамен алдымен 6 жастағылар, соңынан 7 жастағылар кіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады

Ән менен күй көңіл шіркін тасады,

Той деп келген қонақтарға мың рахмет

Ақ жаулықты аналар той шашуын шашады.

(Әжелер шашу шашады )

«Тілашар» мерекесін ашу, құттықтау сөз мектеп бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Кулушева Акмарал Закарияқызына беріледі.
Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Оқушыларға кезек беріледі.

Назым

Шашу шашты әжелер,

Сылдырлатып теңгелер.

Тойымыздың шашуы,

Сәт сапарға тең келер.

Бибигуль

Оқушының мойнына

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма

Тойымның аты — Тілашар

Қадыржан

Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам асыға.

Ғабдысалауат

Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.
Милана

Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы боламыз.

Ән » Біріншіге барамын «

Ғабит

Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді,
Білім жиып өсемін.
Төгіп адал терімді.
Мен мектепке барамын.

Аделя
Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.

Надежда

Бар байлықты басқарып,

Оқу – білім тұрады.

Кітапты көп оқыған

Білімді боп шығады.

Ілияс

Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды.

Тану үшін ғаламды-

Мектеп керек адамға!

Мұғалім:

Балалар,біз енді келген қонақтарымызға өзіміздің биыл қайдан келгенімізді, нені үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетейік. Балалар, біз биыл қайда келдік?

Оқушылар: Біз мектепке келдік.

Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер?

Оқушылар: Біз оқу үшін келдік.

Мұғалім: Біз қазір қайда отырмыз?

Оқушылар: Біз сыныпта отырмыз.

Мұғалім: Мектеп туралы қандай тақпақ білеміз? Қане, айтып жіберейік.

Зармина

Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.

Багдар

Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.

Данияр

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

Едил

Армысың, мектеп ар — бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.

Гүлсезім
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала мен қаланың,
Мен мектепке барамын.

Тимур

Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.

Ералы

Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.

Мерей

Мен тілеймін ұстазыма
Өмір — думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.

Ән «Сәлем саған, мектебім «

Милана
Пайдаң тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз.

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Назым
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.

Аделя

Барлық бала таң қалып,

Әліппені ашады.

Сөз құраған әр әріп

Білім нұрын шашады.

Би «Полька «.

Ал, ендеше оқушыларымыздың барлық пәндер бойынша білімдерін тексеріп көрейік.

1.Жұмбақ шешу:

Дүниетану сабағында біз табиғат, табиғатты нелер құрайтынын біліп, табиғат құбылыстарымен таныстық. Қазір табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтарды шешіп көрейік.

1.Ағаштарды шайқайды, 2. Шашылды көктен ақ моншақ

Көзге көрінбейді Жоғалды біздер тапқанша – ақ (бұршақ)

Шарлағанды сай-сайды

Бір сәт ерінбейді. (жел)

3.Әуеде ақ мамық 4. Аспанды от қамшы осады,

Қалпақтап ұшады Ащы үнін ышқынып қосады (найзағай)

Қанаты талып,

Жерді барып құшады. (қар)

5. Зәулімде тұрағы, Тіреусіз тұрады. (бұлт)

6. Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады (аяз)

7. Ұрмай соқпай жылатады, Әркім бірақ ұнатады (пияз)

8. Түскенде алтын күз, Жинадық алтын тіс (бидай)

9. Тігіп алып көк шатыр, Қызылкүрең доп жатыр (қызылша)

10. Доптар жатыр желісі бар, Қабат- қабат терісі бар. (орамжапырақ)

11. Жазда жайнайды, күзде жайрайды (жапырақ)

12. Қысы жазы шешпейтін, көйлегі бар жасылдан.

Өзгертпейді еш кейпін, жаралғандай асылдан (шырша)

13. Күндіз атады, кешке батады (күн)

14. Түнде көп, күндіз жоқ (жұлдыз)

15.Бейнесі суда дірілдейді, бірақ қармаққа ілінбейді (ай)

Мұғалім: Жарайсыздар, балалар. Ал, енді кім маған айтып береді , біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?

Оқушылар: Елордасы – Астана қаласы.

Мұғалім: Ал, ендеше біз сауат ашу кезеңінде қандай білім алғанымызды көрсетейік.

а) «Астана» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

ә) А, о, р, ш, с, у, ы, д, т, м, н, ң, ғ, ж, і, ә, ө, қ, к дыбыстарын дауыстыға, дауыссызға бөл.

б) Берілген буындардан сөз құра: ла, да, ты, са, ма, то, ор, ал, ау (дала, саты, маса, тоты, алты, сала, алма, алда, орта, аула)

Мұғалім: — Міне мұнда көп әріптер кеспесін әкелдім, қане бір- бірден шығып өздерің қалаған әріптерді алыңдар. (Оқушылар әр түрлі тапсырма орындайды).

Орындауға дайынсыңдар ма?

— Қандай дыбыс?

— Сөздің қай жерінде келеді?

– Қолдарыңдағы әріптерден басталатын сөздер айтыңдар.

— Ол сөздерді буынға бөліңдер.

Қолдарыңдағы әріптерге басқа әріп қосып, қандай буындар құрауға болады?

  • Қолдарыңдағы әріптердің жазба түрін тақтаға жазып беріңдер.

Дауысты, дауыссыз екеніне байланысты бордың түсін дұрыс таңдау керексіңдер.

3.Математикадан алған білімдерімізді тексереміз.

— Қандай сызықтар?

— Б. ж. (түзу және қисық сызықтар)

— Ал мыналар ше?

0 1 2 3 4 – бұлар сандар.

+ – қосу азайту амалдары

= < > тең артық кем

2 + 1 2 – 1 өрнектер

2 + 1 қосынды 2 – 1 айырма

2 + 1 =3 теңдік

2– қосылғыш

1– қосылғыш

3- қосындының мәні

2 – 1 =1 теңдік

2 – азайғыш

1 – азайтқыш

1– айырманың мәні

Көрініс:»Мақта қыз бен мысық»

Ғабдысалауат

Асыл сөзін тілімнің,

Бойға құйған Әліппе.

Нақ бастауы білімнің,

Қырық екі әріпте.

Қадыржан

Әліппені ұстап мен,

Мақтанбаймын мен текке.

Дайын дәптер қаламым,

Жақсы оқушы боламын.

«Әке, шеше және мен»

Баласы «Әліппе» оқулығын алып, оқи алмады, сонсон анасына барады да, «Шеше, шеше «Әліппені» оқуға көмектесші!» дейді, шешесі әкесіне жұмсайды, өзі ыдыс жуып жатады, ал әкесі газет оқып, өзі теледидар көріп отырады, ол баласына «Шешеңе бар, менің қолым тимейді, қазір бокс көрем» дейді, ал баласы екінші рет шешесіне келгенде, шешесі баласына ұрысып жібереді, бала жылап кетеді.

(Ата-аналарға балаға көңіл бөлулерін сұрайды).

Мұғалім: Қазір ата-аналарымыздың арасында мақал- мәтел сайысын өткіземіз.

Ережесі: Мен мақалды бастаймын, ата-аналар жалғасын білсе қостайды.

  1. Ел көркі – мал, өзен көркі – тал.
  2. Ырыс алды – ынтымақ, 4. Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

Ынтымақ — ырыс қазығы.

  1. Әдепті бала – арлы бала, 5. Отан – қуат, отбасы – шуақ.

Әдепсіз бала – сорлы бала.

6. Еңбегің қатты болса, Татқаның тәтті болады.

7. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

8. Өнерлінің өрісі кең.

9. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

10. Байлықтың атасы – еңбек,

Анасы – жер.

11. Білім – теңіз, мектеп – кеме.

12. Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.

13. Күш – білімде.

14. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.

Мұғалім: Біздің еліміз қалай аталады?

Оқушылар: Біздің – қазақстан Республикасы.

Мұғалім: Балалар, Қазақстан – біздің сүйікті атамекеніміз. Еліміз егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Елбасы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып саналады.

Ән «Менің Отаным»

Ілияс

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі,

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.

«Достық» биі.

Мұғалім :

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сендердей өренді

Білімнің нәрлі сырына.

Болдыңдар енді оқушы.

Міне оның дәлелі.

Тағайын бүгін сендерге

Оқушы деген белгіні.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Құтты болсын қарағым,

Оқушыдеген жаңа атың.

Құрметті оқушылар енді осы атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деген сеніммен, ертеңгілігімізді аяқтаймын.

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы

Шыңғырлау ауылы

Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Тукенова Алмагуль Абаевна

Сыныбы: 2 «а» Математика
Тақырыбы: Заттың массасы. Заттардың саны және массасы.
Мақсаты: 1.Интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін қолдана отырып шама ұғымын қалыптастыру — бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса.Көбейту кестесін жатқа білуін талап ету. Геометриялық фигураларды ажырату және периметрін табуды қайталау. Оқулықпен жұмыс істеу.

2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы ойды дұрыс жеткізе білу дағдыларын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру, өздігімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың топтық, жеке жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарап, күнделікті өмірде пайдалана білуге, деңгейлік тапсырмаларды орындай білуге, өз пікірін еркін айтуға, өзгенің пікірін құрметтеп тыңдауға үйрету.

Күтілетін нәтиже: А)Шама ұғымы туралы түсінік қалыптасады.
В) Өздігімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
С) Деңгейлік тапсырмаларды орындай білуге, өз пікірін еркін айтуға үйренеді.
Тапсырмалар: Жаңа тәсілдер:«Ортадағы қаламсап», «Кезбе тілші»

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: топқа бөлу

АКТ қолдану: визуалдандыру,белсенді тақтамен жұмыс

Оқыту формасы: Жеке, жұптық,топтық, жаппай

Құрал-жабдықтар Электрондық оқулық, флипчарт,
Бағалау: Формативті бағалау:

«Бағдаршам», «Басбармақ», смайликтер арқылы бағалау. Критерий бойынша бағалау

Кері байланыс:

«Нысана» әдісі

Сабақтың барысы: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе: 2 мин 1.Психологиялық ахуал.

Оқушылармен сәлемдесу

«Қайырлы күн» деп айтамыз
Бір болып кеште қайтамыз.
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз

Оқушыларды топқа бөлу.

  1. 3*2, 2*6, 4*2, 3*3, 2*9, 3*8
  2. 16:4, 8:2, 9:3, 18:9, 15:3, 3:3
  3. 60+20,80+10,9+9,8+8, 8+7

Топ ережесін қайталау.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.

Шаттық шеңберіне тұрып бәрі бірге өлең айтады.

Оқушылар берілген қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді.

1.Көбейтінді

2.Бөлінді

3.Қосынды

Үй тапсырмасы: 5 мин. Үй тапсырмасын ауызша тексеру
Тұсаукесер: 7 мин. 2.Ой қозғау

  • Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
  • Көктем мезгілінде адамдар қандай қызмет атқарады?

-Дұрыс, балалар.

— Абай атамыз: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп айтқандай, біз бүгінгі сабағымызда үлкен, әдемі үй саламыз. Үйді салуға бізге бірнеше мамандар көмектеседі, ол үшін біздер олардың тапсырмаларын орындауымыз керек. (Сылақшы, сәулетші, шатыр салушы, құрылысшы, бағбаншы, әрлеуші)

Күннің жадын жаздырту.

Көркем жазу минуты.

Ендеше, әрлеушінің тапсырмаларын орындап көрейік.

1) Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

2) Ауызша есептеу

«Ортадағы қалам» әдісі бойынша

2*2, 2*8, 3*5, 3*7, 4*4, 2*5 т.б.

3) Математикалық диктант
12 мен 2-нің бөліндісі;

1 тәулікте неше сағат бар?

3 пен 1-дің көбейтіндісі;

2 ғасырда неше жыл бар?

10 мен 0-дің көбейтіндісі;

1 ц-де неше кг бар?

1 тоннада қанша кг бар?

1 кг-да неше грамм бар?

Көктем мезгілі

Айналаны тазартады, ағаштар, гүлдер отырғызады, үйлер салады.

(фигураларды флипчартпен көрсету)

6

24

3

200

0

100

1000

1000

Негізгі бөлім: 25 мин 3.Жаңа сабақ

Электрондық оқулық

Бүгін біз сабақта көбейту кестесін қайталап, заттың массасын табуға үйренеміз.

Тақтамен жұмыс. Сәулетшінің тапсырмасы.

№ 1.Қосындыны көбейтіндімен алмастыр. Оның мәнін тап:
Ітоп: 1-деңгей
1+1+1+1

0+0+0+0
ІІ топ: 1-деңгей

4+4+4+4

5+5+5+5

ІІІ топ: 1-деңгей

6+6+6+6

7+7+7+7
№ 2. Құрылысшының тапсырмасы
Есептерді салыстыр. Қорытынды жаса.
Ітоп: 2-деңгей

Әр дорбадан 2 килограмнан қант бар. 4 дорбада неше килограмм қант бар?

ІІ топ: 2-деңгей

8 кг қантты әр дорбаға 2 килограмнан бөліп салды. Қанша дорба керек болды?

ІІІ топ: 2-деңгей

8 кг қантты 2 дорбаға тең бөліп салды. Әр дорбаға неше килограмм қантсалынды?

Сергіту сәті.
4. Логикалық есептер шешуШатыр салушының тапсырмасы
1топ: 3-деңгей

  1. Желтоқсан айы. Есік алдында 3гүл гүлдеді.
    Содан кейін 3 гүл гүлдеді. Барлығы қанша гүл гүлдеді?
    2. Ұшақ Оралдан Ақтөбеге дейін 1сағат 10минут, ал қайтарда 70минут ұшқан. Ол қалай ?
  2. ІІ топ: 3-деңгей 1.Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оның 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
    2.Тұз артылған есек пен мақта артылған ат өзеннен жүзіп өтті. Есек судан шығысымен ойнақтап жүгіріп кетті. Ал, ат болса, төрт тағандап жатып қалды. Неліктен?
    ІІІ топ: 3-деңгей
    1.Таразы табақшасында 2 аяғымен тұрғанда қаз 5 кг болды. Бір аяғымен тұрғанда неше кг болады?
    2. Ата мен әженің 5 баласы, 3ешкі, 2 қойы, 2 түйесі бар.Олардың неше баласы бар?

5. Топтық жұмыс. Сылақшының тапсырмасы.

Өрнек түрінде жаз. Сандық өрнектердің мәндерін тап.
І топ: 90 мен 80-нің айырмасын;

Белгісіз сан мен 70-тің айырмасын;

Белгісіз сан мен 30-дың қосындысын 5-ке бөлуді.

ІІ топ: 25 пен 30 сандарының қосындысын; Белгісіз сан мен 4-тің көбейтіндісін;

15 пен 3 сандарының бөліндісіне 73-ті қосуды;

ІІІ топ: 17 мен белгісіз санның қосындысын;

4 пен 3 сандарының көбейтіндісін;

60 санынан 5 пен 4-тің көбейтіндісін азайтуды;

Сұрақтарға жауап береді.

Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау», «Топты бағалау», өзін-өзі бағалау, «Басбармақ»

арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Қорытынды 3 мин. 6.Тест тапсырмасын орындау. (бағбаншының тапсырмасы)

1. Сексен санының дұрыс жазылуын көрсет
А) 88Ә) 80Б) 8
2.Заттың салмағы қалай өлшенеді?
А) смӘ) кгБ) м
3.Әріпті өрнекті көрсет
А) а+8Ә) 4+6Б) 10 — 6
4.Тік төртбұрыштың периметрін тап. Ұзындығы — 6см, ені — 3см
А) 18смӘ) 12смБ) 9см

5. 3 пен 5-тің көбейтіндісінің мәні:

А) 10 Ә) 15Б) 50

-Ендеше бүгін салған үйімізге назар аударайық, қандай әдемі болды, себебі сендер маман иелерінің барлық тапсырмаларын орындап шықтыңдар.

«Кезбе тілші» әдісі бойынша қорытындылау.

80

кг

а+8

18 см

15

Бағалау 2 мин. Критерий бойынша бағалау.

Кері байланыс «Нысана»

Үйге тапсырма 1 мин. №7, 225 бет Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Әдебиеттік оқу

Сабақ өтілетін күні: 5 наурыз 2016 жыл
Сабақ тақырыбы: Әдебиеттік оқу 2 — сынып. Наурыз көже (Н.Қазыбеков)
Жалпы мақсат: Наурыз мейрамы жайында түсінік беру. Наурыз көженің құрамымен таныстыру.
Нәтижесі: 1.Тірек сөздерді таба біледі.

2.Мәтін мазмұнын түсінеді.

3. « Наурыз» сөзінің мағынасын ашады.

4. Наурыз көженің құрамын біледі.

Сабақта қолданылған модульдер, әдіс-тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Талантты және дарынды балаларды оқыту, Блум таксономиясы.
Сілтеме: Әдебиеттік оқу 2 сынып Атамұра 2013жыл.

Н. Қазыбеков өмірі мен шығармашылығы.

Сабақта қолданылатын материалдар: Power Point презентациялар ,слайд, түрлі түсті қағаздар стикерлер, маркерлер, бетшелер, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Психологиялық дайындық Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де!

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!

Үй тапсырмасын тексеру

Білу

«Кір жаятын жіп» әдісі

Оқушыларға «Ұзынсары» мәтіні бойынша тірек сөздер жаздырту.

Оқушыларды қызыл, сары, көк түсті қағаздар таңдату арқылы топқа бөлу.

«Миға шабуыл»

Наурыз туралы бұрыннан білетіндерін еске түсірту, сызбаға толтырту.

Наурыз

Жаңа сабақты меңгерту

Нұрқасым Қазыбеков туралы мәлімет беру.

Үй тапсырмасы бойынша жазған тірек сөздерді айтады, мәтін мазмұнымен сәйкес келетін жерін әңгімелеп береді, сөзді іледі.

Түстерді таңдау арқылы оқушылар топқа бөлінеді, топ ережесін еске түсіреді.

Наурыз жайында білетіндерін еске түсіреді, сызбаға түсіреді, жұмыстарын қорғайды.

Автор туралы мәлімет алады.

Түсіну «Джигсо» әдісі

Талқылау сұрақтары:

-Наурыз сөзінің мағынасы қандай?

-Қазақ халқы наурыз күнін басқаша қалай атаған?

— «Ұлыстың ұлы күнінде адамдар не істейді?

Наурыз тойының мақсаты қандай?

— Наурыз тойында не пісіріледі?

— Наурыз көже жасау үшін нелер қажет?

— Наурыз көжені не үшін жасайды деп ойлайсың?

Оқушылар мәтінді жеке түсініп оқиды;

Жұппен бір-біріне түсіндіреді;

Баяндамашы топқа түсіндіреді.

Оқығаны, түсінгені бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәті Наурызға арналған ән Бойларын сергітеді
Қолдану Тауып оқу.

-Наурыз жайында айтылған жолдарды тауып оқы.

-Наурыз тойының мақсаты жайында жазылған жолдарды тауып оқы.

-Наурыз көженің жасалу жолы жайында жазылған жолдарды тауып оқы

« Қара –жап-айт –жаз- тексер»

Наурыз көже құрамы:

Бидай,тары,қамыр,бұршақ,ет, тұз сүт.

Кездесуге келген әжей наурыз көженің жасалу жолымен таныстырады.

Мәтіннен тауып оқиды.

Наурыз көженің құрамын

жазады.

Наурыз көже құрамы туралы білімдерін толықтырады.

Талдау Сәйкестендір

Наурыз тілейді

Жақсылық 7 дәмнен құралады

Наурыз көже жыл басы,жаңа күн

Өкпе-араздық құшақтасып көріседі

Жас-кәрі ұмытылады

1-ші бағандағы сөздерді 2-ші бағандағы сөздердің тиістісімен сәйкестендіреді.
Жинақтау «Бес жол өлең» стратегиясы

1 топ наурыз

2 топ наурыз көже

3 топ көктем

Бес жол өлең арқылы ой қорытады.
Бағалау Табыс критерийін толтырту Жинаған ұпайларына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма Мәтінді түсініп оқу. Наурыз мерекесі жайында ізденеді.
Кері байланыс Тақырып бойынша түсінген, түсінбегенін стикерге жазып ілу.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s